Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет136/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   144
төр деген жіңішке буынға ұруғ сөзі қосылғанда, оның яғни 
төр сөзінің жуандап кетуін де тілдік жағынан дәлелдеу қиын 
шаруа.
Сондықтан торық//торығ сөзінің мағынасы, біздің сол түсті 
білдіретін мәннен аулақ болмаса керек. Торы қыпшақ, ¥зы н 
қыпшақ, Қарабалық қыпшақ, Келден қыпшақ жэне Бұлтың 
қыпшақ деген тіркестердегі торы үзын, көлденең, бүлтын 
сөздері анықтауыш қызметін а қарып, сын есімдік қасиетті 
меңзейді. Ендеше торық шақ (көне формасы торығ қыпшақ) 
дегендегі торы с түсті білдіретін, сын есімге жататын сөз бо-
207


луы керек. Ал көне т о р ы ғ сөзінің т о р ы формасына айналуын 
дәлелдеп деп жатпасақ та түсінікті.
Сонда Торғай гидронимі екі компоненттен, яғни аты- 
нан жасалған. Бірақ оның т о р ы ғ деген бөлімі түске байла- 
нысты бір сөз деп қараймыз. Ал бұл осы т о р ы ғ т а р орыс 
жылнамаларындағы «торки» этнонимі ме, жоқ па деген мэселе 
элі де зерттей түсуді қажет етеді.
Т О Ш А Н Т Ы - Шығыс Қазақстанмен көршілес Тау­
лы - Алтайдағы өзен аты. Сол жерде экспедицияда болған 
Ж. Болатовтың зерттеулеріне қарағанда бұл монғолдың 
т о ш и н (г) (мұзды, суық) деген сөзінен жасалған. Алтай 
тілінде де тош -мұз, т о ш т ы -мұзды деген мағынаны білдіреді 
(Ж. Болатов. Қошагаш қазақтарының тіліндегі жергілікті ерек- 
шеліктер. «Қазақ тілі тарихы мен...», жинақ, 5 шығуы, Алматы, 
1962, 69-бет). Атау аяғындағы -ты түркі-монғол тілдеріндегі ту- 
ынды сын есім жасайтын көне жүрнақ. (Г.И. Рамстедт. Введение 
в алтайское языкознание. М., 1957, стр. 205). Қазақ тілінде То- 
ш и н т ы атауыньщ Т ош а н т ы түріне ауысуы бірінші буындагы 
о дыбысыньщ и дыбысына екпін арқылы эсер етуінен, яғни 
ілгерінді ықпал нәтижесінде а дыбысына айналған болуы ке­
рек. Ал -ты формасының сақталуы нт дыбыстарының ертеде 
тұрақты тізбек болғандығынан деп түсіну керек.
Т Ү ГІС К Е Н - Шығыс Қазақстан облысындағы Үлан, Жы- 
ланды жэне Байсерке өзендерінің Ертіске қүятын жері осылай 
аталады. Бұл атау жөнінде проф. С.А. Аманжолов былай деп 
жазды: «Наконец, историка и диалектолога не могут не инте­
ресовать такие факты в нашем языке, как чередование звуков 
в некоторых словах, диалектизмах, а также в географических 
названиях. Для примера беру слово Түгіскен (название местно­
сти в Уланском районе Восточно-Казахстанской области). Оно 
означает: смычка, столкновение, встретившийся. Его современ­
ный вариант - Түйіскен. В самом деле слово Түгіскен обозна­
чает место смычки, встречи или слияния трех точек: Уланки,
208


Жыланды и Байсерке: В словах Түгіскен/ЛГүйіскен мы видим 
историческое чередование звуков г//й. Когда это происходило
на базе какого диалекта? Разрешение этих вопросов пролива­
ет свет на проблему образования единого казахского языка» 
(С.А. Аманжолов. Вопросы истории и диалектологии казахско­
го языка. 1959, стр. 87). Проф. С.А. Аманжоловтың бұл топо- 
нимнің этимологиясы туралы жасаған талдауы дұрыс. Бірақ 
г//й дыбыстарының тарихи алмасуы ол кісі айтқандай 
белгілі бір диалектінің негізінде болып қойған жоқ, бұл даму 
жалпы қазақ тіліне тэн сияқты. Мәселен, мүгіз>мүйіз, 
кигіз>киіз, еге>ие т. б. өзгерістер жалпы Қазақ тілінің дамуы- 
на тэн. Ал оның көне кигіз түрі Көкшетау облысы говорында, 
еге - Оңтүстік Қазақстан говорларында сақталған.
Сонымен бүл атау Т ү г іс к е н - түрінде өзінің ескі көрінісін 
топонимде қалдырған.
¥ Л А Н Д Ы Р Ы Қ - Шығыс Қазақстанмен көршілес Таулы -
Алтайдағы өзен аты. Ж Болатовтың пікірінше, бұл - монғол- 
дьщ у л а н (қызыл), т а р а й х (қатаю, тастай болу) сөздерінен 
жасалған. Осы жерде экспедицияда; болған Ж. Болатовқа 
жергілікті халықтар бүл монғолдың «қызыл тас» деген сөздері 
деп 
түсіндірген 
(Ж. 
Болатов. 
Қошағаш 
қазақтарының 
тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Қазақ тілі тарихы мен 
диалектологиясының мәселелері. 4 шығуы, Алматы, 1962, 69 
беті). Атаудың бірінші компоненті (ұлан-қызыл) жөніндегі 
автордың пікірі дұрыс болғанымен, екінші бөлегі жөнінде 
айтқаны талас туғызады. Өйткені «қызыл тастай болу» деген 
тіркеспен атау жасалмайды. Біздіңше атаудың екінші сыңары- 
бурят-монголдың «тураг» (изюбр - бүғының еркегі) деген 
сөзі (Бурят-монгольско-русск. словарь. М., 1951, 449 беті). 
У л а н т у р а г > У л а н д ы р ы қ формасына көшуі улан сөзінің 
аяғындағы үңді 
«н» 
дыбысы өзінен кейін ұяң д дыбысының 
келуіне ықпал жасап тұр. Сөйтіп, монгол тіліндегі қатаң 
т дыбысы қазақ тілінде ілгерінді ықпал нәтижесінде д
209


дыбысына айналуы заңды. Ал сөз аяғындағы а дыбысы ал- 
дағы буындағы ы дыбысы әсерінен ы дыбысына айналған. 
Сонда бұл атау «қызыл бұғы» деген мағынаны білдіреді.
¥ЛАСТЫ - Тарбағатай тауынан басталатын өзен аты. Ғ. Қоң- 
қашпаевтың пікірі бойынша бұл монғолдың ульяс (терек) деген 
сөзінен қойылған. Шынында осы өзен бойында терек кездеседі. 
Батыс Монғолиядағы Улиастай деген қала да осы сөзден 
қойылған (Г. Қонкашпаев. Географические названия монголь­
ского происхождения.Известия АН ҚазССР. Серия филологии 
и искусствоведения. Вып. I (11), 1959, 96 беті). Монголша- 
қазақша; сөздікте улиас сөзі тораңғы, терек деп аударылған 
(С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-қазақша сөздік. Уланбатор, 
1954, 96 беті). Бұл жердегі қазақтар монғолдьщ; көп сөзін 
түсінеді, сондықтан у л и а с - терек, тораңғы деген сөз екенін 
түсініп, оған осы ағаштың өзен бойында бар екенін білдіретін 
-ты жұрнағын қосқан. Ал монгол тіліндегі бұл жұрнақтың ва­
рианты -тай, сондықтан Монголиядағы қала аты У л и а с т а й
(теректі) болған. Ұласты үшке бөлінеді: Үлкен Үласты, Орта 
Үласты, Шет Үласты. Үлкен, Орта, Шет деген сөздер өзеннің 
салаларын көрсетіп тұр. Шет Үласты деген село да бар. 
Сөйтіп, сөз этимологиясы былай: У л ьяс> ¥ л ас (терек-монгол- 
ша) + ты (туынды сын есім жасайтын, осы заттың барлығын 
білдіретін түркі тілінің жұрнағы) = Үласты.
ҮРЖАР - Семей облысының Үржар ауданындағы Алакөлге 
құятын өзен аты. Аудан жэне аудан орталығының да аты осы- 
лай аталады. Түркі тілдерінде у р / / о р / / у р а / /о р а сөздері 
«ров, яма, яма для хранения зерна» деген магынаны білдіреді 
(В.Г. Егоров. Этимологический словарь чувашского языка. Че­
боксары, 1964 г., стр. 275). Қазақ тіліндегі үра, op сөздері де 
түбірлес. Ендеше, Үржар атауы екі компаненттен жасалган. 
О р> үр +ж ар; Мұндағы ор>үр сөзі «терең», ал ж ар - «өзен» 
дегенді білдіреді. Сонымен бүл атау «терең өзен» деген мағы- 
надан жасалған.
210


Ү Й ДЕНЕ - Шығыс Қазақстандағы Сауыр жотасын жарып 
өтіп, Зайсан қазаншүңқырына құятын өзен аты. F. Қоңқаш- 
паевтың зерттеуіне қарағанда, бұл монғолдың уйдн (есік) 
деген сөзінен қойылған. Сауыр мен Маңырақ тауларын жа­
рып ететін бұл терең шатқал есік сияқты болып көрінгендіктен 
осылай атанған (Г. Қонқашпаев. Географические названия 
монгольского происхождения... Известия АН ҚазССР. Серия 
филологии и искусствоведения. Вып. I (11), 1959,95беті). Осы 
мандаты бір шатқал Есік деп аталатын көрінеді. Сондықтан 
бұның өзі де Ғ. Қоңқашпаев пікірінің дұрыстығын дэлелдей 
түседі. Ал үйдн сөзінің аяғына е дыбысының қосылуы, біздіңше 
қазақ тілінде сөз соңында дн дауыссыз дыбыстарының қатар 
келмеуінен. Сөйтіп үйдн сөзі үйдне түріне өзгерген де, осы 
өзгерістің өзі дн дыбыстарының арасына жартылай естілетін е 
дыбысын тудырған. Сонда бұл сөз мынадай өзгеріске түскен: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет