Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет141/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144
ШАЛДУАР - Жамбыл облысы Мерке ауданындағы жер
станция аты. Бұл сөздің мағынасы өзбек жэне қырғыз тілдерінде 
сақталған. Өзбекше: « ч а л д и в о р . разг. заброшенный, запущен­
ный двор, развалины» (Узб.-русский словарь. М., 1959, стр. 
513). Қырғызша: « ч а л д ы б а р зат. қандай да бір бүтін нэрсенің 
қирап, бүлінгендегісі, қирап бүлінген қалдығы. Чалдыбары 
чыгуу - бұзылу, тамтығы шығу, керектен шығу. Бүл үй чалдыба­
ры шыққан ескі үй екен (Бөкенбаев). (Қырғыз тілінің түсіндірме 
сөздігі. Фрунзе, 1969, 678 беті)».
Академик К.К. Юдахин бұл сөзді былай түсіндіреді:
«Чалдыбар ир. 1. старые развалины, руины (остатки древних 
поселений), каланын чалдыбары развалины города; үйдүн 
чалдыбары развалины строения» (К.К. Юдахин. Киргизско- 
русский словарь. М., 1965, стр. 839).
Соңгы берілген түсінікте ир (иран) деген белгі тегін 
қойылмаған, өйткені сөз этимологиясын иран тобына жататын 
тәжік тілінен табуға болады.
Біздіңше чалдыбар//шалдуар атауы тәжікше чала+девор 
деген сөздерінен жасалған: «Чала разг. 1. недоделанный, не­
законченный, незавершенный; сделанный наполовину; непол­
ный... 2. наполовину; не до конца» (Таджикско-русский словарь. 
М., 1954, стр. 436). «Девор - стена; забор, ограда; девори лоин
220


глинобитная стена; девори сангин, камеыная стена...» Там же, 
стр. 126).
Сөздің бірінші бөлімі ш а л а түрінде қазақ тілі де бар. 
Сөз соңында а дыбысының түсіп қалуын тэ тіліндегі чолоб 
(сонда, 445 беті) сөзінен де байқау болады: чол/а/+об /су/- 
чолоб яғни «шала су» деген мағына білдіреді. Қазақтагы ш а- 
л а п айранға су қосып жасалатыныны белгілі. Ал атаудың 
екінші компоненті д е в о р орыстіліндегі д в о р сөзіментүбірлес. 
Сөйте жоғарыдағы топонимнің этимологиясын былай көрсе- 
туге болады: чала+девор>чал/а/девор> чалдевор>чалды вар> 
чалды бар>Ш алдуар.
Сөйтіп бұл атау «ескі қаланың орны» деген мағынаны 
білдіреді.
Ш АР - Семей облысындағы өзен аты, басы Қал тауынан 
шығып, Ертіске құяды. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша 
бұл монғолдың сары не болмаса өгіз деген сөзінен қойылған. 
XVIII ғасырда Ш ар өзені Г у р б ан -Ш ар аталған. Осындагы 
гурбан-монғолша үш деген сөз. Сонда өзен аты үш сары де- 
генмен байланысты ма, болмаса үш өгіз дегенге сай ма? Үш 
сары деген өзеннің үш саласына байланысты болуы да мүмкін, 
болмаса үш ө г і з деген ө г і з г е байланысты оқиғаға да қойылу 
ықтимал (Г. Қонкашпаев. Географические названия монголь­
ского происхождения... Известия АН ҚазССР. Серия филологии 
и искусствоведения. Вып. I (11), 1959, 96 97 беттері). Мұнда 
Ғ. Қоңқашпаев өз пікірін дэл басы ашық айтпаған.
Біздің ойымызша, осы Ш ар «сары» мағынасына қойылған 
болуы керек. Бұл ертедегі түркі-монғол тіл бірлестігі кезеңінен 
қалған сөз болуы ықтимал. С мен дыбыстарының алмасуы- 
монғол мен түркі тілдерінің арасында да, түркі тілдерінің 
арасында да, түркі тілдерінің өз ішінде де жиі кездесетін 
құбылыс. Мысалы, монгол мен қазақ тіліндегі мынадай сөздерде 
ш/с алмасуы бар Шавар - сабыр (батпақ) шалтах - сылтау, шийр 
-сирақ, ширдэг - сырдақ, сырмақ, шонхор - сұңқар шор - сор,
221


шел -сел , шулых - сылу, шунгах - сүңгу т. б. Сондықтан ш ар
сөзінде монгол тілінің түрі сақталуы ықтимал да, ал атаудың 
қойылуы өте ертеден болуы керек. Ш ар атауында қазір ин- 
формациялық мэ жоқ, тек белгілі бір өзеннің, селоның т. б. 
аты есебінде ғана түсініледі. Алғашқы с а р ы мағынасы мүлде 
ұмытылған.
ШАРДАРА - Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқүм 
ауданындағы елді пункт аты. Қазір бұл жерде Ш ар д а ­
р а су қоймасы орналасқан. 1959 жылдан Ш а р д а р а су 
қоймасының құрылысы басталуына байланысты Қазақ ССР 
Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындагы Тарих, ар­
хеология жэне этнография институты археологиялық зерт- 
теулер жүргізді. Шардара топонимінің этимологиясы тура- 
лы Е. Қойшыбаев пен А.Г. Максимова арнаулы мақала жазды 
(О топониме Шардара. Известия АН ҚазССР. Серия обще­
ственная. № 5, 1967). Олардың пікірінше бұл топоним екі 
компоненттен 
жасалған: 
й а р / / ч а р / / ж а р + д а р ь я .
Мүның
алғашқы ч а р белімі (қазіргі қазақ тілінде шар болып айты- 
лады) көне түркі сөзі де, екінші дара сыңары иранның д а - 
р и я сөзінен өзгерген түрі. Авторлар мұндағы чар формасын 
көне түркі тілінің ч о к а н ь е қүбылысымен байланысты деп 
қарайды. Авторлар мақаласында Шардара топонимі былай 
қараганда иранның шар (төрт)+дара (қақпа) деген сөздерінен 
жасалғаны сияқтанғанымен бұл жорамал ойға қонымсыздау 
сияқты дейді. Бірақ олар бұл пікірлерін дәлелдемейді.
Біздің ойымызша, авторлар мынаны ескермеген. Шардара 
—бір топ археологтың зерттеулеріне қарағанда ескі қаланың аты. 
Ендеше оған дария (өзгерген түрі дара) сөзі қосылып қаланың 
аты (жер аты) жасалуы мүмкін емес. Екіншіден, Сырдарияның 
бұл бөлімі Шардара аталды деген де эзірге тарихи мәлімет жоқ. 
Ендеше бұл сөзден (чардария) қала аты қойылды деуге де жол 
жоқ. Үшіншіден, дария сөзінің авторлар айтқандай қазақ тілінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет