Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


ҰЙЫМДЫ АШЫҚТЫҚ ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАУ



Pdf көрінісі
бет15/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80
3. ҰЙЫМДЫ АШЫҚТЫҚ ТҰРҒЫСЫНАН ТАЛДАУ
 3.1. Сыртқы орта ұйымды дифференциациялау 
механизмі ретінде. Сыртқы ортаны құрылымдау
Сыртқы орта ұйымның кәсіби қызметінде анықтаушы рөл 
атқарады. Ол ұйымды дифференциациялау механизмі ретінде 
қызмет етеді – біреулері сыртқы орта әсерінен күшейеді, іріленеді, 
өз мәні мен рөлін кеңейтеді; басқалары бұрынғы орындарын 
жоғалтады, өз секторларынан кетеді; ал үшіншілері күштеп 
алынған орындарын сақтап қалады, «консервіленеді».
Сыртқы орта деп ұйымның қоршауын, яғни ұйым қызметі 
олардан тәуелді болатын факторлар жиынтығын атаймыз. Осы 
факторлар ұйымға және оның мақсаттарына әсер тигізу мүмкін, 
сондықтан олар менеджер басқаратын өндіргіш құрылымның 
сыртқы орта күтулері мен талаптарына бейімделуі үшін ескерілуі 
тиіс.
Сыртқы орта факторларын тікелей және жанама әсер ететін 
деп бөлінеді.
Тікелей әсер ету факторларына ұйымға тікелей әсерін тигі-
зетін және олардың талаптарына ұйым өз қызметін бейім-
деуін мәжбүрлейтін сыртқы күш көздерін айтамыз. Оларға 
мемлекеттік органдар мен заңдар; ұйымға күштік қысым 
көрсететін көздер, яғни заңсыз құрылымдар; серіктестер мен 
іскерлік байланыс (жабдықтаушылар мен тұтынушылар); бәсе-
келестер; менеджердің құзыреттілік деңгейі; ұйым имиджі; 
кәсіподақтар жатады.
Жанама әсер ету факторлары деп ұйымға тікелей емес, не 
белгілі бір шарттарда әсер ететін сыртқы күш көздерін түсінеміз. 
Оларға саяси факторлар; ғылыми техникалық жетістіктер; эко-
номика жағдайы; ұлттың әлеуметтік-мәдени факторлары, яғни 
халықтың мәдени, білім алу, рухани деңгейі, оның құндылық 
бағыттары және ұстанымдары; әлемдік нарықтағы өзгерістер 
жатады.


33
3.2. Сыртқы орта әсеріне менеджер жауабы. 
Ұйымның макро және микро орталарын талдау
Басқарушы өз ұйымын басқару барысында сыртқы ортаға 
қалай да жауап беруі керек, оның өзгерістеріне дайын болуы 
керек.
Сыртқы орта – ұйымды белгілі бір нысанда әрекет етуге 
міндеттейтін тікелей және жанама әсер етуші факторлардан 
құралған ұйымның қоршаған ортасы. Сыртқы ортаны талдау 
барысында басқарушыға оның бірқатар сипаттамаларға ие болу 
қиындық етеді:
– құрылымдық күрделілік;
– ұйымға қатысты әр фактордың әсер ету деңгейі әртүрлі;
– кейбір факторлар үнемі тұрақты күш көрсетсе, басқалары 
қысқа мерзімді әсер етеді;
– сыртқы орта өзгерістері жылжымалы, хаотикалық және 
екпінді сипатта, оларды қадағалау қиын, сондықтан олардың та-
лаптарына ұйымның бейімделуі бойынша шараларды қолдану да 
оңай емес.
Бұлардың барлығы тек қана басқарушының қызметін күр-
деліндіре ғана қоймай, сонымен қатар басқарушыға қойылатын 
талаптар деңгейін едәуір көтереді. Осыдан бірте-бірте эконо-
микалық қатынастардың субъектісі негізгі фигураға айналады. 
Бұл көзқарастан басқаруды ұйым қызметінің сыртқы орта талап-
тарына бейімдеуі немесе осы талаптарды ескеру үдерісі деуге бо-
лады. 
Менеджер сыртқы орта талаптарына бейімделіп қана қоймай, 
қажет болған жағдайда ұйымға керекті өзгертулерді сыртқы 
ортаға енгізу мақсатында бұл ортаға әсер етуге мәжбүр бола-
ды. Менеджер сыртқы ортаға үлкен не кішігірім өзгерістеріне 
алып келетін құралдар арсеналына ие. Мұндай мүмкін құралдар 
қатарында келесілерді бөліп көрсетуге болады:
– ұйым қызметіне қатысты заңнаманы өзгерту, ұйым 
үшін белгілі жеңілдіктерді (әсіресе, салықтық), бюджеттік қар-
жыландыруды алу, женілдік немесе табыстық шарттар негізінде 
мемлекеттік тапсырысты алу ұмтылыс арқылы ұйымның мүд-
десін лоббилеу;


34
– ұйым өндіретін тауар, өнім, көрсететін қызмет түріне сұ-
ранысты ынталандыру, яғни маркетинг функцияларын жоғары 
тиімді атқару арқылы өзіндік тауар нарығын құру;
– іскерлік байланыстарды орнатудың жеңілдетілген балама-
сын іздеу, яғни өзі үшін өндірістік запастарды пайдалы сатып алу 
шарттарын қамтамасыз ету;
– сыртқы ортада ұйымның тартымды имиджін PR-функ-
цияларын тиімді атқару арқылы қалыптастыруға тырысу.
Менеджердің сыртқы ортаға әсер етуі жаңа тауар нарығын 
құруға күш-жігер салуы барысында анық көрінісін табады. Жаңа 
тауар нарығы – бұл нарық кеңістігін жақсы игеру нәтижесі, яғни 
менежердің іс-әрекеттері нәтижесінде нарықта уақытша немесе 
тұрақты тауарға байлаулы тұтынушылар тобы пайда болады. 
Әр кәсіби менеджер өзінің лауазымдық міндеттерін жүзеге 
асыру барысында жаңа тауар нарығын құру мәселесімен кемінде 
бір рет кездеседі. Бұл көзқарас тұрғысынан менеджер үшін ол 
басқаратын ұйымның қызмет ету ортасының сипатын талдаудың 
маңыздылығын түсіне білу үлкен мәселе. 
Сыртқы ортаға әсер ету арқылы менеджер қоғамдық дамудың 
ілгерілеуіне жол ашады: жаңа, сапасы жоғарырақ, арзан бағамен 
ұсынылған тауарлар, жаңа немесе кеңейтілген қызметтер пай-
да болады, бұл, әрине, қоғамның барлық мүшелерінің өміріне 
жағымды әсер тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет