2. Интеллектуалды әрекеттер блогы.
Интеллектуалды қызмет
ойлау арқылы логикалық тәуелділіктерді анықтауды білдіреді.
Менеджер интеллектуалды күш жігерін басқарушылық шешім-
дерді дайындау мен қабылдау сәттерінде қолданады.
16
Менеджердің тиімділігі жоғары маман болуға ұмтылысы
оның өзінде кәсіби бағытталған интеллектуалды қабілеттерін да-
мытуды талап етеді. Оқытудың негізгі міндеті – кәсіби ойлаудың
өзіндік стереотипін оқушыға қалыптастыруды көмектесу, ал
білім беру немесе өзіндік білім алудың міндеті сондай ойлаудың
дағдыларына иелену болып табылады.
3. Ұйымдастырушылық немесе ұйымдастыру әрекеттерінің
блогы.
Бұл дегеніміз − өзіне адамдарды (атқарушылар, бағы-
ныштылар, әріптестер, серіктестер) бағындыра білу. Менед-
жер тиімді ұйымдастырушы ретінде өзіндік ерікті тұлға болып
табылады. Ұйымдастырушылық қызметтерді жүзеге асырмай
менеджердің қызметін атқару мүмкін емес. Менеджер егер
кәсібилігін арттырғысы келсе, ұйымдастырушылық қабілетін да-
мытуға мәжбүр болады.
Менеджердің әрбір нақты уақытта қызметін маңызды немесе
басты бағыттарға өзін-өзі ұйымдастыру мен өзін-өзі шоғыр-
ландыруға ұмтылысы маңызды рөлге ие. Өзін-өзі ұйымдастыру
дегеніміз – адамның бір нақты іске өзін өзі бағындыру, соны-
мен қатар жұмыс күнге жоспарланғанды асықпай, баппен тиімді
орындауға үлгеру үшін өзінің жұмысын ұйымдастыру қабілеті.
Өзін-өзі шоғырландыру – бұл менеджердің басты бағытқа назар
аудару, басқарылатын ұйым үшін аса маңызды емес, бірақ жаса-
луы тиіс бір қатар жұмыстардан сондай бағытты таңдау қабілеті.
Мұндай қасиеттерді жеке тұлға дамыту қерек, оларға қажет
дағдыларды өзінде қалыптастыру тиіс, себебі ұйымның көптеген
әрекеттері соған тәуелді.
4. Коммуникативті әрекеттер блогы.
Менеджер өзінің лауа-
зымдық міндеттерін жүзеге асыруда коммуникант рөлін атқарады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту, оларды жетілдіру қа-
зіргі кезде міндетті талап ретінде қалыптасты. Коммуникация
менеджердің лауазымдық қызметтерін – бағыншытыларымен,
серіктестерімен, жоғары тұрған басшылармен, басқа да ұйым-
дардың өкілдерімен қатынасты жүзеге асыру кезінде маңызды
рөлге ие. Дұрыс таңдалған коммуникация тәсілі белгілі мақ-
саттарға қол жеткізу үшін негізгі рөлде болады.
5. Психологиялық әрекеттер блогы.
Менеджер лауазымдық
17
қызметтерін атқаруда психолог ретінде де бола білуі керек. Ол
психолог қызметін атқаруда төмендегілердің психологиялық
ерекшеліктерін:
- байланысатын барлық адамдардың;
- коммуникация үдерісінің және ұжым мүшесі ретінде өзін-өзі
ескеру қажеттілігінен басталады.
Психологиялық ерекшеліктерді ескеру деп менеджердің басқа
адамдарының мінездерін түсіне білу, олардың көңіл күйлерін,
жан күйзелістерін дәл таба білу, адамдардың психикасына әсер
етуі мүмкін факторларды анықтау қабілетін айтамыз.
Әріптесінің, серіктесінің орнына өзін қоя білу, басқа адам-
ды түсіне білу қабілеті және жаны ашу сезімін сезіну, яғни осы
тұлғалық қасиеттер менеджерге өзінің лауазымдық міндеттерін
тиімді орындау үшін өте қажет.
6. Экономикалық әрекеттер блогы.
Менеджер белгілі бір уақыт
аралығында экономист ретінде қызмет атқарады. Экономикалық
қызмет оның кәсіби қызметінің мәні мен негізі болып саналады.
Менеджер экономикалық қызметінде негізгі үш экономикалық
ұғымдарды:
– шектеулі ресурстарды;
– шектеулі ресурстарды пайдалана отырып, максималды табы-
сты қамтамасыз етуді;
– максималды табыс алу мақсатында шектеулі ресурстарды
қолданудың нақты тәсілін таңдауды есепке алып отырады:
Менеджер өзін-өзі басқару обьекті ретінде болып табылады.
Менеджмент кәсіби қызметтердің бір түрі ретінде адамның өзін-
өзі дамытуы мен жетілдіруін, яғни талап етеді. Өзін-өзі басқару
дегеніміз − менеджер, егер ол жоғары кәсіби маман болып және
кәсіби мансапты құрғысы келсе, ең алдымен, өзінен не талап
етілетінін (қандай тұлғалық қасиеттер болу керек), сол тұлғалық
қасиеттердің дамыту деңгейін мен өзінде керекті деңгейге сол
қасиеттерді дамыту бойынша нақты әрекеттерді белгілей білу бо-
лып табылады.
Өзін-өзі басқару шеңберінде өз эмоцияларын басқара білу өте
маңызды. Тек қана интеллектуалды дамыған адам өз эмоцияла-
рын басқарады. Сол себептен, интеллекті дамыту, жетілдіру және
18
өз эмоцияларын басқару сияқты өзара байланысқан тұлғалық
қасиеттер назарға алынады. Кәсіби функцияларын атқару кезінде
эмоциялар әсерінен өзін ұстауға ұмтылыстар терең ойлану, не-
месе өзін өзі үйрету, сонымен қатар тренингтерге қатысу арқылы
қол жеткізіледі.
Лауазымдық міндеттер деңгейі – бұл менеджердің өзі немесе
менеджерге жұмыс берушінің белгілейтін кәсіби дәрежесі. Ме-
неджер:
а) минималды рұқсат етілген талаптар деңгейінде (басқа кә-
сіби мамандар секілді);
ә) минималды рұқсат етілген талаптарды асыра орындау
деңгейінде өзінің лауазымдық міндеттерін орындай алады.
Менеджердің лауазымдық міндеттерінің толық жіктемесі
оның негізгі лауазымдық міндеттерінің түсінігінің үш сапалық
және сандық түрлі тұжырымдамасынан тұрады.
Бірінші деңгей:
ұйымды сақтап қалу үшін жағдай жасау.
Лауазымдық міндеттердің бұл тұжырымдамасын қалыптастыру
көбінесе, қандай жағдайда да тәуекелге бармайтын, менеджер-
құрушы немесе жасаушы емес, менеджер-қолөнершіге тән
кеудемсоқтық, атаққұмарлығы жоқ менеджерлерге сай келеді.
Бұл бағдайда басқару қағидалары мен әдістері мазмұны бой-
ынша фирманың (ұйымның) қызмет ету нәтижесінің құлдырап
кетпеуіне негізделеді. Мұндай тұжырымдама қорғанушы ретінде
сипатталады. Басқару мазмұны фирманың тұрақты қызмет етуін
қамтамасыз ететін шешім қабылдауда. Жанжалды жағдайларды
болдырмау, фирма ішінде жанжалдар себептерін жою, сыртқы
орта өзгерістеріне қалыпты жауап беру – өз лауазымдық қызметін
өз ұйымын сақтап қалу деп түсінетін менеджердің басқарушылық
қызметінің негізі.
Сонымен қатар, ұйымды сақтап қалу мақсатты бағыт белсенді,
қабілетті, жолы болғыш менеджерлерге де тән болу мүмкін. Оған
қажеттілік ұйым үшін қолайсыз жағдай болғанда менеджер «күту
тактика» бойынша шешім қабылдаған кезінде болады, яғни
«болашақ шабуыл үшін уақытша шегіну».
Екінші деңгей: ұйымның сапалық және/немесе сандық өсімі.
Кәсіби жетістіктерге тәжірибеде қорғаныс стратегиясын емес,
19
шабуылдау стратегиясы мен тактикасын қолдану арқылы қол
жеткізіледі. Ұйымның өсімі – нақты іскерлік ортада фирманың
қызмет етуінің нәтижесін сипаттайтын қандай да бір сапалық
және сандық көрсеткіштің абсолютті өсудің көрсеткіші.
Өсімнің сапалық және сандық көрсеткіштерінің кейбірі
біріктірілген сипатта болады. Біріктірілген сипаттың негізгі
көрсеткіші болып өндіріске жаңа технология енгізу арқылы
өндірілетін өнімнің көлемінің артуының өсім көрсеткіші табыла-
ды. Жаңа технология өнім өндірісінің өсуіне де, өнім сапасының
артуына да себепші болады. Кей кездері жаңа технологияны
енгізуден өндірілген өнім көлемі өспей, жұмысшылар санын
қысқарту арқылы өсімді жүзеге асыруға болады.
Үшінші деңгей: фирманы көшбасшылыққа шығару.
Өзінің
лауазымдық міндеттерін фирманы көшбасшылыққа шығару
жағдайын жасау деп түсінетін менеджердің тактикасы мен стра-
тегиясы агрессивтілігімен ерекшеленеді, сондықтан да мұн-
дағы қабылданатын шешімдер сипаты агрессивті болып табы-
лады. Мұндай бағыттағы стратегия мен тактика жоғары кәсіби
деңгейде ойлайтын, интуиция сезімі жақсы дамыған менеджер-
лерге тән. Және осындай жағдайда қабылданатын басқарушылық
шешімдер стандарттық сипатта емес, басқа бақылаушылармен
дұрыс бағаланбай жатады.
Көшбасшылыққа шығару тәуекелді қызмет негізінде жүзеге
асып жатады: ұйымды «сілкілеу», айтарлықтай көлемде венчурлық
капиталды іздеу және қолдану, анық емес тұтынушылық мүдделер
мен қызығушылықтарды едәуір есепке алу.
Жалпы алғанда, менеджердің негізгі лауазымдық міндеттері
тұрғысынан басқару – бұл:
- егер менеджер нақты қызмет етуші құрылымды басқарса,
ұйымды сақтап қалуға;
- егер менеджер қандай да бір жобаны жүзеге асыруға кірісіп
немесе жүзеге асырып жатса, ұйымды құруға ұмтылу.
Достарыңызбен бөлісу: |