Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет110/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   144
-лыг формасы -лы журнагыныц коне формасы деген тоқтамға
154


келеді (А. Есенғұлов, Словообразовательные аффиксы в языке 
древнетюркской письменности, автореферат канд. дисс. Алма- 
Ата, 1969, стр. 8).
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп, Маңғышлақ// 
Маңғыстау топонимі екі 
компоненттен тұрады дейміз: 
Маңғыш//Маңғыс (жыртқыш жануар аты) +лақ (зат есім 
жэне сын есім тудыратын көне жұрнак). Бүның Маңғышлақ 
формасы - оғуз тілдерінде жасалған ең кәне түрі де, қазақтар 
«қыстау» сөзімен жанастыру мақсатымен Маңғыстау (жазы- 
луы Манкыстау) деп кейін бүрмалап кеткен.
МАШАТ - Шымкент облысында Арысқа күятын Машат де­
ген өзен, осы маңда Машат деген станция, елтемашат деген елді 
пункт бар. Жер аттары өзен атынан алынған.
Башат сөзі «бұлақ» матынасында қырғыз тілінде кеңінен 
белгілі (Д. Исаев, Қырғыз топонимдеріндегі «сары» деген сөз 
жөнунде. «Известия АН Кирг. ССР». 1970, № 3, 89 беті). Қ. К. 
Юдахин де бұл сөзді «родничок» деп тусіндірген (Кирг-русск. 
словарь, М., 1965, стр. 120).
Біздің ойымызша, сөздің түбірі -маш. Бүл түркі тілдерінде 
маш//баш//бас формаларында кездеседі. Оның үстіне түркі 
тілдеріндегі башақ//масақ (колос) сөздерінің де түбірі -
баш//мас. Башкүрт, үйғыр, түрік, татар тілдерінде бүл башақ, 
кырғыз тілінде машақ хакас тілінде пазак, қазақ тілінде 
масақ түрінде кездеседі. М. Қашқари еңбегіңде қонақ башы 
(«конақ» шөп аты - А. Ә.) деген тіркестегі б аш ы - қазақша 
м а с а ғы (басы) деген мағынада жүмсалған (М. Қ., I, 365, 359 
беттері, II, 22 беті). Мүның бәрі де машат сөзінің түбірі м аш
екенін дэлелдейді. Түркі тілдерінде м//б, ш//с дыбыстары ауыса 
беретінін ескерсек, бас//баш//маш дыбыстық дублеттері әбден 
заңды. Ал атаудың -ат компоненті, - біздіңше, зат есімнен зат 
есім тудыратын көне жүрнақ. Бүл пікірге келтіретін біздің мы- 
надай дәлелдеріміз бар. Қазақ тіліндегі су (зат есім) +ат (зат 
есімнен зат есім жасайтын жүрнақ)=суат (водопой), қыр (зат
155


есім)+ат (зат есімнен зат есім тудыратын жүрнақ) = қырат (воз­
вышенность) сөздері осы жолмен жасалған. Қап+ат (қабат), 
той+ат,бүйра+ат (бұйрат), күй+т (күйт), шүб (су)+ат (шүбат 
- түйе қымызы) сөздері де осы жолмен жасалуы ықтимал. 
Машат сөзінің қазақша эквиваленті - бастау (бастақ>бастау 
болуы керек), оның да түбірі - бас. Сөйтіп, атау баш // //маш 
(зат есім)+ат>машат жолымен жасалып, түркі тілі диалек- 
тілерінің бірінде көне заманда «бүлақ», «өзен» басы деген 
мағынаны білдірген.
К елтем аш ат атауының бірінші компоненті келте иран 
тілдеріндегі к а л т а (короткий, куцый) сөзінің өзгерген турі. 
Мағынасы «қысқа бастау, өзен» деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет