40
үнемі даму үстіндегі бәсекелестік үдерісінде өз орнын сақтап
немес ұстап қалу үшін әр бес фактор өзгерісіне бейімделуге
мәжбүрлейді. Сыртқы ортадағы өз орнын сақтап қалауға тыры-
сатын әр ұйымның міндеті әр күш өзгерісіне сәйкесті жауап беру
нысанын таңдауға көп тіреледі.
Әр салада, әр уақытта бәсекелестік үдерісінің көшбасшысы
мен оған жетуді көздейтін қатысушыларын бөліп көрсетуге бо-
лады. Көшбасшы стратегиясы көшбасшы ұйымның бәсекелі
үдерісте өз жайғасымы мен бәсекелестерінің жайғасымы ара-
сында инновацияларды қолдану арқылы озу арқылы алшақтық
тудыруға ұмтылуына негізделеді. Көшбасшыға жетуді көздеу
стратегиясы ағымдағы бәсекелестік үдерісінде өз жайғасымын
сақтап және тұрақтандадыру, тығыз уақыт ішінде инновациялар-
ды өз қызметінде пайдаланудың нақты нысанын құру бойынша
көшбасшының қызметін талдауға негізделеді. Мұнда көшбасшыға
жетуді көздеу стратегиясы уақыт өте келе, егер ұйым көшбасшы
болуға ұмтылған жағдайда, белгіленген көшбасшыны озу страте-
гиясына айналуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: