Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет32/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   144
тілдерінен: Мұғажар, Өлкейек (түркі-угор), Сургут т. б.;Орыс 
тілінен: Кереку, Үйшік (Гурьев) т. б.
Бүл атаулардың этимологиясы сөздікте берілгендіктен, біз ол 
жағына тоқгалмадық. Өйткені бұлай ету, біріншіден, қайталау 
болар еді, екіншіден, көп орын алатын болды.
Біз жоғарыда осы күнге дейін монгол тілінен енді деген атау- 
ларды екіге бөліп қараймыз дедік. Оның бір тобы түркі-монгол 
тіл ортақгығы заманында жасалган деген пікірді дәлелдеу үшін 
бірнеше атауга этимологиялық талдау жасалық.
Алматы облысы мен Жамбыл облысының шекарасында 
орналасқан Аңырақай жотасының, осыдан қойылған темір 
жол станциясының атын белгілі топонимист Ғ. Қоңқашпаев 
монголдың «ангархай» (тау ішіндегі «сай, шатқал») деген сөзі 
деп қарайды67,
Біз сөз этимологиясын басқаша қараймыз. Монгол тілінде 
ангорхай - «ашық» деген сөз68, ал бурят тілінде «ангархай - «от­
крытый, растворенный, разинутый», онгорхой - 1, «щель, про­
бел, просвет, дыра; 2. открытый, зияющий, распахнутый»69.
Біздіңше, осы сөздіктерде көрсетілген мағыналар ішінде бұған 
«ашық» мағынасы келетін сияқты. Өйткені, бұл, біріншіден, 
таудың (жотаның аты), сондықтан тауды «сай, шатқал» деп 
атамаса керек. Екіншіден, бүл жотаның ар жағы да, бер жағы 
да ашық жазық болып келгендігін біз сол жерге экспедицияға 
барғанда байқадық.
Ал сөздің этимологиясы түркі-монгол тіліне ортақ түбірден 
шығуы ықтимал. Мәселен, зерттеуші Б. Орузбаева қырғыз
67 Г. Конкашпаев.
Некоторые малопонятные географические названия в 
Казахстане. Сб. «Вопросы географии Казахстана». 1962, вып. 9, стр. 242.
68
С. 
Хабшай, Ә. Мініс.
Монғолша-қазақша сөздік. Улан-батор, 1954, 130 
беті.
69
К.М. Черемисов.
Буряг-моншльско-русский словарь. М., 1951, стр. 56, 
370.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет