Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Ұйымның сыртқы ортамен өзара іс-әрекетінің тиімділігі



Pdf көрінісі
бет18/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80
3.4. Ұйымның сыртқы ортамен өзара іс-әрекетінің тиімділігі 
мен нәтижелілігі 
Нәтижелілікті сыртқы ортаның ұйымның іс-әрекеттеріне ке-
рісінше, жауап беруі ретінде қарастыруға болады. Сыртқы орта-
ның керісінше, жауап беру нысандары келесідей болуы мүмкін:
– бейтарап – сіз тауарды (жаңа тауар) жібересіз, ал, сыртқы 
орта оған ешқандай әсер етпейді, тауар сатып алынбайды;
– позитивті – сіз тауарды (жаңа тауар) жібересіз, сыртқы орта 
оған белгілі бір қызығушылық танытады, тауар сатып алынады; 
– жағымсыз – сіз тауарды (жаңа тауар) жібересіз, сыртқа 
ортаның оған ықпал ететіні сонша, уақыт өте келе сыртқы ортада 
алатын жайғасымыңыз нашарлайды, сізге деген сенім төмендейді, 
сіздің ұйымыңыздың беделі біртіндеп «жоғалады».
Менеджер сыртқы ортамен өзара әрекеті бойынша іске 
кіріскен күш салуларына жағымсыз немесе бейтарап әсерді 
алатын болса, онда мұндай өзара іс-әрекеттің нысанын бірден 
тоқтатуға мәжбүр.


41
Егер де менеджер осы бағыттағы өзінің іс–әрекетіне сыртқы 
ортаның позитивті әсерімен кездессе, онда ол ұйымының сыртқы 
ортамен өзара әрекеттесу үдерісін ұғынуды жалғастырады. Бұл 
жағдайда оны аталмыш өзара әрекеттің тиімділігі қызықтырады: 
ұйымның пайдалы немесе пайдасыз қызметі үшін алынатын 
нәтиженің жеткіліктілігі. 
Ұйым қызметінің тиімділігі ұйыммен жүзеге асырылатын 
нақты сипаттағы әрекеттер жиынтығының және өз құрылымы 
шеңберінде өндіріс және оның нақты сипаттамаларын сыртқы 
ортаға енгізу бойынша нақты бағыттылығының салдарын біл-
діреді. 
Ұйымның сыртқы ортамен өзара әрекет тиімділігінің көрсет-
кіштері ретінде пайдалылық (зияндылық), нақты тауар нарығында 
ұйымның үлесінің сақталуы, төмендетілуі немесе артуы көрініс 
табады. 
Менеджер өзі басқара ұйым мен сыртқы ортаның өзара 
әрекеттеріне сәйкес төрт тәжірибелік іс-әрекетті жүзеге асырады:
1. Өз тауарын біртипті тауар нарығының жалпы тауарлық 
қатарында жайғастырады.
2. Өз тауарын жайғастыру және оны озған алдағы бәсе-
келестердің тауарларының бәсекелік артықшылықтарын анық-
тау негізінде, сыртқы ортада өз әрекеттерінің стратегиясын 
қалыптастырады.
3. Сыртқы ортада ұйымнан тыс мақсаттарды қалыптастыру 
арқылы әрекеттер тактикасын таңдайды, бұл ұғым ұйымның 
сыртқы ортаға өзінің өндірістік мақсатының қандай да бір нақты 
нәтижесін қою есебінен ағымдағы жағдайда сыртқы ортадан не 
алғысы келетіндігі түсіндіріледі.
4. Ұйымнан тыс мақсатқа сәйкес ұйымішілік мақсатты қа-
лыптастырады, мұнда:
– тауар, өнім, қызмет көрсетудің нақты модификациясын;
– мүмкін шекті балатын сапалық және сандық сипаттамала-
рын; 
– шығарылым мерзімдерін; 
– өндірілген нәтижені сыртқы ортаға шығару жағдайларын 
белгілейді. 


42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет