Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010


  X. Жубанов. Исследования по казахскому языку. Алма-Ата. 1966, 37-38



Pdf көрінісі
бет46/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   144
103 
X. Жубанов.
Исследования по казахскому языку. Алма-Ата. 1966, 37-38 
беттері.
55


Біздің «Қазақстан жер-су аттарының қысқаша этимология- 
лык сөздігімізде» Баянжүрек, Гурьев (Үйшік) Кереку, Қордай, 
Мүгажар, Өлкөйек, Талғар, Тарты (тарихи қала), Шалдуар, Шым- 
кент, Шардарат. б. атаулар этимологиясы осы комплексті метод- 
ты қолдану арқылы ашылған. Біз бұл арада көп орын алатын 
болғандықтан, атаулар этимологиясы жөніндегі мақалаларды 
толық айтып жатпаймыз (оларды сөздіктен қараңыз), тек 
комплексті методты қолдануға қандай деректер тірек болды де­
ген мәселені ғана баяндаймыз.
Талдықорған облысындағы Баянжүрек тау аты моңғолдың 
баян (бай) +зураг (сурет) деген екі сөзден жасалды дегенде, 
біз, біріншіден, монгол жэне қазақ тілдеріндегі з//ж дыбыста- 
рының алмасуына (завсар-жапсар, зай-жай, залгах-жалқау т. б.) 
сүйендік, екіншіден, зураг-қазақ тілінде «сурет» дегенде, бұл 
таудағы тастарда сурет көп екендігіне сүйендік. Сөйтіп, осы 
екінші дерек сөз этимологиясын ашуға қосымша дәлел болды
яғни объекті мен сөз мағынасының сай келуі ашылды. Міне 
бүл этимология жалаң лингвистикалық жолмен емес, қосымша 
заттык дәлел арқылы айқындала түсті.
Гурьев қаласының және оның қазақтар койган ескі Ү йш ік 
атының этимологиясы да тарихи деректерге қүрылды. Мәсе- 
лен, Гурьевтің қойылуы XVII гасырдың бірінші жарымында 
осы жерге ұлдарымен келіп орналасқан, балық өнеркәсібімен 
шүғылданған Гурьи деген кісінің атымен байланысты екенін та­
рихи нүсқалардан таптық.
Ал Гурьевтің қазақша Ү йш ік атауы балыққа тастан 
қойылатын тосқауыл учугпен байланысты екенін жэне тарихи 
документтерге Караганда Жайық өзенінің Гурьев орналасқан 
маңында осындай учуг болғаны аныкталды. Міне бүл этимо­
логия да (учуг>үйшік) тарихи - лингвистикалық дәлелдерге 
қүрылды.
Павлодар қаласының қазақша коне аты Кереку түзбен сауда 
жасаган Коряков деген кісінің фамилиясынан тарихи документ-
56


термен байланысты дэл айтылды. Мұндағы Коряков>Кереку 
этимологиясы - мэселенің лингвистикалық жағы, ал бұл 
этимологияға тарихи деректердің табылуы оның дэлдігіне 
шешуші роль атқарды.
ҚОРДАИ атауының тіл жағынан этимологиялық схемасы: 
түркі монгол тілдерінде қар//кор//хөр (снег)+тай (әуелі түркі- 
монғол тілдерінде болып, кейін монғол тілінде сақталған, түркі 
тілдеріндегі -лы (варианттарымен) туынды сын есім жүрнагына 
сай келетін жүрнак). Қосымша географиялык дәлел: Қордай 
асуының қыста қарлы, боранды болуы. Атаудың осындай 
сактандыратын информациялық мэні бар.
М ¥ҒАЖ АР тауының аты венгер халқының аты Мадьяр (мад- 
жар) мажар түрінен койылды дегенде, біз Оңтүстік Оралда және 
осы тау маңында олардың V-IX ғасырларда болған тарихи фак- 
тысына сүйендік.
Қостанай облысының Торғай, Ақтөбе облысының Ырғыз 
ауданындағы Өлкөйек (айтылуы Өлкөйөк) өзенінің аты өлік 
(түркі тілдерінде «өлі», жаман» деген мағынадағы сөз)+өйөк 
(финн-угор тілдерінде «өзен») сөздерінің қосылуынан пай- 
да болды дегенде де тарихи-географиялық факторларды аркау 
еттік.
Осы сияқты Талғар, Тарты, Шалдуар, Шымкент атауларының 
этимологиясында да қосымша тарихи-географиялық, архео- 
логиялық т. б. деректерді пайдаландық.
Дегенмен тағы да бір мысал келтірейік. Тарихи Шардара 
қаласының аты иран тілдерінің чар (торт) +дара (ор, жыра, ка­
ньон) деген сөздеріненжасалды деген пікірімізгеархеологтардың 
көне каланың сырты төрт жағынан ормен қоршалуын ашуы104 
104этимология дэлдігін күшейте түсті.
Сөйтіп бүл келтірілген фактілер жер-су аттары этимология­
сында материалдың ыңғайына қарай комплексті методты, яғни


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет