Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет140/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144
Ш АЙ Қ¥ЙРЫ Қ (айтылуы Чайқұрүқ) - Жамбыл облысы, 
Жамбыл ауданы, Жамбыл ауыл советіне қарасты қыстақ. Атау 
екі компоненттен тұрады. Бірінші компоненті чай түрінде 
«өзен», «өзенше» мағынасында огуз тобына жататын азербай- 
жан, түрік, түрікмен тілдерінде кездеседі. Қазақ тіліндегі са й
сөзі де осының дыбыстық варианты. Ал екінші қ ұ р ұ қ сөзі түркі- 
монғол тілдерінде қүр деген түбірден тарап, эр түрлі вариант- 
та кездеседі: көне түркі тілдерінде қүрүғ//құрү (Малов. ПДП. 
М.-Л.. 1951, стр. 415; ДТС, Л., 1969, стр. 469; М. Қашқари, I, 
стр. 198), түрік тілінде қ ұ р у , азербайжан тілінде г у р у , түркмен 
тілінде г у р ы , қырғыз тілінде құру . Қазақ тілінде қ ұ р ғ а қ , ал- 
тайтілінде к у р г а к , ту ватіл ін д ек у р гаг. Соңғы қ ұ р ғ а қ сөзінің 
түбірі к ү р / ү / ғ екенін дәлелдеп жатпасақ та түсінікті. Ал сөздің 
көне қ ұ р ү қ формасы өзбек, үйғыр тідерінде сақталған. Тува 
тілінде сөз х у р у г формасы да қолданылады. Бурят-монғол 
тілдеріндегі х у у р а й (сухой) қалмақ тіліндегі х ү ү р ә сөзі де 
осы мағынада.
Сонымен топонимнің бірінші компоненті ш а й / / ч а й огуз 
тілдеріндегі «өзен» «өзенше» дегенді, білдіріп, қ ұ р ұ қ / / к ұ р ы қ
сөзі қ ұ р ғ а қ мағынасын беретін коне форма.
218


Бұл атау қазіргі топонимдерде Қ ұ р ұ қ ч а й (Құрғақсай) бол- 
май, неге Ч а й қ ұ р ұ к түрінде жасалган деген сұрақ туады. Бұл 
сұраққа жауапты проф. Қ. Жүбановтың еңбектерінен табуға 
болады. «Қазақ сөйлеміндегі сөз тәртібінің тарихынан» деген 
еңбегінде автор бы лай дейді:
«Общеизвестно, что в казахском предложении существует 
довольно строгий порядок расположения слов. Незыблимый за­
кон размещения членов предложения, общий для всех тюркских 
языков может быть сформулрован в следующем виде: определе­
ние предшествует определяемому, дополнение - дополняемому, 
и все предложения - сказуемому.
Однако этот порядок расположения слов, очевидно не был 
изначальным. Ибо в самом современном казахском языке на­
лицо значительные перебои, что заставляет задумываться 
над причинами подобного нарушения норм существующего 
синтаксиса языка и видеть в них образцы норм, некогда господ­
ствовавших, но затем вытесненных новыми» (X. Жубанов. Ис­
следования по казахском языку. Алма-Ата, 1966, стр. 33).
Бұдан кейін проф. Қ. Жубанов күн үзаққа деген тіркесті 
(қазіргі тіл заңы бойынша ұзақ күнге болуы керек еді - дейді 
автор) талдай келіп, ертеде анықтауыш сөз анықтайтын сөздің 
алдында емес, соңында тұрған деген қорытындыга келеді 
(Сонда, 36 беті).
Осы пікірін дәлелдеу үшін автор ономастикалық ата уларға 
біраз шолу жасайды. Қүнсұлу, Айсұлу, Таңсұлу, Күнжарық, 
Айжарық, Таңжарық сияқты атаулар қазіргі тілдің заңы бой­
ынша Сұлукүн, Сүлу-ай, Сұлу-таң, Жарық-күн, Жарық-ай, 
Жарық-таң болуы керек еді, бірақ бірінші қатардағыдай сұлу, 
жарық анықтауыштарының анықтайтын сөздің соңынан келуі 
- ертедегі сөйлем ішіндегі сөз тэртібін көрсетеді деп түйеді 
автор (сонда, 37-38-беттер).
Қ. Жүбановтың осы айтқандарынан жоғарыдагы атаудың 
Құруқ-чай (қүрғақсай) болмай, Чайқүрүқ (Сай-қурғақ) түрінде,
219


яғни көне формасында сөз тәртібі жағынан да сақталганын 
қорытындылауға болады.
Бұл атаудың мысалынан Чайқұрұқ топонимінің морфо- 
логиялық та, синтаксистік те көне форманы сақтап қалғанын 
аңғаруға болады. «Су аяғы - құрдым» дегендегі «құрдым» 
сөзінің де түбірі - «құр». Оның үстіне осы жерде кішкене сай 
болғанын, оның суы құрып кеткенін экспедиция материалдары 
да дәлелдеп отыр. Сонымен Ч ай (огуз формасы)+қүрүқ (көне 
түркі форм асы )>Ш айқүры қ этимологиясын лингвистикалық 
та, географиялық та, тарихи да (бір кезде бүл жерде огуз тайпа- 
лары болғанын ескерсек) деректер дэлелдеп беріп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет