Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет63/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80
Бақылау сұрақтары:
1. Басқарушылық қызметінің жалпы концепциясындағы бағыныш-
тыларды мотивациялау функциясының рөлін, орнын қалай бағалайсыз?
2. Орындаушыны мотивациялау категорияын қалай түсінесіз?
3. Орындаушыны ынталандырған кезде менеджер қандай логикаға 
сүйенеді?
4. Мазмұндық және процессуалдық мотивациялау теориялары ара-
сында қандай айырмашылық бар?
5. Күту теориясы мен әділеттілік теориясы арасындағы ұқсастық пен 
айырмашылық неде?
6. Осы ұқсастық пен айырмашылық Портер-Лоулер моделінде қалай 
ескеріледі?
7. А. Маслоу теориясына сүйеніп, бағыныштыларды қалай ынталан-
дыруға болар еді?
8. Өзіңізді қоршаған ортадан адамдарды ынталандырумен байланы-
сты мысалдар келтіріңіз. Оған теоретикалық талдау жасаңыз.


145
12. БАҚЫЛАУ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ РЕТІНДЕ
12.1. Бақылау басқарушы әрекеті ретінде
Менеджер орындаушылардың ынталандыруын шешкеннен 
кейін келесі өзінің міндетті функциясы – бақылауға кіріседі. 
Бақылау қабылданған шешімге қатысты оның қызметінің соңғы 
кезеңі болып келеді, бірақ онымен тіптен аяқталады деуге болмай-
ды. Біріншіден, менеджер бақылау нәтижесіне қанағаттанбауы 
мүмкін, онда ол ертеректе қабылдаған шешімін түзетеді немесе 
басқа шешім қабылдайды. Сонымен өзінің кәсіби міндеттерін 
атқаруының жаңа циклін қайтадан бастауға мәжбүр болады. 
Екіншіден, менеджер берілген шешімнен басқа шешімдермен ай-
налысады. Менеджер әлемде үнемі болып тұратын өзгерістерге 
барабар жауап беруі керек, сол себепті басқару үдерісі шексіз бо-
лып келеді. Үшіншіден, кәсіби бағдарланған менеджер бақылау 
нәтижесіне сирек жағдайда риза болады. Ол одан да жақсы 
нәтижеге жетуді ойластырады. 
Менеджер бақылау басқарушылық әрекеті ретінде және 
бақылау басқару функциясы ретінде арасындағы айырмашылықты 
білуі керек. Менеджер бақылауды басқарушылық әрекеті ретінде 
қолданғанда екі нәтижені – жорамалдағы нәтижені мен нақты 
алынған нәтижені салыстырады. Осындай басқарушылық әрекетті 
жасау үшін менеджер анық, айқын шешімдерді қабылдауы керек. 
Егер қабылданатын шешімдер ондай болмаса, мақсат екі ұшты 
көрсетілсе, бақылау әрекеті қиындалады. Нәтиже сан және сапа 
жағынан сипатталынуы керек.
Менеджер қабылдаған әр шешімді бағыныштылар қалай 
орындап жатқанын бақылауы керек. Егер менеджер мұны іс-
темесе бағыныштылары менеджерге және оның қабылдаған 
шешімдеріне назар аударуды қояды, осындай басқарушы орта-
лықтың барын елемейді. 
Басқарушылық қызметтегі бақылау осы қызметтің тиімділі-
гіне жетуде өте маңызды болып келеді. Бақылау және оның 
нәтижелері тиімді басқару жүйесінің негізгі базасы болып, 
алда болатын осы типтес шешімдердің тиімділігінің артуына 


146
ықпал етеді. Менеджер өзінің кәсіби қызметінде көптеген түрлі 
шешімдер қабылдайтын болғандықтан олардың бақылау форма-
лары да әртүрлі болады. 
Бақылаудың негізгі саласы ұйым шығаратын тауар, өнім, 
қызмет көрсету түрлері болып табылады. Көп бақылау объектілер 
арасында өндіріс технологиясына басты назар аударылады. Ме-
неджер таңдалған технологиялық режимді сақтауға, жаңылуға, 
бұзуға, олқылыққа жол бермеуге тырысады, кері жағдайда, 
ол ақауға немесе еңбектің сан және сапалық параметрлерін 
төмендетуге алып келеді. Сондықтан менеджер үшін өндіргіш 
үдерісті білу оның тікелей міндеті.
Өндірісті ұйымдастыруға байланысты қандай да бір шешім 
қабылдарда менеджер болашақ нәтиженiң сандық параметрiн 
белгілейді:
– қанша тауарды өндіру қажет; 
– пайда табу қандай көлемде болу керек; 
– әрбiр нарыққа ең аз дегенде қанша тауар шығару керек;
– жабдықтаушы-серiктестерден қанша шикізатты сатып алу 
қажет және т.б.
Сонымен менеджердің санды бақылауы жеңілденеді. Егер 
нақты нәтиже жоспарланғаннан артық болса, ол шешім тәуекелді 
ескеру негізінде немесе ең оптималды емес шешім қабылдағанын 
білдіреді.
Егер нақты нәтиже жоспарланғаннан төмен болса, онда ме-
неджер келесі қорытынды жасайды:
– өте артық оптимистiк шешiммен қабылданды; 
– технологиялық үдерiсi бұзылды.
Менеджердiң бақылау функциялары - бұл нақты нәтиженiң 
анықталуы ғана емес, сонымен бірге ол ертеде қабылданған 
шешiмдердің тиімділігін, дұрыстығын тексеру болып келеді 
және ертеде қабылдаған шешімді түзетуге нақты базасын құруды 
анықтайды.
Шығарылған тауардың сапасын бақылау – басқарушылық 
қызметтің ең бір күрделі мәселесінің бірі болып келеді. Бұл ең 
алдымен, бақылаудың оптималды формасын таңдаумен байла-
нысты. Маңыздылығы нарықтың тауармен толықтығынан туады, 


147
өндіруші арасындағы бәсекестік сапа аясына ауысады. Мәселе 
менеджердің тауардың нақты сапасы туралы барабар хабары 
жоқтығынан туады, өйткені ол техникалық бақылау бөлімінің ма-
мандары қаншалықты жауапкершілікпен өз функцияларын орын-
дап жатқаны туралы дәл білмейді. Өндірілген өнімнің сапасын 
тиімді бақылау формасы – ол әр қызметкер өз жұмыс орнында са-
паны бақылаушы болуы. Ол үшін орындаушы осы қызметтің тек 
ұйымға ғана емес, өзі үшін де өте маңызды екенін жете түсінуі.
Сапаны бақылау формалары:
– әр операцияны бақылау;
– аралық бақылау;
– соңғы бақылау;
– ішінара тексеру.
Бақылау функция ретінде және бақылау әрекет ретінде қа-
растыру арасындағы айырмашылықтары кең көлемділігі және 
уақытқа созылуы бойынша көрінеді. Бақылау әрекет ретінде 
бірсәттік әрекет болып көрінеді, ал бақылау функция ретінде 
тұтас басқарушылық қызметінің барлық кезеңдерінен – тау-
арды жобалаудан бастап тұтынушының оны пайдалануына 
дейін өтеді. Өте оңдысы: басқарушылық функция, менеджердің 
міндеті қызметкерлерге ақау жіберуді болдыртпайтын өндіріс 
жағдайларын жасау. Бұл жерде ол жоғары сапалы материалды, 
шикізатты, жартылай фабрикатты қолдануға ерекше көңіл бөлуі 
керек. Өкінішке қарай, кейбір менеджерлер осы талапты елемейді, 
тауарды құрастыру менің емес, конструктордың құзырына жата-
ды деп ойлайды.
Өндіретін тауардың сапасын бақылау жұмыс операцияла-
рын оптималды жоспарлауын, қызметкерлердің сапалы жұмыс 
істеуімен марапаттау өлшемін тығыз байланыстыруды қамтиды.
Сапаны бақылауды жүктеуге болатын бағыныштыны табу, 
өндірілген өнімді тұтынушы оңай пайдалануы да өте маңызды 
болып келеді.
Менеджердің бақылау мен жауап беру функциялары оның 
қызметінде бір тұтас болуы керек: бақылау жүргізсең, оның 
нәтижесіне жауап беруге мәжбур боласың. Бақылау өндірісте 
алынған нақты нәтижелерді жоспарланған нәтижелермен са-


148
лыстырмалы талдауды жүргізу және алынған нәтижелерді кү-
тілген нәтижеге жақындату үшін қосымша шараларды қолдану 
менеджердің кейінгі әрекетін бақылаудың нәтижесіне жауап беру 
деп білеміз.
Бақылау жүргізгенде менеджер жағымсыз жағдайды кез-
дестіруі мүмкін: күтілген нәтиже әртүрлі себеппен алынбай-
ды немесе алынуы мүмкін емес. Мұндай алшақтық туғанда 
менеджер қандай факторлар мен себептер керекті нәтижеге 
жеткізбегенін анықтай бастайды. Нәтижені болжағанда не 
ескерілмеді, не заттарға жете көңіл аударылмады және қандай 
шаралар қолданылуы керек, міне, осы сұрақтарға менеджер жау-
ап іздеп, ұйым қызметін қайта ұйымдастыруға тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет