кірген атауларды біз монгол тілдерінен (монгол, қалмақ) енген
топонимдер деген топтап бердік.
Иран тілінен енген топонимдердің ішінде Фараб, Шымкент,
Шардара, Ленгер,
Ангрен сияқты көне қалалардың, Талғар
сияқты көне тау аты, Қобда сияқты өзен аты бар. Бүның өзі
сол көне замандарда иран халықтарының Қазақстанда болған-
дығын дәлелдейді.
Ал араб атауларының мүлде аз болуы,
арабтардың қоныс
таппауынан болса керек. Араб сөздері кісі аттарынан көп
орын алса да, топонимдерге тарамаған. Араб тілінен қойылған
кісі аттарына байланысты топонимдер - кейінгі қүбылыс,
сондықтан ондай атауларды біз тікелей арабтардың болуынан
деп қарамаймыз.
Қазақстанның шет аймақтарында бірен-саран у гор тілдерінен
жасалған атаулар бар, бірақ олар өте аз. Ал орыс тілінен ен
ген атаулардың бәрінің дэрлік мағынасы күңгірттенбеген.
Сондықтан Кереку, Үйшік (Гурьев)
сияқты атаулардың ғана
этимологиясы сөз етілді.
Енді топонимдердің этимологиясын зерттеу
методы деген
проблема төңірегінде өз тәжірибемізден туған ойларымыз-
ды баяндайық. Бүндағы ең негізгі айтыс тудырып отырған
мәселе топонимнің этимологиясын ерекше бір әдіспен зерттеу
керек пе, жоқ жай сөздердің этимологиясын
зерттеу методы
жеткілікті ме деген пікірдің маңында. Жоғарыда бүл жөніндегі
А.П. Дульзонның, А.Б. Серебенниковтың, А.К. Матвеевтің
тезистері айтылды. Біздіңше
топонимдердің этимологиясын
зерттеуде жай сөздің этимологиясын ашу әдісі де, топонимдердің
ерекше категория екенін, тарихи жасалуы мен қалыптасуын-
дағы қүбылыстарды да ескеру методы да қолданылуы керек.
Осымен бірге комплексті метод та топонимдер этимология
сын зерттеуде үлкен орында. Осы пікірлерімізді фактылармен
дәлелдейік.
46
Біздің ойымызша,
топоним географиялық термин, яки апел-
лятив арқылы жасалған болса, онда оның этимологиясын ашу
жай сөздердің төркінін ашумен үқсас болады. Бүған Бөген,
Жем, Қапшағай, Мұқыр, Нұра, Отар, Топар т. б. атаулар жатады.
Этимологиялық талдау жасап көрейік.
БӨГЕН - Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысындағы
өзен аты. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша бұл монғолдың бо-
гон (қысқа, шолақ) деген сөзі85„
Біз Ғ. Қоңқашпаевтың
бұл пікіріне қосылмаймыз, өйткені
бөген (айтылуы бөгөн) түркі тілі негізінде жасалған деп ойлай-
мыз. Біздіңше сөздің түбірі-бөгө//бөге етістігі, оған етістікті
зат есімге айналдыратын -н көне жұрнақ қосылған. Бұл
жұрнақ түркі тілдерінде XI ғасырда болған: йам ла етістігіне
-н жүрнағы қосылып йам лан деген
кемірушілер тобына жата-
тын бір аң аты жасалған (М. Қашқари, Индекс, Ташкент, 1967,
442 беті). Қазақ тіліндегі ж алм ан (ж алм а - етістік+н (жүрнақ)
осы сөзден метатеза жолымен жасалған. Ендеше -н қосымшасы
ертеде зат есім жасайтын өнімді жүрнақ болған. Осы өзен бой-
ында ертеде бөгендер (тоған) көп жасалған болуы керек. Сөйтіп
бүл гидроним бөгө (қазіргі бөгеу етістігі) +н (етістікті зат есімге
айналдыратын көне жүрнақ) >бөгөн>бөген жолымен жасалған.
Сөйтіп географиялық термин атаудың негізі болған.
ЖЕМ - Ақгөбе. Гурьев облыстарындағы өзен аты. Эмбі
стациясының аты да, соның қасындағы Жем деп аталатын жер
аты да осыдан қойылған. Өзен орта ғасырда Гем деп аталған86.
В. В. Радлов сөздігінде кем сөзі - саян, сагай, койбол, качи
неречиелерінде «өзен» деп берілген87. Сібірдегі түркі халықтары
Достарыңызбен бөлісу: