Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


шавартах - балшықтау, батпақтау деп аударылган (С. Хаб-  шай, Ә. Мініс. Монғолша-қазақша сөздік. Уланбатор, 1954, 353  беті). Монғолдың -ту//тай



Pdf көрінісі
бет139/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

шавартах - балшықтау, батпақтау деп аударылган (С. Хаб- 
шай, Ә. Мініс. Монғолша-қазақша сөздік. Уланбатор, 1954, 353 
беті). Монғолдың -ту//тай жұрнағы қазақша -ты жұрнағына 
айналған, магынасы да бірдей.
Шабар//шавар//сабар//шибер//сибирь 
сөзінің 
тара- 
лу аймағы өте кең екендігі жэне мұның өзі монгол тіліндегі 
«батпақ» сөзінен алынуы мүмкін екендігі өзбек топонимигі 
С. Қараевтың сөздігінде айтылған (С. Караев. Топонимик луғат. 
Ташкент, 1970, 105-109 беттері). Бірақ бұл пікір әлі де зерттей 
түсуді қажет етеді.
Ш А ҒА Н - Қазақстанда жиі кездесетін атау: Семейдің 
төменгі сол жағында Ертіске құятын өзен, Жайық өзенінің оң 
құйылысындағы өзен, Муғажар тауының оңтүстігінен ағатын 
өзен аты. Сары Шаған - Іле өзенінің оң құйылысындағы 
өзен, Шағанбұғы - Жоңғар Алатауындағы тау аты, Шағаноба- 
Шығыс Қазақстандағы өзен, Шағанши - Оңтүстік Алтайдағы 
жер аты т. б. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша Шаған монғол- 
дың цаган (ақ) деген сөзінен бұрмаланган атау (Г. Конкашпаев. 
Географические названия монгольского происхождения... Из­
вестия АН КазССР. Серия филологии и искусствоведения. 
Вып. I (11), 1959, 96 беті). Монголша-қазақша сөздікте цага- 
ан сөзі ақ деп аударылган (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монголша- 
казақша сөздік. Уланбатор, 1954, 321 беті).
217


Монгол тіліндегі ц дыбысының қазақ тілінде ш дыбысына ау- 
ысуы заңды құбылыс: цай-шэй, цацаг-шашақ, цулбуур-шылбыр 
т. б. Ал қазақ тілінде Шаған атауы айтылганда, оның монгол 
тіліндегі мағынасы мүлде ұмытылып, тек жер атауы есебінде 
ғана түсініледі.
Мұнда мағыналық информация жоқ. Сол себептен де Сары 
Шаған атауы орын алған. Сонымен Шаған сөзі монгол тілінен 
кірме атау.
Ш АҒАНДАБА - Шыгыс Қазақстан облысындағы кезең, асу 
аты. Бүл монғолдың цаган/ак/+давааа /кезең/ деген сөздерінен 
жасалған (С. Хабшай, Ә..Мініс. Монғолша-казақша сөздік. Улан- 
батор, 1954, 71, 321 беттері). Мүндағы дава(н) сөзімен түркі 
тілдеріндегі төбе сөзі түбірлес (Көкдаба атауын қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет