Бақылау сұрақтары:
1. Басқарушылық қызметінің жалпы концепциясындағы коммуни-
кациялық үдерістің рөлі, орны мен маңыздылығын қалай бағалар
едіңіз?
2. Отандық нақты ұйымның мысалында коммуникациялық үдеріске
қаншалықты мән беретіні туралы әңгімелеп беріңіз.
3. Қандай коммуникация типтерін білесіз?
4. Коммуникациядағы кері байланыстың мәні мен міндеті неде?
5. Тиімді кері байланысты қамтамасыз ететін шаралар мен құрал-
дарды атаңыз.
6. Ұйымдағы тұлға аралық коммуникацияларға менеджер қалай
ықпал жасай алады?
7. Қазақстан жағдайында ұйымдастырушылық коммуникацияларды
жетілдірудің негізгі бағыттарын сіз қалай белгілер едіңіз?
171
15. БАСҚАРУ МОДЕЛЬДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ҚОЛДАНУШАРТТАРЫ
15.1. Мақсаттық басқару модельдері
Басқару моделі деп ұйымға, басқару объекті ретінде, әсер ету
жүйе негізінде бір-бірімен үйлестірілген әдістер, тәсілдер мен
формалар жиынтығы. Басқару моделінің құрама компоненттеріне:
– менеджер және оның мақсаттары;
– ұйымға әсер ететін жүйе негізінде бір-бірімен үйлестірілген
әдістер; тәсілдер мен формалар;
– менеджердің санасында қалыптасқан ұйым бейнесі;
– қоршаған ортаны сипатын бағалау;
– менеджер амбициясын қанағаттандыратын іскерлік жетіс-
тіктер вариациясы жатады.
Басқару модельдері бір-бірінен өзіне тән логикамен негіз-
делген басқару тәсілдердін қолданумен өзгешелінеді. Сонымен
қатар басқару моделі деп менеджердің көзқарасынан кәсіптік
табысқа жеткізетін тиімді басқару тәсілдерін айтады. Расында,
мұндай анықтама жалпы болып келеді, бірақ оны дәлірек келтіру
өте қиын, сол себепті менеджментте басқару модельдер тоерия-
сы аз әзірленген мәселе болып саналады.
Өндіріс теориясы өндіріс ресурстарын ізделініп отырған
тауарға айналдыру үдерісін бейнелейді. Өндіріс теориясы ре-
сурстарды тиімді үйлестіру жолын іздестіреді. Тиімділік деп
ұйымдастырылған өндіргіш үдерістің нәтижелігін көтеруді
түсінеді. Нәтижені сандық пен сапалық параметрлері арқылы
көрсетіледі:
Сант = f(Сантаб) + f(Саптаб), мұндағы, Сант – тауар саны,
(Саптаб) – табиғи ресурстарының сапасы.
Барлық басқару модельдерінде менеджердің лауазымдық
міндеттерін атқаруынан туатын ерекшеліктері болады, оларды
базалық модельдер деп атайды.
Мақсаттық басқару модельдері
менеджмент тәжірибесінде
кең таралған, өйткені олар кәсіби басқарушылық қызметтің
талаптарына толық және айқын жауап бере алады. Барлық
172
мақсаттық модельдер менеджердің алдына қойған негізгі мақ-
саттарымен, кішігірім мақсаттарымен және осы мақсаттарға қол
жеткізу үдерісінде қолданылатын басқарушылық амалдардың
құрылымдануымен байланысты. Мақсаттық модельдер қатарына:
– ұйымды өзін өзі аман алып қалатын жағдайлармен қам-
тамасыз ету;
– ұйымның сандық және/немесе сапалық жағынан қосымша
өсірілуі;
– ұйымды көшбасшылар қатарына қосу;
– мақсаттар бойынша басқару сияқты төрт тип жатады.
Ұйымды өзін-өзі аман алып қалатын жағдайлармен қамта-
масыз ету моделін
өздерінің қызметтік міндеттеріне формальды
түрде қарайтын консервативті менеджерлер қолданады. Олар өз
мақсаттарын тек қана ұйымда қалыптасқан жағдайда сақтап қалу
деп түсінеді. Ұйым ішінде және оның айналасында болып жатқан
барлық өзгерістерге бейімделу оның табиғи ынталандырады.
Өзінің кәсіби қызметін осы модель негізінде жүргізетін ме-
неджерлер, үлкен мақсатқа жетуге ұмтылысы жоқтығымен
ерекшеленеді. Мұндай менеджер басқарып отырған ұйым
әлдеқашан жеткен позициясын сақтайды, бірақ көнерген ұйым
болып қала береді. Мұндай менеджер өзіне бәсекелес келетін
адамдардан құтылуға тырысады.
Бұл модельді қолдану менеджерге ғана қатысты емес, соны-
мен қатар ұйым сипатымен, мақсатымен, оның айналысатын
қызметіндегі ерекшеліктерімен де байланысты болып келеді.
Көптеген бюрократиялық басқару ұйымдарында – білім беру,
денсаулық сақтау, мәдениет саласында, мемлекеттік басқару ая-
сында – қызмет осы басқару моделіне негізделеді.Менеджер
бұл модельді қолданғанда негізгі мақсаттарын және кішігірім
мақсаттарын анықтайды. Негізгі мақсат қандай жағдайда да бол-
сын ұйымды сақтап қалу болып табылады. Мұндай түсінік ме-
неджерге кішігірім мақсаттарды құрылымдауға мүмкіндік береді.
Бұл модельдің негізін әрекеттердің үш типіне саяды:
– ұйымдағы тәртіпті қатаң қадағалау;
– жоғарғы басшылармен жақсы қатынаста болу;
– сыртқы қоршаған ортаның жағдайын талдап отыру.
173
– ұйымның сандық және/немесе сапалық жағынан қосымша
өсірілуі;
– ұйымның сандық және/немесе сапалық жағынан қосымша
өсірілуі;
– ұйымның сандық және/немесе сапалық жағынан қосымша
өсірілуі;
Ұйымның сандық және/немесе сапалық жағынан қосымша
өсіру моделі
үлкен мақсатқа жетуге ұмтылысы менеджерлер
қолданады. Бұл модельге сүйене отырып менеджер ұйымның
қызметінің негізгі параметрлерін және осы параметрлер ара-
сынан «соққы» берудің негізгі бағыттарын анықтап оларды
құрылымдайды. Мысалы, ол өндірілетін тауар мен оның са-
тылымын ұйым қызметін бағалайтын негізгі параметр ретінде
қарастыруы мүмкін және ол өз қызметін өндірілетін тауар көлемін
арттыруға және оның сатылым көлемін арттыруға бағыттайды.
Бұл басқару моделін қолданған кезде менеджер:
– қол жеткен позицияны міндетті түрде сақтап қалу;
– қол жеткен позицияны күшейту;
– басқарушылық қызметті дамытуда шоғырландырылатын
негізгі буынды анықтау;
– басқарудың жалпы концепциясы бағытына сәйкес жөндеулер
енгізу;
– әзірленген жоспадың іске асырылуын қатал қадағалау сияқ-
ты жағдайларға аса мән береді.
Ұйымды көшбасшылар қатарына қосу моделі
менеджердің
агрессивтік әрекетіне негізделгендіктен, жігері өте күшті менед-
жерлерге тән. Бұл модель менеджерді ірімасштабтық менталь-
ды істерге итереді және ұйымдастырушылық-басқарушылық
әрекеттерді ұйғарады. Аталған модель менеджерді:
– сыртқы ортада мүмкін болатын үйлеспеушіліктерді айқындау
мақсатымен талдау;
– анықталған үйлеспеушіліктерге қатысты бәсекелестердің
әрекеттері мен стратегияларын талдау;
– ұйымның сыртқы ортаға жаңартылған стратегиямен мас-
штабты түрде басып кіруіне жол беретін мүмкіндіктерді анықтау;
– ұйымның жоспарланған әрекеттер нәтижесінде артықшылық-
тарға ие болуы немесе өзіне тән артықшылықтарды талдау;
174
– сыртқы ортаға өндірілген тауарлар және оларды жеткізу
мүмкіндіктері мен артықшылықтарын үйлестіру сияқты әре-
кеттерге шоғырландырады.
Мұндай модельді қолдану ғылыми-зерттеулік және жобалау-
конструкторлау жұмыстарын жүргізуді талап етеді.
Мақсаттық басқару модельдерін
ұйымға тән қызметке және
өндірістік үдеріске қанағаттанбаған менеджерлер жиі қолданады,
ол ұйымның қызмет аясын және өндірістік үдерістің жеке
бөліктерін жетілдіруге тырысады. Еңбек өнімділігін, өндірілген
тауар сапасын, технологиялық үдерістің өзгеруін менеджер жеке
басқару объектілері ретінде қарастырады. Келтірілген басқару
объектілерін менеджер басқарушылық қызметінің мақсаты деп
санайды, сондықтан бұл басқарушылық концепциясын мақсаттар
бойынша басқару модельдері деп аталады.
«Әлсіз дыбыстар» бойынша басқару
шешім қабылдаудың
барабар тәсілдерінің бірі. Әлсіз дыбыс – бұл талдау қызметінің
нәтижесі, ақпаратты өңдеу талдау нәтижесінде жасаған ме-
неджердің қорытындысы, оны сезіп қалу керек. Әлсіз дыбыс –
ол қорытынды, бірақ бұл интуитивті ықпал етуді талап ететін
қорытынды. Әлсіз дыбыс арқылы басқару және оған сәйкес
шешім қабылдау әдісі тәуекел басқару және тәуекел шешім
қабылдау категориясына жататын әдіс болып табылады. Әлсіз
дыбыстар арқылы басқару тәжірибесі мол, жоғары кәсіби және
интуициялық қабілеті аса дамыған менеджерлерге тән.
Достарыңызбен бөлісу: |