Т о п о н о м І / ik r ЖӘне этимология қазақ тіл білімінің антологиясы а. Әбдірахманов Топономика жэне этимология Павлодар 2010



Pdf көрінісі
бет92/144
Дата19.12.2022
өлшемі7,05 Mb.
#58216
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   144
Байланысты:
Топонимика және этимология

I вариант: қас+сақ. Бүл жорамалды төмендегідей мәлімет- 
термен толыктыра түсуге болады. Сөздің екінші компоненті сақ 
сөзі біздіңше Созақ топонимінің кұрамында кездеседі. Созақ 
топонимі, А. Бернштамның пікірі бойынша, су және сақ деген 
екі компоненттен түрады. Біздіңше ертеде бұл атау Сувсақ атауы 
оның ілгерінді ықпал әсерінен яғни в дыбысының с дыбысын з 
дыбысынаайналдыруынанСувсак>Сувзак>Созактуршекешкен 
сияқты. Бүл ертедегі гректердің апа-сака деген сақтардың бір 
бөлегінің атына сай келеді. Аб парсы тілінде су деген сөз. Сөйтіп, 
Созақ /сув+сақ/ сөзі ертедегі грек нүсқаларындағы апасиаки 
этнонимінің түркіше аударылып аталуы, немесе мүны гректер 
түркі тілінен калька жолымен аударган деуге болады.
Қазақ пен каракалпак халыктарының шежіресін «Қазақ 
пен Созак - ағайынды, қазактан казак тарайды да, Созактан 
каракалпак шығады» деп келеді. Белгілі зерттеуші С.П. Тол- 
стовтың пікірі бойынша апасиакт (су сақгары) қарақалпақ 
халкының негізі этникалық үйтқысы болды. Міне осы 
деректердің бэрі кездейсоқ: емес, сақ сөзі казак этноним- 
топонимдерінің кұрамына енгендігін дәлелдейді.
Ал оның бірінші компоненті қас Қазақстандағы Қазықұрт, 
Қастек, Каспий сияқты топонимдерінің қүрамында кездеседі.
Қазак сөзінің қас+сақ вариантын қуаттайтындай осы тәрізді 
мәліметтер бар. Ал бүл жорамалдың әлсіз жағы: «қассақ» сөзі
127


этноним ретінде ескі нүсқаларда кездеспейді. Сол себептен де 
бұл жорамал теориялық болжам есебінде ғана қалады.
П вариант-түркі тілдеріндегі қ а за қ сөзі. В.В. Радловтың 
«Опыт словаря тюркских наречий» деген сөздігінде к а за к сөзіне 
мынадай түсінік береді: «1) человек вольный, независимый, ис­
катель приключений, бродяга». Бүл; сөз осы магынада шагатай
қырым жэне Қазан татарларының тілінде кездесетінін көрсетіп, 
«қазақ кіші» - «смелый, праворный человек, ловкий наездник» 
деген, мысал келтіреді. В. В. Радлов бұдан әрі былай деп жаза- 
ды: «У Крымских татар я встретил слово қазақ только в легенде 
«Чора», где говорится, что Чора отказался остаться в Крыму и 
желает сделаться «казак» и ехать в Казань: Қазақ болуп Қазанға 
шыгайым. Здесь казак без сомнения обозначает: вольный иска­
тель приключений».
Бүл сөздікте к а за к сөзінің екінші магынасына В. Радлов 
мынадай түсінік береді: «2) Киргиз, Киргиз-Кайсак. Киргизы 
сами себя называют казак, и так называются; Татарами восточ­
ной России, жителями Средней Азии и Тобольскими татара­
ми».
В. Радловтың айтуы бойынша бүл сөздің Қазан татарларының 
тіліндегі мағынасы: «қазақ кіші, қазақ йигит - неженатый чело­
век, холостяк» (II том, 1 часть, 364-365 беттер).
В. Радлов қ а за к сөзінің омонимдік екінші бір магынасына 
Осман тілінде бұл «волокуша, сани, круглые бревна, на кото­
рых таскают тяжелые предметы, лодки и т. д.» дейді (Соңда, 366 
бет). Бұл сөздің қазақмақ түріндегі төртінші мағынасы «разбой­
ничать» (Бүл да сон да, 366 бет).
Сөйтіп, бұл келтірілген материалдардан түркі тілдерінде, 
әсіресе оның батыс бөлегінде қазақ сөзі «еркін, батыл, батыр, 
бойдақ» деген мағыналарда қолданылғанын түсінуге болады.
Орыс тіліндегі қазақ сөзі де «казмак - скитаться, бродить» 
деген Орта Азия тіліндегі сөзден енген деп карайды. В. Даль 
(Толковый словарь. II том, стр. 72).
128


Қазақ сөзі туралы белгілі ғалым А. Харузин былай деп жаз- 
ды:
«Что слово «казак» следует понимать именно в смысле воль­
ного бродячего человека, повидимому, подтверждается тем, что 
и наше казачество, восприняв тюркское слово, и вероятно, со­
хранив его в его первоначальном смысле, именно представляют 
бродячий элемент независимых людей» (А. Харузин. К вопро­
су о происхождении киргизского народа. «Этногр. обозрение», 
1895, № 4 , 52 бет).
Қазақ сөзі орта ғасырда «еркін, елінен кеткен адамдар» ка- 
тегориясын білдірген. Бұған сол кездегі орыс жерінде болган 
бродники деген адамдар тобы дәл келеді.
Бродниктер туралы А. Попов былай деп жазды: Можно толь­
ко утверждать, что бродники были во многих отношениях про­
образом будущих казаков. Имелась ли здесь прямая преемствен­
ная связь, сказать трудно. Однако это вполне возможно, так как 
ясы (осетины) сохранились в степи и после нашествия татар, а 
бродники и должны были сохраниться, ввиду их явного пособ­
ничества монгольским находникам. Имена первых исторически 
известных казаков XV в. на русской службе чисто тюркские, 
что не противоречит вышесказанному (А.И. Попов. Кыпчаки и 
Русь. Ученые записки ЛГУ. Серия исторических наук. Вып. 14, 
том 112, 1949. 114 бет).
Сөйтіп, сол кездерде колданылган «бродники» терминінің 
мазмуны да, тарихи жагынан осылай деп аталатын адамдар 
тобы да қ а за қ сөзімен мағыналас келеді.
1660 - 1661 жылдары жазылған Абул-Газының «Шеджере- 
и-таракіма» деген еңбегінде Огуз-ханның бір баласы Жулдыз 
ханның төрт баласының бірінің аты - қызық (А Н. Кононов. 
Родословная туркмен. М.-Л., 1958, кітап аяғындағы текстің 51 
беті, немесе 515 жолы). Бул сезді А. Кононов Қ ы зы қ деп транс- 
крипциялайды (сонда, 51, 52, 53 бетгерде). Осы сөзге Абул-газы 
«герой» деген түсінік береді. Бұл сөз тексте қате жазылып кет-
129


кен «қазақ» сөзі болуы мүмкін, өйткені оған сол кезде берілген 
«герой» деген түсінік пен жогарыда айтылған «қазақ сөзі 
мағыналас келіп отыр. Қазақ сөзі Абулғазыда осы мәнде бар 
екенін С. Ибрагимов те айтады (жоғарғы мақаласы, 68 бет).
Енді жогарыда біраз авторлар айтқан касог сөзіне келейік. 
Кабарда-Балкар ғалымдарының зерттеуінше бұл сөз алгаш рет 
VTII ғасырдың аягында, IX ғасырдың басында монах Епифаний- 
дің еңбегінде кездеседі (История Кабардино-Балкарской АССР. 
Том 1, 1965, 59 бет.
X ғасырда бүл сөз Масуди еңбегінде «кешак» түрінде кездес- 
еді (История Кабардино-Балкарской АССР. М., 1967, 69бет).
Ал орыс жылнамаларында алгаш рет кездесуі - 965 жыл. Бұл 
жылы Святослав Солтүстік Кавказдағы Хазарларды жэне оган 
тэуелді касогтарды жаулап алады (Полное собрание русских ле­
тописей. Том 1, М., 1962, 65 бет).
1022 жылы Мстислав касогтарга шабуыл жасайды, касогтың 
Редеда ханын жеңеді. Осы жылнамада Мстиславтьщ Редедамен 
согысы қызықты етін жазылган. 1023 жылы Мстислав хазарлар- 
мен жэне касогтармен бірге Ярослав Мудрыйға қарсы жорыққа 
шыгады (Сонда, 146-147 беттер).
1066 жылы Ростислав касогтардан салық алады (Сонда, 166 
бет). Орыс жылнамалары 1223 жылы монғолдардың ясы, обез, 
касог, қыпшақтарды қирата қырганын айтады (сонда, 446 бет). 
Орыс жылнамаларында касогтар туралы осындай деректер бар.
Осы касогтар кімдер? Жогарыда айтылған X. Әділгереев, 
М. Ақынжанов, В. Шахматов сияқгы зерттеушілер қазақ сөзі 
X ғасырдан бар деп, қазақ халқының атына жақындатқысы 
келеді.
Ал Кабарда-Балқар халқының көне тарихын зерттеуші 
Л.И. Лавров касогтар қабардылардың арғы атасы дегенде, қа- 
зіргі осетиндердің (ертедегі аландардың) қабардыларды «кесек» 
деп атайтындығына сүйенеді (История Кабардино-Балкарской 
АССР..., Том 1, М., 1967, 68 беті).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет