Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет11/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80
Бақылау сұрақтары
1. Неге менеджменттің жалпы теориясын барлық салалардың маман-
дары оқу қажет?
2. Менеджердің негізгі лауазымдық міндеті неде? 


20
3. «Ұйым үнемі өзгеріп тұратын ортада әрекет етеді» деген тұжы-
рымдаманы қалай түсінесіз? Осы тұжырымдаманы жете түсінген ме-
неджерге қандай қорытындылар жасау керек?
4. Басқаруда менеджердің ментальды әлеуетінің рөлі неде? Менед-
жердің кәсіби ойлауының көрінісін бейнелейтін мысал келтіріңіз. 
5. Менеджер өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруда қан-
дай рөлдік функцияларды атқарады және осы функцияларды атқару 
қажеттілігіне алғышарт болып табылатын не?


21
2. ҰЙЫМДЫ ЖҮЙЕЛІЛІК ТҰРҒЫСЫНАН 
ТАЛДАУ
2.1. Ұйым ашық жүйе ретінде
Ұйым – салыстырмалы түрде қоғамдық өндірістің жеке бөлігі, 
еңбек бөлінісі және маманданудың обьективті заңдар күшімен 
пайда болады, мақсаттарды және оларды шешу жолдарын таңдау 
туралы өзінің субъективті түсінігі негізінде қоғамдық өндірістің 
жүйесі мен құрылымында өзінің өзімшілдік мақсаттарын жеке 
анықтайды,. Ұйым екі маңызды белгімен – ашықтығы және 
жүйелілігімен сипатталады, ал бұл басқарушылық көзқарасы 
тұрғысынан ұйым туралы: ұйым ашық жүйе ретіндегі түсінікті 
қалыптастырады.
Ұйымның ашықтығы оның сырттағы әсерлерге ұшырайтынын 
білдіреді. Ұйымға сыртқы ортаның әсерлері менеджерге ұйымның 
ішкі өмірінің өзгерісімен байланысты нақты шешімдер қабылдауға 
мәжбүр етеді, өздігінен ішкі орта ешқандай өзгерістер талап етпе-
се де. 
Ұйымның жүйелілігі ұйымның ішкі ортасының болуын, осы 
ішкі ортаның құрылымдануын, оның барлық ішкі айныма-
лыларының өзара байланыстылығын және олардың бірінің өзгерісі 
басқа қалған ішкі айнымалыларды өзгеріске алып келетіндігін 
білдіреді. 
Осындай өзара байланыстың сипаты кез келген ұйымды тиім-
ді басқару арқылы нақты экономикалық жетістіктерге (пайда, 
табыс, еңбек өніміділігі және т.б.) жететіндігін немесе ұйым-
ның салалық қызметінің қалыптасып келе жатқан немесе 
қалыптасқан экономикалық жағдайға бейімделетіндігін түсін-
діреді. 
Ұйым – салыстырмалы түрде жеке институционалды құры-
лымдармен толықтырылған қоғамдық іскерлік ортаның бір бөл-
шегі. Институционалдық құрылым ретінде ол: 
орталықтандыру дәрежесі, яғни ұйым өзі мақұлдаған 
иерархиялық құрылымда шешімдер қабылдау деңгейлерін ажы-
рату;


22
– икемділігі, яғни ішкі ережелерді, процедураларды, қабыл-
данған өзара қатынастардың жүйесән өзгерту қабілеті;
– бейімділігі, яғни қоршаған ортаның өзгерген талаптарына 
ыңғайлану қабілеті сияқты сипаттарға ие.
Басқару күрделілігіне байланысты суперкүрделі, күрделі, 
қарапайым және дамушы ұйымдар деп бөледі. 
Менеджердің мансаптық ұмытылысы жіктемені ескеруге – да-
мушы ұйымды басқарудан суперкүрделі ұйымдарды басқаруға 
дейінгі жіктемені ескеруге негізделген. Әрине, ұйымдардың 
аталған әрбір түрі нақты басқару тұжырымдамасын талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет