бар: нас-жас, жасаң, наслах - жасау, нийлэх-жиылу, нудрага-
жүдырық, нудраглах - жұдырықтау,
нулимс - жылау, көз жасы,
нуурмаг - жырма т. б.98.
Жоғарғы тізімде көрсетілген Отар,
Топар атауларының эти-
мологиясы жөніндегі мақалалар үзак болгандыктан, бул жерде
келтірмеуді жөн көрдік. Оларды осы сөздіктен қарауға болады.
Осы этимологиясы сөз етілген
атаулар географиялық
терминдердің негізінде жасалған. Мунда атауға апеллятив негіз
болған. Олай болса бул атаулардың этимологиясын ашудың жай
сөздердің төркінін ашудан айырмасы жоқ.
Ал осы атаулардың этимологиясын талдау тәсілдеріне
жэне
жеткен мақсатына келсек, олар әр түрлі. Мәселен,
Бөген
атауының төркінін талдау схемасы былай:
Бөгө//бөге (етістік)+н (етістіктен зат есім жасайтын журнақ).
Аналогиясы: М. Қашқариде:
йамла (етістік)
+н (стістіктен зат
есім жасайтын журнақ). Қазіргі қазақ тілінде
жалман - аң аты,
метатеза арқылы жасалған.
Бул этимологиядан сөз түбірі жэне қосымшасы ашылды.
Ал қосымша дәлел: Оңтүстік Қазақстанда өзендер бойында
бөгендердің (тоған деп те аталады) көп болуы.
Ал
Жем атауының этимологиясының
талдануы будан
басқаша. Мунда, біріншіден, атаудың фонетикалық өзгерісі
ашылды: Гем>Жем (осыдан орысша Эмба), екіншіден мағынасы
(гем - «өзен») ғана ашылды. Ал
бундай типтес атаулар Қиыр
Шығыстан Индияға дейін кездесетін болгандықтан, оның қай
тілден екенін де әзірге айту қиын. Сөз түбірі ностриатикалық
тілдер деңгейінде анықталуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: