Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К



Pdf көрінісі
бет68/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80
Бақылау сұрақтары:
1. Ұйымның басқарылу дәрежесін қалай түсіндірер едіңіз?
2. Не және қандай факторлар ұйымның басқарылуына әсер етеді?
3. Ұйымның басқарылу дәрежесіне менеджердің басқару стилі қан-
дай әсер етеді? 
4. Ұйымның басқару сапасына тікелей қандай нақты факторлар әсер 
етеді?
5. Ұйымдастырушылық мәдениетті қалай түсінесіз және оның құ-
рылымдық компоненттерін атаңыз. 
6. Ұйымдастырушылық құрылымдар типін келтіріңіз. Нақты жағ-
дайда құрылымды таңдау процедурасын қалай қолдануға болады?
7. Нақты ұйымның қызметін талдап, артық бюрократтау мысалда-
рын келтіріңіз. 
8. Тәжірибедегі менеджердің ұйымдастырушылық құрылымды әзір-
леу қызметінің мазмұнын ашыңыз.


160
14. ҰЙЫМНЫҢ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСІ
14.1. Коммуникациялық үдеріс және менеджердің 
коммуникабельдігі
Коммуникациялық үдеріс деп қызметкерлер арасындағы, 
персонал мен басшылар арасындағы, сонымен қатар ұйым 
мүшелері мен сыртқы орта объектілері арасындағы байланысты 
айтамыз. Тек қана байланыс емес, сонымен бірге, бір тұлғаның 
екіншісіне немесе адамдар тобына ақпаратты хабар етуі. Менед-
жерге коммуникабельдік қасиет тән болуы керек, яғни менеджер 
коммуникацияға қабілетті және бейімді болуы қажет. Менед-
жментте коммуникациялық үдеріс мәселесі менеджердің өзінде
болатын мәселеге қарағанда әлдеқайда күрделі болып келеді.
Ұйымдағы коммуникациялық үдеріс басқару аппаратының 
кәсіби деңгеін көрсетеді. Бұл мәселеге бірінші лауазымды тұлға 
мен басқару аппараты қатысының үш нұсқасын келтіруге болады:
– коммуникациялық үдерістің маңыздылығын толық елемеу;
– ұйымның мақсаттарына тиімді жетуге бұл үдерістің маңыз-
ды екендігін мойындау; 
– басқарушылық қызметте бұл үдерістің маңыздылығын ар-
тық бағалау.
Тиімді менеджмент концепциясында бірінші және үшінші 
нұсқалары жалған деп есептелінеді, бірақ басқару тәжірибесінде 
кездеседі. 
Менеджердің тұрғысынан коммуникациялық үдеріс – ол:
– қызметкерлерге ұйым міндеттерін, мақсаттарын және қа-
былданған шешімдердің жеткізу;
– ұйымның ағымды қызметінің жетістіктері, туындаған қиын-
дықтар мен мәселелері және қабылдаған шешімдерінің орында-
луы туралы ақпарат алу құралы;
– қызметкерлердің менеджерлерді түсінуге, оны бағалауға 
және менеджерлерге өзін қоршаған ортаны түсінуіне мүмкіндік 
беретін құрал;
– бағыныштыларға тән әлеуеттен туатын мүмкіндіктерді 
анықтайтын құрал;


161
– ұжымның ұйымшылдығын көрсететін, бағыныштылардың 
ұйым жұмысына қатыстылығын, жауапкершілік сезімін тудыра-
тын құрал;
– қызметкерлерді әртүрлі жолмен ынталандыру формасы;
– ұйымның сыртқы ортасы туралы ақпарат алу;
– қандайда бір инновация табуға, іздеуге деген импульс.
Бағыныштылар тұрғысынан коммуникациялық үдеріс – ол:
– ұйымның мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат алу 
құралы;
– басшыдан тапсырма алу формасы;
– ұйымның ағымдағы жағдайы мен оның келешегін бағалау 
құралы;
– ұйым аясында өзінің комфортты жағдайда болуына әсер 
ететін факторлардың бірі;
– басшылар пен әріптестердің кәсіби деңгейін бағалайтын 
құрал;
– өзін-өзі бағалайтын құрал;
– жеке мақсаттары мен тілектерін қол жеткізуге қолданылатын 
форма.
Коммуникациялық үдерісінің маңыздылығы ең алдымен, адам 
психикасының ерекшелігімен байланысты. Адамның психикалық 
күйі көп жағынан оның көңіл күйінен және оны қоршаған ортаға 
тәуелді болады, бұл мағынада коммуникация шешуші рөл 
атқарады.
Коммуникациялық үдеріс менеджментте байланыстырушы 
үдеріс ретінде бағаланады. Бұл – дәл сол басқарушылық қыз-
меттің барлық элементтерін бір тұтас етіп байланыстырады, 
сөйтіп басқаруды логикаға негізделген және түсінікті үдеріске 
айналдырады. 
Менеджердің коммуникациялық ережесінің мазмұны қа-
рапайым: менеджер орындаушыға оның не жасау керек екенін 
тыңғылықты түрде жеткізуге тиіс. Ал жұмысшының комму-
никациялық ережесі: не істеу қажеттігін анықтамастан, қандай 
нәтижеге қол жеткізу керек екеніне көз жетбей, оны қалай жүзеге 
асыру керектігін анықтамай жұмысқа кіріспеуі керек. 
Коммуникациялық үдеріс пәні болып әрқашан ақпарат табы-


162
лады. Демек, коммуникациялық үдеріске кіріскенде ақпаратты 
алуға немесе оны аударуға болады. Сондықтан тағы бір 
коммуникациялық ережесін белгілеу қажеттігі туады: коммуни-
кациялық үдеріске кіргенде қандай ақпаратты аудару керек және 
қандай ақпарат түріне қажеттілік пен оны алуға тілек пайда бо-
латынын дәл білу керек.
Менеджер қандай жағдайда болмасын ақпаратты таратушы, 
сондай-ақ ақпаратты қабылдап алушы рөлін атқарады. Егер ме-
неджер ақпаратты таратушы рөлін атқаруды өз қалауымен
таңдап алған болса, онда коммуникациялық үдеріске түспестен 
бұрын, өзінің не туралы айтпақшы болғанын толық жеткізу үшін 
ақпараттың мазмұнын айқын анықтап алуы қажет. Ал менеджер 
ақпаратты қабылдаушы рөлін атқаратын болса, ол оны електен 
өткізуі керек.
Менеджментте ақпарат деп, біріншіден, бірдеме туралы хабар 
етуді, екіншіден, сақталу, өңдеу және аудару объектісі ретіндегі 
мағлұматтарды айтады. Кез келген ақпараттың қайнар көзі бар. 
Ақпарат қайнар көзінің сипаты мен ерекшелігіне байланысты 
оны: 
– сенімді және сенімсіз;
– көлемі бойынша жеткілікті және жеткіліксіз (толық немесе 
толық емес);
– ескірген және жарамды (ағымдағы);
– уақытында болған және кешіктірілген;
– кездейсоқ немесе іздестірілген;
– құрылымданған және құрылымданбаған;
– пайдалы және пайдасыз;
– қажетті және қажетсіз;
– тегін және ақы төленетін деп жіктеуге болады.
Менеджерге өзіне алған ақпаратты немесе тарататын ақпа-
ратты бағалап отыруды үйренгені жөн. Бұл менеджердің имиджіне 
де тікелей қатысты. 
Ақпараттық вакуум жағдайында менеджер ұйымды тиімді 
басқару тұрмақ, өзінің лауазымдық міндеттерін орындай ал-
май қалады. Менеджердің негізгі функциясы шешім қабылдау, 
шешімді қабылдауға оны импульс итермелейді, ал импульс 


163
ретінде ақпарат болады. Демек, ақпарат жоқ болса импульс жоқ, 
импульс жоқта шешім қабылдау мүмкін емес. Бұл тұрғыдан 
менеджердің ақпаратты алуы оның шешім қабылдауының алғы 
кезеңі болады. Менеджердің шешім қабылдамауына да алған 
ақпарат итермелейді.
Менеджердің ақпаратқа қажеттілігін құрылымдау үшін келесі 
ережені сақтау керек: әр әзірленетін және қабылданатын шешімге 
өзінің ақпараттық базасы сәйкес болу керек. 
Менеджерге, оның басқарып отырған ұйымға қатысты немесе 
оның өзіне қатысты сыртқы ортада болып жатқан жағдайлар тура-
лы ақпарат өте қажет. Осындай ақпаратты жинау барысында ме-
неджер көптеген ақпарат ағымымен кездеседі, бірақ ол тек өзіне 
қажетті бөлігін таңдап алуы қажет. Бұл жұмысты қалай тиімді 
ұйымдастыру керек? Бұл мәселе қай деңгейдегі менеджердің 
де алдынан шығып отырады. Кейбір ұйымдарда ақпараттық, 
ақпараттық талдау жасайтын бөлімдер құрылып жатады, не бол-
маса ақпараттық, ақпараттық-талдаулық анықтамалар мен бюл-
летеньдер дайындау арқылы осы жұмысты жүзеге асыратын 
орындаушы тағайындалады.
Ақпаратқа деген екінші қажеттілік ұйымды қоршаған орта-
мен байланысты. Әдетте, бұл ақпарат блогына маркетолог не-
месе маркетинг бөлімі жауапты. Менеджерді қоршаған ортадағы 
ұйымның жағдайы алаңдатпай қоймайды. Әдетте, мұндай 
ақпараттық блокқа ұйымның маркетолог, маркетингтік бөлім, жа-
уапты болады.
Ақпаратқа деген үшінші қажеттілік ұйымның ішкі ортасы-
мен байланысты туындайды. Сондай-ақ менеджер ағымдағы 
жағдайларда өзіне ақпараттық қайнар көзі ретінде қажет болатын 
ішкі ортаның объектілерін әрдайым құрылымдап отырады. 
Тәжірибедегі менеджер ақпараттың қайнар көздерімен қалай 
тиімді әрекет ету керектігін біледі: қажетті ақпарат қалай жина-
луы керек, ол ақпаратты кім алуы қажет, ол қалай өңделуі керек. 
Менеджер қандай да бір шешім қабылдау керек, бірақ тиімді 
шешімді қабылдауына ақпараттың жеткіліксіз болатын жағдайлар 
жиі кездесіп отырады. Мұндай жағдайда менеджер шешім 
қабылдау мерзімін кейінге қалдыруы немесе осы жеткіліксіз 


164
ақпаратпен шешім қабылдауы да мүмкін. Теориялық тұрғыдан 
оның екеуі де оптималды нәтиже бермеуі мүмкін. Бірінші 
нұсқада уақыт факторы сынды сипаттама ретінде болуы мүмкін. 
Ал жеткіліксіз ақпаратпен шешім қабылдау тәуекелге бел буу-
мен бірдей, сондықтан, менеджерге осындай жағдайда мәселені 
әртүрлі шешуіне тура келеді. 
Ал, екінші нұсқада тәжірибедегі менеджердің бет алы-
сы шектеулі болады, өйткені уақыт сынды фактор болма-
са да, ақпараттың жеткіліксіздігінені тиімді шешім қабылдау 
ықтималдылығы төмендейді. Жеткіліксіз ақпарат негізінде шешім 
қабылдау менеджердің тағы бір мәселеден құтылуға ұмтылысын 
көрсетеді, бұл асығыстық оның лауазымдық міндеттерін орын-
даудағы төмен кәсіпшілік деңгейін байқатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет