Т.Қ. Қойбағарова, Р. А. Ельтинова


  Қорытынды  аттестациялаудың  ауызша  емтихан



Pdf көрінісі
бет11/19
Дата18.03.2017
өлшемі1,71 Mb.
#10041
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

3.2.2.  Қорытынды  аттестациялаудың  ауызша  емтихан 
ұйымдастыру бойынша нұсқаулар   
Ауызша емтиханды ұйымдастыру кезінде кез келген мектеп пәні 
бойынша  информатика  курсының  арнайы  ерекшеліктерін  есепке  ала 
отырып,  емтихан  өткізу  бойынша  қойылған  барлық  талаптар 
сақталады.  Оқушылардың    емтиханға  дайындықтарын  бірнеше 
кезеңге бөлуге болады: 
Бірінші кезең – оқушылардың емтиханның алдын ала дайындалу 
үшін  қажетті  сұрақтарымен    кем  дегенде  емтиханға  дейін  2  -  3  ай 
бұрын танысулары керек. Емтихан сұрақтарымен оқушыларды өздері 
қиналатын  тақырыптарды  қайталау  үшін  жылдың  басында    да 
таныстыруға  болады.  Бұндай  жағдай  сирек  кездеседі.  Мысалы, 
оқытушының ауысуы, баланың басқа мектепке ауысуы, мекенжайдың 
өзгеруі және басқа объективтік жағдайлар информатика пәні бойынша 
толық білім ала алмауына септігін тигізеді. 
Екінші кезең – оқытушының қайталауды аяқтауды ұйымдастыру 
үшін  оқушының  жалпы  алған  білімінің  көрінісін  анықтау. 
Информатиканың  негізгі  тарауларын  жылдың  аяғында  оқушының 
білімін  тексеріп,  кемшіліктерін  тауып,  түзету  үшін  қайталауға  4-8 
сағат  бөлуі  қажет.  Осы  кезеңде    информатиканың  негізгі  тараулары 
бойынша  тесттер  пайдаланылуы  мүмкін  немесе  әрбір  тараудан  кейін 
немесе  бірнеше  тарауларды  қайталағаннан  кейін  тестілеу  кезең-
кезеңмен өтуі мүмкін. 
Үшінші  кезеңді  мынадай  жағдайда  ұйымдастыруға  болады. 
Стендке  сұрақтарды  және  оқытушының  түсініктемелері  жазылған 
машықтану  тапсырмаларын,  емтиханға  қалай  дайындалу    жөніндегі 
қысқаша  нұсқаулар,  оқулықтардың  тізімін  іліп  қою  керек  және 
соңында  информатиканың  тестілеу  кезінде  айқындалған    күрделі 
тараулары бойынша бірді - екілі кеңестер беру керек. Кеңестер  беру 
кезінде  нақтылы  емтихан  сұрақтарының  жауаптары  бойынша 
мысалдар  келтіріп  отыру  керек.  Оқытушы  өз  көзқарасы  бойынша 

 
99 
қандай  да  бір  топқа  қатысты  күрделі  сұрақтарға  байланысты 
түсініктеме беруі керек. 
Емтихан материалдарына қойылатын талаптар  
Информатика  пәні  бойынша  емтихан  материалдары  басқа 
пәндер  бойынша  материалдардан  ешқандай  айырмашылықтары  жоқ, 
(сұрақтар,  билеттер, машықтану тапсырмалары). 
Билеттер  мен  сұрақтарды  өңдеу  кезінде  негізгі  минимумда 
көрсетілген  мазмұнның  көлемін  алу  есепке  алынуы  керек,  ал, 
оқушылардың 
дайындығына 
қойылатын 
талаптар 
осы 
минимумдағыдан төмен болмауы керек. 
Емтихандық  материалдарды  құрастыру  келесі  қағидалар 
бойынша  жүзеге  асырылады:  сұрақтар  информатика  курсының 
барлық негіздері бойынша құрастырылады; 
Берілген 
сұрақтардан 
әрқайсысында 
үш 
сұрақтан  
құрастырылады: 
Бірінші  сұрақ  –  теориялық  -  машықтану  (теориялар, 
тұжырымдар, қағидалар, қасиеттері, сыныптылығы), информатиканың 
теориялық негіздері, компьютер жұмысының қағидалары, ақпараттық 
үрдістердің  мағыналары,  ақпараттық  технологиялар    (АТ)  бойынша 
және т.б. білімін тексеруге арналған; 
Екінші  сұрақ  –  теориялық  -  машықтану  (ақпараттық  және 
қарым-қатынастық  технологиялар  және  алгоритмдеу),  компьютердің 
мүмкіндіктерін 
және 
ақпараттық 
технологияларды 
түсінуді, 
бағдарлама  құралдарында  суреттемені  мысалға  келтіре  отырып, 
ауызша жауап беруін тексеруге арналған; 
Үшінші  –  машықтану  тапсырмасы,  оны  оқушы  компьютер 
арқылы  жұмыс  істеу  әдістерін  көрсете  білуі  керек,  алгоритмдер  мен 
бағдарламаларда ұсынылған ақпараттық үрдістердің мағынасын қалай 
түсінетіндігін,  яғни  информатиканың  құралдары  мен  тәсілдерін, 
тиімді әдістерін пайдалана отырып, ақпараттық есепті шешуі керек. 
3.2.3  Жобалар  мен  рефераттарды  ұйымдастыруға  арналған 
нұсқаулар 
Жалпы  ережелер.  Жобалар  мен  рефераттарды  қорғау 
нысанында қорытынды аттестациялау ауызша емтихан түрлерінің бірі 
болып  табылады.  Шығармашылық  жұмыс  пәндік  шеңберден  шығып, 
білім  беру  мекемесінің  ерекшелігін  немесе  сыныптың  профилін 
көрсетуі  мүмкін.  Жобаны  орындауды  ұйымдастыру,  сараптамалық 
рәсім  және  жобаны  қорғау  педагогикалық  кеңеспен  бекітіліп,  алдын 
ала анықталуы керек. 

 
100 
Жоба  мен  рефератты  дайындау  өте  күрделі  жұмыс  болып 
табылады.  Осыған  байланысты,  пән  бойынша  жоғары  деңгейлі 
дайындығы бар оқушыларға ұсынуға болады. 
Реферат  ретіндегі  шығармашылық  жұмыстың  мақсаттарының 
бірі, әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, мәселелерді кешенді 
түрде  зерттеу  болып  табылады.  Ақпараттық-коммуникациялық 
технологиялар  (АҚТ)  құралдарының  көмегімен  нұсқалар  бірінің 
мәселелері  немесе  есептерінің  шешімін  шешуді,  алгоритм  немесе 
бағдарлама түріндегі модель жасауды жүзеге асыру жобаның мақсаты 
болып  табылады.  Жоба  Web-сайты,  электронды  газет,  оқытатын 
бағдарлама түрінде ұсынылуы мүмкін. 
Реферат теориялық материалдың қорытынды жинағы болып та-
былады.  Жобаны  рефератпен  салыстыратын  болсақ,  ол  көбінесе 
машықтану бағдарымен жазылып, теориялық бөлімі де кіреді. 
Мазмұны  мен  рәсімдеуге  қойылатын  талаптар.  Жобаға 
реферат  пен  түсініктемелік  жазбаны  дайындаған  кезде  жобаның 
логикалық  құрылымы  міндетті  түрде  болуы  керек,  оған  сыртқы 
мұқабасы,  мазмұны,  кіріспе,  негізгі  бөлім,  қорытынды  кіреді. 
Кіріспеде  әдебиеттерге  шолу  жасалып,  тақырыпты  таңдаудың 
негіздемесі  болуы  керек.  Негізгі  бөліміне  зерттелетін  пәннің 
(нысанның)  сипаттамасы,  құрастырылған  есептер  мен  қорытындылар 
кіреді.  Қорытындысына  мәселелер  жөнінде  жалпы  тұжырымдамалар 
жасалуы  керек,  жоба  дамуының  келешегі  сипатталуы  керек  немесе 
теориялық  зерттеуді  жалғастырудың  нұсқасы  ұсынылады.  Осы 
тарауда  информатика  бойынша  жобалар  мен  рефераттардың  ғана 
емес,  интегралдық  жобалар  мен  рефераттардың  да  мазмұндары  мен 
ресімделулеріне қойылатын кейбір талаптар қаралады. 
Информатика  пәні  бойынша  рефераттарға  қойылатын 
талаптар.  Информатика  бойынша  рефераттар  жазу    үшін  әртүрлі 
ақпарат  көздері,  соның  ішінде  Интернет  желісінің  ресурстары 
пайдаланылады. Баспа басылымдары – дәстүрлі ақпарат көздері сирек 
пайдаланылады. 
Көптеген 
«еңбектер» 
негізгі 
тілі 
ретінде 
компьютердегі  жаргон  мен  сленгті  пайдаланады.  Ақпараттардың 
дұрыстығы мен объективтілігі күмән келтіреді. 
Терең түрдегі талдауды  жүргізбей-ақ, оқушылардың өз бетімен 
ақпараттың  сапасын  анықтай  алмайтын  жағдайын  айтуға  болады. 
Информатика  пәні  бойынша  жазылатын  рефераттарға  келесі 
талаптар қойылуы керек: 
-
 
материалды  таңдау  кезінде  әртүрлі  ақпарат  көздерін 
пайдалану керек; 

 
101 
-
 
реферат 
ақпараттық 
технологиялардың 
көмегімен 
орындалып,  кем  дегенде  терудің  ережесіне  және  мәтінді  ресімдеудің 
талаптарына сай, мәтіндік өңдегіште терілуі керек; 
-
 
диаграммалар  мен  сызбаларды  салу,  есептеулер    үшін  элек-
трондық кестені пайдалану керек; 
-
 
емтиханда рефератты ұсыну үшін тұсаукесерін дайындау ке-
рек; 
-
 
рефераттың  көлемі  А4  нысанымен,  1,5  –  аралықта  және  14 
қаріппен теріліп, 10 беттен кем болмауы керек; 
-
 
реферат  аудандық  және  қалалық  мектептегі  информатика 
пәні мұғалімінің әдістемелік бірлестігінде алдын ала оқылып, ұсыны-
луы керек; 
-
 
оқушылардың олимпиадада немесе сайыстарда, конференци-
яларда  баяндама  оқуын,  диплом  және  мақтау  қағазын  алуын  пози-
тивтік (жағымды) жайт ретінде қарау керек. 
Информатика  пәні  бойынша  жобаларға  қойылатын 
талаптар.  Оқушы  жобаны  орындау  кезінде,  қазіргі  кездегі 
ақпараттық  және  қарым-қатынастық  технологиялық  құралдары 
арқылы  орындалған  ақпараттық  өнім  жасайды.  Пайдаланылатын 
технологиялар  бойынша  дайындаманы  шартты  түрде  келесі 
топтарға бөлуге болады: 
-
 
web-сайттар (мәселелік, тақырыптық және имидждік); 
-
 
бағдарламалық  жүйелерді  пайдалана  отырып  жасалған 
бағдарламалар 
(модельдеу, 
ойындар, 
сервистік, 
өңдегіштер, 
конструкторлар, тренажерлар, деректер топтамасы); 
-
 
ақпараттық  және  оқыту  бойынша  тұсаукесерлер  (мәселелік, 
тақырыптық); 
-
 
анимациялық  фильмдер  және  жобалар  (бос  уақытында, 
көрсететін, үйрететін). 
Ұсынылатын  ақпараттық  өнім  төмендегі  белгілерге  сай  болуы 
керек: 
-
 
нақтылы  мақсатты  міндеттері  және  тиісті  қызметтік 
мүмкіндіктері болуы керек; аяқталуы керек; 
-
 
өңдегіштік және жаңарту, даму мүмкіндіктері болуы керек; 
-
 
әртүрлі  ақпараттық  объектілердің  мақсаттылық  байланысын  
көрсетуі  керек; 
-
 
іздеу 
және 
навигациялық 
құралдары 
(қажетілікке 
байланысты)  және сезімділік интерфейсіне, логикалық құрылымға ие 
болуы керек; 
-
 
анықтама жүйесін енгізуі керек; 
-
 
бірыңғай стильдік шешімі болуы керек; 

 
102 
-
 
Жобаның құрамына, ұсынылған ақпараттық өнімнен басқа: 
-
 
түсініктемелік  жазба  (теориялық  бөлімі)  –  көлемі  жағынан 
кішірек, жобаның мәселелерімен байланысты, құрамында ақпараттық 
материалдары  бар  немесе  зерттеулік  сипаттағы  және  пайдаланылған 
технологиялардың негіздемесі бар реферат кіруі керек; 
-
 
жұмыс жөніндегі нұсқаулық кіреді. 
Біріктірілген  жобалар  мен  рефераттарға  қойылатын 
талаптар.  Біріктірілген  реферат    екі  немесе  бірнеше  пән 
саласындағы  объектілерді  (пән,  үрдіс,  көріністер)  зерттеуге 
негізделген дайындама болып табылады. Компьютер және ақпараттық 
және  қарым    -  қатынастық  технологиялық  құралдар  ақпарат  көздері, 
тану  және  іздену  құралдары,  ақпаратты  ұсынатын  құралдар  ретінде 
пайдаланылады. 
Біріктірілген  жобаның  негізін,  ақпараттық  және  қарым-
қатынастық  технологиялық  құралдарымен  орындалған  мәселелік  - 
ақпараттық  өнім  құрайды.  Осындай  жобалар  мен  рефераттардың  
белгілі  бір  ерекшелігі,  информатика  мен  ақпараттық  технологиялар 
сол пәндік саланың бірі болып табылады.  
Интегралдық  рефераттар    келесі  мәселелік  салаларға 
сыныпталады: 
-
 
әлеуметтік; 
-
 
табиғаттану; 
-
 
гуманитарлық. 
Біріктірілген  жобаларды  ақпараттық  өнімнің  қызметтік 
міндеттері бойынша бөлуге болады: 
-
 
пән  бойынша  оқытылатындар  (тесттер,  есеп  шығарушылар, 
тренажерлар, репетиторлар және т.б.); 
-
 
ақпараттық    (көрсетулер,  модельдеушілер,  тұсаукесерлік 
және т.б.); 
-
 
конструкторлық  (пәндік саланың объектілерін реттегіш). 
Интегралдық  жобалар  мен  рефераттар  иформатика  пәні  бойын-
ша жұмыстарға тиісті талаптар қойылады
-
 
екі  жетекші  немесе  әр  пәндік  саланың  жетекшісі  мен 
кеңесшісі (сарапшы)  болуы керек; 
-
 
тиісті пән салалары мамандарының рецензиясы болуы керек; 
-
 
пән  салалары  мәселелерінің  аспектерін  (жайларын)  сипат-
таған кезде тұтастық (интеграция) қамтамасыз етілуі керек. 
 

 
103 
3.3. Кешенді бақылау 
Қазіргі  кездегі  мектептегі  информатиканың  даму  жағдайы  
оқытудың  тиімділігін  бақылаудың  әдістеріне  жаңаша  көзқараспен 
қарауды  талап  етеді.  Көбінесе  осы  мәселе  бойынша  ауызша  және 
жазбаша  әдістер  пайдаланылады.  Машықтандыру  және  зерттеулік 
әдістердің  рөлі  бағаланбайды,  олардың  көмегімен  оқушылардың 
шығармашылық 
және 
эксперименттік 
міндеттерін 
қалай 
орындалғанын, білімдерінің, дағдылары мен іскерліктерінің тереңдігін 
және  беріктілігін,  оларды  сабақтағы  тапсырмаларын  орындау 
кезіндегі қолдану қабілеттіліктерін білуге болады. 
Оқу  үрдісін  тиімді  таңдауды  ұйымдастырудан,  оқыту  мен 
бақылаудың  оңтайлы  әдістерінен,  нәтижелерді  бағалау  әдістерінің 
негіздемесінен нақтылы оқу орнындағы оқытудың қаншалықты тиімді 
екенін байқауға болады. 
Дәстүрлі 
оқытудың 
негізгі 
өлшемдерінің 
тиімділігіне 
жататындар: 
-
 
белсенділік,  талаптылық,  оқу  үрдісіндегі  оқушының 
шығармашылық тәсілі – дамыту аспектісі (функциясы); 
-
 
білім  алудың  толықтығы,  беріктілігі  және  кең  көлемділігі  – 
білім беру аспектісі (функциясы); 
-
 
жауаптылық,  өздік  жұмыс  және  тек  қана  топта  емес,  жеке 
түрде де жұмыс жасау – тәрбиелік аспектісі (функциясы). 
Жоғарыда  көрсетілген  өлшемдерді  есепке  ала  отырып, 
оқытудың деңгейі мен дәрежесін бағалау үшін әмбебабтық әдіс қажет. 
Оның  көмегімен  оқушылардың  жетістіктерінің  нәтижелерін  әрбір 
оқыту  кезеңінде  қойылған  мақсаттар  мен  міндеттері  бойынша  (оқу 
үрдісіне  қатысушылардың  нақтылы  мүмкіндіктерін  есепке  ала 
отырып)  тексеруге  болады.Үздіксіз  оқыту  кезінде  осындай  бақылау 
жүйесін  жасаудың  күрделілігі  айдан  анық  деуге  болады.  Сонымен 
қатар,  осындай  міндеттерді  шешудің  жартысының  өзі  нәтижелерді 
бағалаудың жоғарғы дәрежесіне шығуға мүмкіндік береді. 
Ұсынылып  отырған  кешенді  бақылау  жүйесінің  жетекші  әдісі 
ретінде төмендегі әдістер қаралады: 
-
 
логикалық әдістер; 
-
 
жобалық әдістер. 
Берілген  әдістер  дидактикада  кең  көлемде  қолданылады.  Бұл 
әдістің 
жаңашылығы 
оқытудың 
нәтижесін 
бақылау 
үшін 
пайдаланылуында, сонымен бірге логикалық әдістер – білімді тексеру 
үшін,  ал  жобалық  әдістер  -  машықтану  дағдыларын  тексеру  үшін 
қолданылады.  

 
104 
Бақылаудың логикалық әдістерін жүзеге асыру үшін, логикалы - 
талдаулық міндеттер, ал бақылаудың жобалық әдістерін жүзеге асыру 
үшін жобалар тобы дайындалды. 
3.3.1. Кешенді бақылау жүйесінің ерекшеліктері 
Бір  ғана  тапсырма  бойынша  білімін,  іскерлігін  және  дағдысын 
тексеруге  бағдарланған  дәстүрлі  бақылаумен  салыстыратын  болсақ, 
ұсынылып  отырған  кешенді    жүйе  арнайы  тапсырмаларды 
пайдаланады,  олар,  біріншіден,  бірнеше  тесттер  бойынша  бақылауды 
жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді,  екіншіден,  жалпы  білім  беру 
дағдыларының  дамуын  бағалауға  мүкіндік  береді  (талдау,  синтез, 
жинақтап  қорыту,  салыстыру  және  т.б.).  Кешендік  бақылаудың 
пайдалы  жағы  оқушылардың  осы  не  басқа  бағдарламалық  ортада, 
мысалы,  мәтіндік  немесе  сызбалық  өңдегіште,  тек  қана  жинақталған 
әдістер  мен  тәсілдерін  бағалау  мүмкіндіктері  туып  қана  қоймай, 
күрделі  құжатты  дайындау  кезіндегі  ақпараттық  технологияларды 
игеру дәрежесін айқындауға да мүмкіндік туады. 
Арнайы  тапсырмаларға  логикалы  -  талдаулық  міндеттер  және 
жобалар  кіреді,  олардың  нұсқалары  осы  тарауда  берілген.  Осы 
тапсырмаларға келесі бағалауды беруге болады: 
-
 
логикалы - талдаулық міндеттер  және жобалар толық түрдегі 
көріністі  бермейді  және  эталоны  болып  табылмайды,  келтірілген 
мысалдар  ретінде  қаралады,  оларды  оқытушы  өзінің  өмірлік 
көзқарасымен  және  біліміне,  оқушылардың  дайындықтарының 
деңгейіне, уақытша шектеуліктерге сәйкес өңдеуден өткізеді; 
-
 
есептер  мен  жобалардың  үлгілері,  ұсынылған  материалдың 
негізінде  оқытушы  өздігінен  басқа  да  логикалы  -  талдаулық  есептер 
мен жобаларды әзірлей алатындай етіп таңдалынады; 
-
 
есептер  мен  жобалар  «Информатика»  пәнінің  шеңберінде 
құрастырылған, яғни, мұнда интеграция пәнаралық және пәндік болып 
келеді. 
Логикалы  -  талдаулық  міндеттер  және  жобалар  бақылаудың 
басқа түрлерімен қатар пайдаланылады.  
Кешенді  бақылау  шеңберінде  жалпы  оқытудың  дағдылары  мен 
іскерліктерінің  дамуы  мен  қалыптасуы  бойынша  міндеттері 
органикалық (табиғи) түрде шешіледі. 
Көптеген күрделі мәселелерге міндеттер мен жобаларды әзірлеу, 
сонымен  қатар,  талдаудың  құралы  мен  нәтижелерді  бағалау  жатады. 
Пәнаралық интеграция алға қарай дамудың бағыты болып табылады. 
Құрамында  басқа  пән  саласының  білімдерін  пайдаланатын 
интегралдық міндеттер мен жобаларды жасау туралы сөз болып отыр. 

 
105 
Осындай  жүйені  пайдаланудың    мақсаттылығы  мен  негізділігі 
Санкт-Петербургтағы 
бизнес 
және 
құқық 
Академиясының 
гимназиясының 
базасындағы 
жоғарғы 
сыныптардың 
(10-11) 
экспериментінің нәтижесінде толық түрде  дәлелденді. 
3.4. Бақылау жұмысы 
Бақылау  жұмысы  оқытудың  ақыл-ойын,  қабілетін  жетілдіру, 
ұштау  мақсатында  олардың  білімі  мен  дағдысын  есепке  алудың, 
тексерудің  бір  түрі.  Оқыту  программасына  сай,  бақылау  жұмысы 
сынақ, емтихан ретінде өтіп, ауызша не жазбаша орындалады. 
Бақылау  жұмысы  барлық  пән  бойынша  күнделікті  сабақ 
процесінде,  тоқсандық,  жылдық,  курстық  қорытындыларда,  оқу 
орындарына  түсу,  оны  біріктіру  кезеңдерінде  жүргізіледі.  Бақылау 
жұмысы  кезінде  оқушыларға  сөздіктерді,  анықтамалық  кітаптарды 
пайдалануға  рұқсат  етіледі,  жұмыс  10-15  минуттан  1-4  сағатқа  дейін 
созылады,  емтихандық  бақылау  жұмыстарының  мазмұнын,  уақыт 
мөлшерін, оны өткізу мерзімдерін оқу министрлігі белгілеп отырады. 
Бақылау жұмысы жаттығу, лабораториялық жұмыстар, семинар, 
сұрақ-жауап,  диктант,  мазмұндама,  шығарма  түрінде  өтеді.  Жеке 
немесе  бір  топ  оқушыға  бақылау  жұмысы  бірнеше  нұсқада 
ұсынылады.  Бақылау  жұмысы  өздік  жұмыстың  жеке  түрі  болып 
табылады.  Олардың  ерекше  белгісі  –  оқушылардың  толығымен  өз 
беттілігі, ал ең басты міндеті – білім, іскерлікпен дағдыны тексеру. 
Мұғалімге  көмек  ретінде  оқушылардың  үлгерімін  бақылауға 
арналған  бір  қатар  көрнекіліктер  шығарылған.  Бұл  негізінен  мектеп 
информатика  курсының  тақырыптары  бойынша  белгілі  бір  түрде 
іріктелініп  алынған  есептер  жинағы.  Олар  фронтальді  жазбаша 
жұмыстарға  арналған,  бірақ  олар  оқушылардың  үлгерімін  жеке  және 
ауызша тексеру кезінде де пайдалануы мүмкін.  
Бақылау  жұмысында  оқушыларға  есептердің  бірнеше  нұсқасын 
береді. 2 нұсқадан тұратын тапсырманы, әдетте тақтаға жазады, ал 4 – 
6  нұсқаларын  жеке  карточкаларда  дайындайды.  Бақылау  жұмыстары 
қорытынды  болады,  оларды  үлкен  тақырыптар  бойынша  жүргізеді 
(тұтас  сабаққа  негізделген),  және  ағымдағы  материал  бойынша  есеп 
пен сұрақтан тұратын болады (сабақтың жартысына есептелген). Бұл 
бақылау  жұмыстарына  олардың  көмегімен  оқушылардың  оқытылған 
материалдың  мәнін  қаншалықты  түсінгендерін  тексеруге  болатын 
сұрақтар кіреді. 
Дәстүрлі бақылау жұмыстары оқытылатын тақырып бойынша 
орташа қиындықты 2-3 есептен тұрады. Сонымен қатар, бір – бірімен 
өзара  байланысқан  әрекеттердің  қатарын  орындауды  талап  ететін 

 
106 
есепті 
оқушы 
қандай 
себеппен 
орындалмағаны 
белгісіз 
болатындықтан  мұндай  жұмыстар  жиі  оқушылардың  білім  мен 
іскерлігінің  нақты  көлемін  толық  анықтауға  мүмкіндік  бермейді. 
Мұндай  есептерді  шешуді  тексеру  мұғалімнен  бір  талай  уақыт  пен 
еңбекті  талап  етеді.  Дәстүрлі  бақылау  жұмыстарының  белгіленген 
кемшіліктеріне  байланысты,  оқушылардың  білімдерін  бақылау  үшін 
тақырып пен бөлім материалын 70 – 80% ке дейін жеткізуге мүмкіндік 
беретін,  көлемі  бойынша  үлкен  емес  сұрақ  –  есептердің  жеткілікті 
санынан тұратын арнайы тапсырмаларды қолдану идеясы туындайды.  
Бақылауды есептеу міндеті оқыту нәтижелерін жүйелі анықтау 
арқылы  көрініс  тауып,  әр  оқушыға  қатысты  үлгерімін,  оқыту 
жұмыстарындағы  кемшіліктер  мен  жетістіктерді  ой  елегінен  өткізуге 
мүмкіндік  береді.  Бақылау  –  түзетушілік  және  диагностикалық 
міндеттері  сыныптың  дайындық  деңгейін,  оқушылардың  біліміндегі 
кемшіліктерден  туындайтын  тақырыптық  түрлі  сұрақтар  арасында 
оқыту  уақытын  бөлу,  оқыту  әдістемесіне  өзгерістер  енгізу  үшін 
«мұғалім  -  оқушың  орнына  кері  байланысын  қамтамасыз  етеді. 
Бақылаудың 
нәтижелері 
оқушыға 
оқушылардың 
білімдегі 
кемшіліктері  болдырмауға  бағыттауға  мүмкіндік  береді.  Сонымен 
бірге, оқытушы оқушылардың білімі мен дағдысын анықтайды. Олар 
өз  кезегінде  жаңа  оқу  материалдарын  игеруге  негіз  болады.  Тексеру 
оқушылардың  білім  нәтижелерінің  жағдайын  анықтап  қана  қоймай, 
білім  мен  біліктілігін,  кемшіліктер  мен  қателіктерін  ашып  көрсетуге 
міндетті. 
Бақылаудың  тәрбиелік  міндеті,  ағымдық  бақылау  оқу 
процесінде  тікелей  енгізіліп,  негізінен  оқу  дайындығындағы 
олқылықтарды  анықтап  оны  жоюға  бағыттайды,  оқушының  білімін 
тереңдету  мен  байытуға  қызмет  етеді.  Осы  бақылау  оқу 
материалының  шағын  бөлігін  оқытумен  бейнеленеді  және  тәртіп 
бойынша  әр  сабақта  орындалады.  Ағымдық  бақылаудың  нәтижесі 
бойынша  мұғалім  оқушылардың  келесі  оқу  материалын  толыққанды 
игеруге дайын ба деген мәселені шешуге тиісті. 
Ағымдық  тексерудің  тәрбиелік  маңызы,  оқушыларды  тәртіпке 
үйрену  сынып  және  үй  жұмыстарына  жауапкершілік  сезімін 
тәрбиелеу, жүйелі еңбекке үйретуі, білімдер мен біліктерді игеруге, өз 
бетімен жұмыс дағдысын қалыптастыруға көмектесуі арқылы көрініс 
табады.  Сонымен  бірге  ағымдық  тексеруге  оның  оқушыларға 
психологиялық әсерін де ескерту қажет. Дұрыс қойылған жағдайда ол 
оқушыларды  тікелей  сабаққа  оқу  еңбегіне  дұрыс  қарым  –  қатынасқа 
ынталандырылады.  Оқу  нәтижелерін  бағалаудың  да  үлкен  тәрбиелік 
маңызы  зор.  Оны  дұрыс  қолдану  арқылы  мұғалім  оқушының  өз 

 
107 
білімдері  мен  біліктерін  жетілдіруге,  еңбек  сүйгіштігін  дамытуға,  өз 
бетінше  және  шыншыл  ойлануына,  өз  еңбегін  өзі  бағалауға  және 
дұрыс  бағалауға  тұжырымдамаларын  жасауға  тұрақты  түрде 
ынталануына қол жеткізеді. Ағымдық бақылаудың өзіндік ерекшелігі 
тарау  немесе  тақырыпты  оқытудың  барлық  кезеңдерінде  өткізілуі 
болып  табылады:  Оқу  материалымен  танысу,  білімдер  мен 
біліктілерді  қалыптастыру  мен  дамыту  оларды  бекіту  мен  тереңдету. 
Бұдан  шығатын  қорытынды  төмендегідей,  ағымдық  бақылау  процесі 
барысында  оқушылардан  оқу  материалын  игерудің  нақты  кезеңімен 
қарастырылатын танымдық деңгейдегі білім ғана талап  етіледі. Білім 
мен білік әлі қалыптасқан кезде оқу дайындағына талапты күшейту – 
оқыту нәтижелерін жөнсіз бағалаудың басты себептерінің бірі. 
Дәл  қазіргі  кезде  информатиканы  оқытуда  бақылаудың  осы 
міндеттерінің маңызы аса зор.  
Бақылаудың 
оқытушылық 
міндеті 
оқушылар 
білімін 
тереңдеруге  әсер  етіп,  негізгі  қателіктерді  көрсетеді.  Оқытушы 
сыныптың 
назарын 
курстың 
маңызды 
дүниетанымдылық 
идеяларымен  басты  сауалдарға  аударады.  Бұл  маңызды  міндет 
сондай-ақ материалды бекітумен қайталау нәтижесінде оқушылардың 
біліктіліктері мен дағдыларының, білімінің жағдайын тексеру процесі 
арқылы көрініс табады. Сынақтық тапсырмаларды орындау оқушылар 
білімін  жүйелеп,  кеңейте  түседі.  Өзін  -  өзі  бағалау  мен  тексеру 
дағдыларын,  оқу  еңбегін  тиімді  пайдаланудың  қалыптастыруға  жол 
ашады.    Бақылау  жұмысының  мазмұны  мен  методикалық  оқу 
орындарының программасына сәйкес құрылады. Бақылау жұмысы оқу 
министрлігі бекіткен норма бойынша бағаланады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет