ния монгольского происхождения. Известия АН ҚазССР. Се
рия филологии и искусствоведения. Вып. I (11), 1959, 96 беті).
Зерттеуші Ж. Болатов та осы пікірде («Ж. Болатов, Шыгыс
Қазақстан облысы қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер
туралы.«Қазақ тілі мен диалектологиясының мэселелері»,
жинақ, 5 шығуы, 1963, 187 беті).
Монғолша-қазақша сөздікте
х а м а р сөзінің төрт мағынасын берілген: біріншісі - мұрын,
төртінші - шығанақ (суга кіріп тұрған аласа жүлге жер)
(С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-қазақша сөздік. Уланбатор,
1954, 259).
Міне осындағы мурып негізгі мағынасы болса,
шығанақ дегені ауыспалы магына. Ал сөз аяғында монгол
тілінде
а болып, қазақ тілінде
қысаңдануы жиі кездесетін
құбылыс: Ураг-урық, домбор-домбыра, цохио-шоқы, цацар-ша-
тыр т. б.
ЧАРЫН - Алматы облысындағы Ілеге құятын өзен аты. Ғ.
Қоңқашпаевтың пікірі бойынша
бұл гидроним XIV ғасырдан
белгілі. Жергілікті тұрғындар бұл сөздің магынасын түсінбейді.
АлоныңескімагынасыШ ынжаң-Үйғыр автономия облысындағы
ұйғырлардың тілінде сақталған: чарын-ясень (қазақша шетен)
деген сөз. Сол жерде болған ғалым Г. Грум-Гржимайлоның
сөзіне қарағанда шарбақ жасау үшін шетен агашын отырғызатын
көрінеді. Оның үстіне осы Чарын өзенінің бойында элі де ше
тен ағашының шоқтары өседі. Сондықтан өзенің аты осы
агаштың атына қойылған (Г. Конкашпаев. Некоторые малопо
нятные географические названия в
Казахстане. Сб.: «Вопро
сы географии Казахстана». Вып 9,
Алма-Ата, 1962, 240 беті).
Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі толықтыра түсуді қажет етеді.
Чарун
сөзін М. Қашқари яғма тілінде «чинар дарақты» деп түсіндірген
(М. Қашқари, I, Ташкент, 322). Ендеше бүл ағаш аты көне түркі
тілдерінде болтан. Ал ш а р а н сөзі башқұрт тілінде балық ұстау
үшін өзенге қүрылып қойылатын шетен екенін айтуымыз керек
(Башкирско-русский словарь. М., 1958, 655 беті). Бурят-монғол
тілінде ш о р о н сөзі сырғауылдан қатар-қатар қағылған қазық.
216
Сөйтіп, бұл тілдерде чарын деген
ағаштан жасалған құрал аты
ғана сақталған болуы керек.
ШАБАРТЫ - Шығыс Қазақстандағы Зайсан көлінің
терістігіндегі жер аты. Академик В. В. Бартольд Жетісуда Ша-
барты
деген жер бар екенін, ол монгол тілінен шыгатынын
айтқан. Ал Ғ. Қоңқашпаев бұл монғолдың «балшықты, сазды»
деген сөзі деп конкретті көрсетті (Г. Конкашпаев. Географи
ческие названия монгольского происхождения. Известия
АН
КазССР. Серия филологии и искусствоведения. Вып. I (11),
1959, 97 беті). Монғолша-қазақша сөздікте де
шавар - балшық,
Достарыңызбен бөлісу: