Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР



Pdf көрінісі
бет76/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
ТАЛҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР:
1. Сергей Кучкин бір өзі құрған ұйымының ұйымнан тыс мақсатын 
қалайша қалыптастырды? 
2. Өз кәсіпорнын құру кезінде сыртқы ортаның қандай факторларын 
назарға алуға тура келді?
3. Сергей Кучкиннің ұсынған қызметтер эксклюзивтілігін сіз қа-
лайша сипаттайтын едіңіз? Оның қызметінің толығымен табысты 
екендігін ненің негізінде қорытынды шығаруға болады?


187
4-тапсырма. Кейс Стадиз: «Ильюшин» авиациялық кешені 
1999 ж. соңына қарай «Ильюшин» авиакешенінің бас директоры 
Ил-114-100 жаңа ұшу аппаратын құру мен нарықта жылжытуға байла-
нысты 3 түрлі бағытта жұмыс істеу керек екенін түсінді. Қалыптасқан 
жағдайда : а) аппаратты ішкі нарықта жылжыту; ә) әлемдік нарықты 
игеру; б)украиндық аналог АН-140-пен тиімді бәсекелесу формаларын
іздеу.
Осы машинаны жасаудың басында-ақ ескірген Ан-24 пен Як-40 
модельдер орнын басуға жоспарланған болатын. 64-орынды ресейлік
Ил-114 ұшағы 1990 жылы сынақтан өткен. 
Машинаны жасаудың басында және әсіресе, бастапқы қолдану 
сатысында әлемдік нарықта дәстүрлі қозғалтқышпен жылжуға 
мүмкін емес екендігі түсінікті болды. Тек сенімдірек қозғалтқыш 
қызығышулық тудыруы мүмкін. Авиакешен авиациялық қосалқы эле-
менттерге мамандандырылған американдық «Pratt & Whitney» фирма-
сымен іскерлік қарым-қатынас орнатты. Бұл фирмамен авиакешенге 
қозғалтқыштардың керекті санын жеткізу туралы келесім жасалды. 
Жаңа мотор мен жетілдірілген борттық жабдықталған ұшақ таулы 
және ыстық климат жағдайында аймақтық ұщуларды ұйымдастыратын 
авиакомпаниялар үшін тартымды бола түсті. 1999 жылдың соңында 
ұшақ ұшуға жарамды ресейлік сертификатын алды. Алайда, әлемдік 
нарыққа шығу рұқсатын алу үшін АҚШ стандарттары бойынша 
ұшу жарамдылығы сертификациясынан өту керек – тек осы қадам 
халықаралық нарыққа жол ашады.
Бірақ тағы да бір қиыншылық бар еді. Ұшақ Өзбекстанмен коопе-
рация негізінде өндіріледі. Құраушылардың 98%-ы Ресейде дайында-
лып, Ташкенттік авиациялық зауытта толық құрастырылатындықтан
кедендік «қосымша» құн ұшақтың бағасын 6-дан 7- млн. АҚШ долла-
рына дейін көтереді, Ил-114-100 ұшағын 8 млн долларға дейін көтереді. 
Мұндай жағдайда бағаны қалай төмендетуге болады? Бұл сұрақтың 
жауабы «Ильюшин» үшін өте маңызды, себебі бәсекелес-ұшақтың 
құрастырушысы Антонов атындағы Киевтік ОКБ өз ұшағын 7-8 млн 
долларға бағалайды, ал американдық қозғалтқышпен PW-127 8-9 млн 
долларға дейін көтеріледі.
Ұшақтың жаңа модификациясына 100 тапсырыс алынған бол-
ды, бірақ 1998 ж. тамыз айындағы оқиғадан кейін көптеген тапсырыс 
берушілер ұшақты алудан бас тартты: мұндай жаңа жағдайда бағасы 
өте қымбат болды. Енді ұшақтарды ресейлік авиалиниялар да лизинг 
негізінде қолдана алады. Ильюшин авиакешені НРБ банкі, Ворнеждік 
авиазауытпен бірігіп «Ильюшин Финанс Ко» лизингтік компаниясын 


188
құрды. Алайда, бұл компания Ресейде тек «Аэрофлот» пен «Трансаэро»-
мен тапсырыс берілген Ил-96-300, Ту-204 ұшақтарымен лизингтік 
келісімшарттар жүргізеді. Өзбекстанда «Узавиализинг» лизингтік 
компаниясы қызмет атқарады. Ресейлік авиасатушыларға ресейлік 
лизингтік компаниялардан ұшақтарды жалға алу тиімдірек. Егер ли-
зинг ресейлік лизингтік құрылым негізінде жүзеге асырылса, құраушы 
элементтер Ташкентке өңделме шикізат ретінде келеді, яғни толлинг 
сызбасы: қолайлы деңгейге дейін өндірілетін ұшақтардың бағасын 
және салық құнын төмендетуге мүмкіндік беретін Ресейдің алюминий 
өнеркәсібінде кең таралаған сызба жүзеге асушы еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет