Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет73/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80
Бақылау сұрақтары:
1. «Басқару моделі» терминін қалай түсінесіз?
2. Басқару моделінің компоненттерін атаңыз.
3. Қалай ойлайсыз: менеджер нақты басқару моделін өзі саналы 
түрде таңдай ма жоқ ол ағымды жағдайдан туындай ма?
4. Не себептен өндіріс теориясы барлық басқару модельдерінің ба-
сын біріктіреді деп есептейді?
5. Мақсаттық басқару модельдерінің ерекшеліктері неде?
6. Мақсаттық басқару модельдері мен экономикалық модельдерінің 
арасындағы ұқсастықты келтіріңіз.
7. Қазақстанның қазіргі жағдайында қай басқару моделі басым бо-
лып келед
і?


182
ТӘЖІРИБЕЛІК ТАПСЫРМАЛАР
1-тапсырма. КЕЙС-СТАДИЗ: «Тәтті өмір» – оған қалай 
«қол жеткізіледі». 
1992 жылы пензендік жоғары әскери училищесінің курсанты болып 
жүріп, 22 жастағы Альберт Гусев бала кезінен жанында жүрген доста-
ры Игорь және Андрей Стрельцовпен өз бизнестерін ашпақшы болады.
Бір адамнан 600 доллар кредит алып, бір тонна печенье сатып алады. 
Оны А.Гусевтің енесінің пәтеріне апарып, Новгородтың Канава база-
рында бір ай ішінде сатып тастайды. Және олар тек несиені қайтарып 
қана қоймай, сонымен қатар оның пайызын да өтеп, пайда көре біледі. 
Пайда бизнесті орнықтыруға кетеді. Пензадағы кондитер фабрикасы-
мен серіктестік құрып алады. Демалыс алған кезде А. Гусев фабрикадан 
келесі тауар партиясын алып, оны компаньондары Нижний Новгородта 
сатумен айналысатын болды... 
Училищені аяқтағаннан соң лейтенант атағын алған Альберт бизнес 
жолын таңдап, әскерден кетіп қалды. Осы уақытта достары бизнесті 
тіркеуден өткізіп, оны «Тәтті өмір» деп атады. Негізгі капиталда тек жүк 
машина болды. Базардағы сатуды аяқтап, Нижний Новгородта көтерме 
саудамен айналыспақшы болды. Бұл жұмыстың жаңа кезеңінде барлық 
жұмыстарды ұйымдастыру орталығы болып табылатын және де кли-
енттермен араласатын нағыз қоймаға көшті. Бір жылдан соң компания 
штатында 15 адам жұмыс істейтін болды. Компаньондар екі дүкен са-
тып алды, үшеуін жалға алды. Даму Ресейдің Жинақтаушы Банкі мен 
Нижнегородтық банкир үйінен алынған қарыз құралдарының негізінде 
жүзеге асты.
1997 жылға дейін компания қызметін кеңейтті: көтерме сауда мен 
бөлшек сауданы үйлестіре отырып, тауар сақтайтын және жалға алы-
натын меншік иелері атанды. 1997 жылы ниж-негородтық нарықта 
бәсекелестер күшейе бастады. «Тәтті өмір» барлық назарын көп пай-
да әкелетін көтерме саудаға аударды. Компания дүкендерді жалға 
алу мен ұсақ бөлшек сауданы тоқтатты. Нарықта лидер болу олардың 
стратегиялық мақсатына айналды. Нақты стратегиясын жасау кезінде 
жасалған талдау компания дәл осындай қызметпен айналысатын 
басқа компаниялардан ешқандай айырмашылығы жоқ екенін көрсетті. 
Бизнестің сапалы түрде өзгеріп, басқару қағидаларын өзгерту көзделді. 
Компания Нижний Новгородта алғаш рет cash & carry қоймасын 
ашты. Тауар ассортименті 600-ден 1500-ге дейін кеңейтілді. Бұл ком-
пания құрылымының өзгеруін талап етті. Тауармен жұмыс істеу тех-
нологиясы, персоналды басқару, есеп және сақтау, қаржы ағымын 


183
басқару мұның барлығы жаңа міндеттерге сай келмеді. Экстенсивті 
дамуға бағытталу үшін сапалық өзгерістер енгізілді. Диспетчерлік 
бөлім құрылып, әр жұмысшы белгілі бір аймақта белгілі бір анықталған 
дүкендерде өз тұтынушыларымен жұмыс жасай бастады. Ал мұндай 
дүкендердің саны бес жүзден асып кетті. Мұндай клиенттермен 2800 
тауар түрі бар сегіз ірі қойма айналысты. Және де Nestle, Unilever, 
Mars, Coka-Cola, Chupa-Chups, Лианозовтық сүт комбинаты, Черки-
зовский АПК сияқты фирмалар тауар әкелетін болды. Бұған қоса екі 
супермаркеті болды. 
Жабдықтаушылармен жұмыс жасайтын менеджерлер көбейіп, 
олар басқа компаниялардан, сонымен қатар бәсекелес фирмалар-
дан да келетін болды. Білікті мамандар жұмысқа алынып, персо-
налды ішкіфирма оқыту ұйымдастырылып, маңызды және күрделі 
сұрақтармен айналысатын консультанттар пайда бола бастады. Пер-
соналды оқытуға арналған арнайы орын табылды. Компания басшысы 
осындай типтес фирмаларды басқару мен жаңашылдыққа бағытталуды 
жетілдіру сұрағымен Щвецияға барып келді. Бір жарым жыл бюджеттеу 
қағидасын орындау мәселесін меңгеру үшін кетті. Директордың өзі 6 
жыл бойы демалысқа шықпағанына уайымдады. Себебі бұлай жұмыс 
істеу тек уақыт фирманы құрылу кезінде мүмкін болатын. 1998 жылы 
тамызда А.Гусев өзінің бірінші демалысынан келгенде өзінің компа-
нияда болмаған кезінде жұмыс тоқтамай, тұрақты жұмыс жасағанын 
көріп, ағымдағы шешім қабылдау мәселесіне араласудан бұрын компа-
ния стратегиясына бар күшін салды. Стратегиялық бизнес модельдеудің 
қағидаларын өз қоластындағыларға үйрете бастады. Жаңа 1999 жылы 
А.Гусев өзінің 50 менеджерін Мәскеудегі Рамсторға алып барып, 
шетелдіктердің инвестициялық қызметін көрсетті. Инвесторлардың 
Нижний Новгородқа келіп, олардың дистрибьютор мамандар ретінде 
қажет екенін түсінгенін қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет