Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Өндіріс стратегиясының үш принципі. Бақылау түрлері



Pdf көрінісі
бет64/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80
12.2. Өндіріс стратегиясының үш принципі. Бақылау түрлері
Осы үш принципті, оны «азиаттық өндіріс машинасы» деп 
те атайды, Жапонияда және «жаңа азия жолбарыстарында» 
пайда болған және оларда толық күйінде қолданылады. Олар
құзырлары қанық көрсетілген деп аталатын концепциясына 
негізделеді, яғни мүлтіксіз келесі ережені сақтайды: фирма қай 
затты өзінің бәсекелесінен тәуір жасайды, соған мамандануы ке-
рек. Бұл концепция бәсекеқабілеттігін сақтап қалу жолы ретінде 
пайдаланады. Стратегияның принциптері: 
– барлығын дәл уақытында істеу;
– сапаға кешенді бақылау жүргізу;
– жалпы профилактикалық қызмет көрсету ережелерін сақтау 
болып тұжырымдалады.
«Барлығын да уақытында істеу» принципі фирма шеңберінде 
жоспарлауға аса маңыз беру керектігін білдіреді. Мысалы, Жа-
понияда бұл принципті тәжірибеде енгізгенде материалмен 
жабдықтау күнін емес, сағатын көрсетуге алып келді. Сапаны 
кешенді бақылау принципі өндіруші барлығын алғашқы ретте-ақ 
дұрыс жасау әдетін тудыртуы керек. Осы көзқарас бойынша, са-
паны басқару принциптеріне тек басқарушы кадрлармен шектел-
мей, барлық персоналды үйрету керек. Сапаны кешенді бақылау 
принципі жабдықты дүрмек жөндемей, алдын ала, графикпен 
жөнделуі керек.


149
Бақылауды басқарушы қызметі ретінде жүзеге асыруын әдет-
те, үш кезеңге бөледі:
– бірінші кезеңде нақты алынған нәтижені бағалау стандарт-
тары мен критерилерін белгілейді және нәтижелікті анықтайтын 
көрсеткіштері анықталады;
– нақты алынған нәтижені стандартпен салыстырады және 
ауытқуды белгілейді;
– бақылаудың айқындалған нәтижесімен байланысты менед-
жердің іс бағытын таңдайды.
Бақылау функциясы бар ұйымның мақсатын нақты белгі-
легеннен кейін басталады.
Алдын ала бақылау: 
кейбір бақылау функциялары жұмыс ба-
сталмай кіріскендіктен бүркелген түрде жүреді. Оған:
– ережелерді, процедуларды, өзін ұстау нормаларын іске асыру;
– біліктілік, білім, дағдылар деңгейі (қызметкерлерді алдын 
ала бақылау);
– шикізаттың, материалдың және сол с.с. сапасын немесе стан-
дарттарын анықтау (материал ресурстарын алдын ала бақылау);
– бюджет немесе смета (қаржы ресурстарын алдын ала бақы-
лау) жатады.
Ағымды бақылау – жұмыстарды орындау барысында бақылау 
функцияларын жүргізу. Ағымды бақылау басқару аппараты 
кері байланысты орнатқанда мүмкін болады. Кері байланыс 
бұл жағдайда – жұмыс барысында алынған нәтижелер туралы 
ақпарат. Бақылау үдерісі ағымды жұмыстың орындалу мезетінен
кешігіп тұрады. 
Қорытынды (соңғы) бақылау: алынған нәтижені күтілінгенмен 
салыстыру. Мақсат:
– жоспарлауға қажет мәліметтерді алу;
– қызметкерлердің мотивациясын түзету;
– сыртқы жағдай мен нәтижелердің арақатысын белгілеу;
– тұтынушыларға ақаудың түсуін болдыртпау.
Сонымен, бақылаудың: 
– алдын ала бақылау;
– ағымды бақылау мен кері байланыс жүйелері;
– қорытынды бақылау типтерін ажыратады.


150
Сонымен қатар бақылаудың: 
– қаржылық бақылау, баланс;
– табыс, пайда, зиян туралы есеп;
– ұйымның қаржылық жағдайына өзгерістерді енгізу туралы 
есеп;
– өнім сапасын бақылау сияқты мүмкін болатын формаларын 
ажыратады:
Бақылау мақсаттары:
– сапаны жоғарылату;
– ақаусыз жұмыс істеу;
– жабдықтаушылармен серіктестік (жасырын ақаулар);
– ішкіфирмалық есеп және есеп беру ұйымдағы істердің жағ-
дайын бақылау формасы ретінде.
Бұл жерде бақылауды менеджер ұйымның мақсаттарын 
қамтамасыз ету үдерісі ретінде қарайды. Осы көзқарас шеңберінде 
менеджер ұйымда ақпараттық-басқарушылық жүйені құруға ты-
рысады. 
Сапа мәселесі әрқашанда менеджмент пайда болған уақыттан 
бастап негізгі мәселелердің бірі болып есептелінетін. Бұл 
мәселеге Ф. Тейлор да көп көңіл бөлген. Кейінде сапа мәселесі 
инженерлік-техникалық, ұйымдастырушылық және тіпті, әлеу-
меттік-психологиялық мәселе деп қаралынды. XX ғасырдың 
90-жылдарында дамыған әртүрлі сапаны басқару жүйелері сапа 
инжинирингі теориясына айналды. Сол кезде теориялық және 
тәжірибелік құралдарының күшті жиынтығы қалыптасты. Бүгінде 
көптеген сапаны басқару мен бақылау теориялары ішінен: 
– Management by Quality(MBQ) – Cапаға негізделген менед-
жмент;
– Management by Objectives(МВО) – Мақсаттар бойынша бас-
қару; 
– Total Quality Management(TQM) – Жалпыға бірдей сапа 
менеджменті; 
– Universal Quality Management(UQM) – Әмбебап сапа ме-
неджменті; 
– Quality Management(QM) - Сапа менеджменті;
– Total Quality Control(TQC) – Жалпыға бірдей сапаны бақылау; 


151
– Company Wide Quality Control(CWQC) – Бүкіл компания 
ауқымында сапаны бақылау; 
– Quality Circlis(QC) – Сапаны бақылау үйірмелері; 
– Zero Defect(ZD) - «ноль ақау» жүйесі; 
– Quality Function Deployment(QFD) – Сапа функцияларын 
өрістету; 
– Statistical Quality Control(SQC) – Сапаны статистикалық 
бақылау айрықша көрінеді.
Жапондық фирмаларда сапа үйірмелері маңызды рөл атқарады. 
Уақыт өткеннен кейін осы үйірмелер өзін-өзі басқаратын шағын 
топтарға, жапон фирмаларының қарапайым, бөлінбейтін клетка-
сына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет