Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Ұйымдастырушылық құрылымдар және оларды



Pdf көрінісі
бет67/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80
13.3. Ұйымдастырушылық құрылымдар және оларды 
таңдауды белгілейтін факторлар
Ұйымдастырушылық құрылым деп ұйымның ішкі құруын, 
өндіргіш үдерісті берілген режимде басқаруға мүмкіндік беретін
конструктивтік негізді түсінеміз. Ұйымды құруға арналған 
бірыңғай модель жоқ, бірақ бірнеше модельдер типі жасалынған.
Ұйымдастырушылық құрылымының нақты типін таңдауда 
ұйым мақсаттары мен менеджердің тұлғасы үлкен рөл атқарады. 
Ұйымдастырушылық құрылым менеджер үшін қолайлы болу ке-
рек. Алайда тәжірибедегі әр менеджер басқаларды қайталамайтын, 
тек өзіне тән ерекшеліктері бар адам. Ұйымдастырушылық 
құрылым менеджердің осы ерекшеліктеріне бейімделуге тиіс. 
Жалпы алғанда, ұйымдастырушылық құрылым үш негізгі: 
өндіргіш үдерісінің технологиясы, басқарушы орталық, орында-
ушылар сияқты компоненттерден тұрады. Ұйымдастырушылық 
құрылымды модельдеу процедурасы келесі логикамен орында-
лады: алдымен басқару орталығы пайда болады, ол технологи-
яны таңдайды, содан кейін таңдалған технологиялық үдерістің 
қажеттері анықталған соң оларды жұмыс операциясына айнал-
дырады. Технлогиялық үдеріс қызмет ету үшін жұмыс операция-
ларын орындаушылардың нақты жұмыс орындарына бекітеді.
Қызметкерлердің шағын саны бар және шағын тауар айна-
лымды ұйымдарда ұйымдастырушылық құрылымы қарапайым 
болады, оны линейлік модель деп атайды. Бұл модель бойын-
ша, басқару орталығы тікелей орындаушылармен байланыста 
келеді. Басқару орталығы кейде бір адамнан тұруы мүмкін. Ұйым 
құрылымын әзірлегенде менеджер екі негізгі факторға сүйенеді, 
олар:
– ұйымның басқарылуын қамтамасыз ету;
– өзінің жеке мүмкіндіктері.
Егер ұйым шеңберінде басқару функционалдық блокта-
ры енгізілсе, онда басшы орынбасарларына нақты басқару 
функциялары аударылады: біреуі өндірісті басқаруға, екіншісі 
коммерциялық қызметке, үшіншісі қаржыға жауапты болады. 
Бір ұйымдастырушылық құрылымы шеңберінде линейлік 


157
және функционалдық құрылымды біріктіруге болады, оны құ-
растырылған ұйымдастырушылық құрылым деп атайды.
Көпзвенолы басқару құрылымын құру қосымша әрекеттерді 
талап етеді, олар бір деңгейде қабылданатын шешімдерді 
үйлестіру және келісу қажеттілігімен байланысты. Үйлестіру 
және келісу принципі сақталынбаса ұйым басқарылмайтын 
күйге түседі, сондықтан менеджер бұл мәселенің маңыздылығын 
ұмытпауы керек. Демек, басқару анықтамасы түзетілу керек, ол 
тек әсер ету емес, сонымен қатар үйлестіру және келісімге кетіру 
болып келеді.
Әр ұйым жүйе ретінде оны құратын жүйеше жиынтығынан 
тұрады, менеджер ұйым құрылымы өзгеріліп тұратындығын ылғи 
да ойда сақтауы керек: өзгерістер технологияда, қызметкерлер 
біліктілігінде, қоршаған ортада, ұйым мақсатында болып тұрады, 
сол себепті ұйымдастырушылық құрылым уақыт талабына сәйкес 
болуы қажет.
Әр ұйымға бюрократия элементтері кіреді, көп жағдайда 
ұйым соның негізінде құрылады. Тәжірибедегі бюрократияға сын 
көзбен қарау бюрократияны артық қолданудан туған. Ұтымды 
бюрократия принциптеріне сүйеніп құрылған ұйымдарды теори-
яда бюрократиялық ұйымдастырушылық құрылым деп атайды. 
Ал оған тән позитивтік нышандарды бойына сіңірген ұйымдарды 
дәстүрлі немесе классикалық ұйымдастырушылық құрылымдар 
деп атайды.
Бұл құрылымға тән кемшіліктер:
– ережелер, норма, процедураның маңыздылығына артық мән 
береді, бұл ұйымды икемсіз жасайды;
– шыли бюрократтау жаңалықтарды енгізуге қарсы тұрады;
– ұйым клиенттер мүддесінің өзгеруіне барабар жауап беру 
қабілетін тез жоғалтады.
Ұйымның басқарылуын қамтамасыз етуге негізделген бюро-
кратиялық ұйымдастырушылық құрылымдар департаменттеу 
принципін қолданады. Бұл принцип бойынша, ұйым бөлек де-
партаменттерге, яғни бөлімдерге, топтарға бөлінеді. Әр департа-
ментке белгілі және нақты функцияларды атқаруды тапсырады, 
әрқайсының өз ішкі құрылымы болады.


158
Көп пішінді ұйымдар функционалдық департаменттеу прин-
ципі негізінде құрылады: бұл жағдайда ұйым мақсатқа жету-
ге қажет функцияларға сәйкес бөлімдерді құрады. Бірақ бұл 
құрылымға біраз кемшіліктер тән болғандықтан, дивизиондық 
құрылымдар өмірге келді: ұйымның бөлімдері өндірілген тау-
ар түрлері, қызмет көрсетілетін тұтынушылар топтары немесе 
географиялық аймақтар принципі бойынша құрылады.
Функционалдық департаменттеу принципіне сүйенген ұйым-
дар орталықталған ұйымдастырушылық құрылым қатарына 
жатады, ал дивизиондық принципке негізделген ұйымдар ор-
талықталынбаған болып келеді.
Бюрократиялық ұйымдастырушылық құрылымына бейімдел-
ген ұйымдастырушылық құрылымы қарама-қарсы келеді, олар 
ұйым мақсатына немесе қоршаған ортаның нақты жағдайына 
сәйкес бейімделінеді. Бұл құрылымның ішінен жобалық және 
матрицалық ұйымдастырушылық құрылымдарын келтіруге бола-
ды. 
Конгломерат деп өндірісті әртараптандыру негізінде кәсіп-
орындардың біріктіруін айтамыз. Конгломераттың құрамына 
экономиканың әртүрлі саласына жататын, бірақ араларында тура 
өндірістік байланысы жоқ кәсіпорындар кіреді. Конгломераттың 
мәні холдинг түсінігіне жақын: холдинг құрамына да әр пішінді 
кәсіпорындар кіреді, олардың акцияларының бақылау пакеті хол-
динг компаниясына жатады. 
Тәжірибеде теорияда айтылатын ұйымдастырушылық құры-
лымдар бірі де таза күйінде кездеспейді немесе өте сирек 
кездеседі. Күнделікті өмірде ұйымдастырушылық құрылымның 
аралас формасы кең таралған: дара басшылық принципі әр 
ұйымда қолданылады, демек линейлік құрылымның компоненті 
орын алғаны. Сол ұйымда функционалдық ұйымдастырушылық 
құрылымның компоненті де қолданады, өйткені кем дегенде онда 
бухгалтерия болады. Сондықтан тәжірибедегі менеджер бір рет 
және мәңгі-бақи берілетін ұйымдастырушылық құрылым бол-
майды. Үнемі өзгеріп тұратын әлемдегі менеджердің маңызды 
міндетінің бірі – ұйымға тән ұйымдастырушылық құрылымды 
ұдайы жетілдіріп тұруы.


159


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет