Т. С. Сарбасова Құнанбаева Д.Ә., Жұмамбаев С. К


Басқарудың экономикалық модельдері



Pdf көрінісі
бет71/80
Дата14.09.2023
өлшемі5,78 Mb.
#107731
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80
15.2. Басқарудың экономикалық модельдері
Экономикалық қызмет дегеніміз − максимал жоғары деңгейде 
қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында шектелен ресурстарды 
пайдалану. Осы тұрғыдан: 
– максимал жоғары пайда нормасын қамтамасыз ету моделі;
– нарықтағы үлесін кеңейтуді қамтамасыз ету моделі;
– дағдарыс күйден шығару (зияндық жағдайдан шығарып алу 
моделі);
– пайдасыз жағдайдан шығарып алу моделі (пайдасыз ұйымды 
пайда әкелетін ұйымға айналдыру моделі) сияқты басқару 
модельдерін ажыратады.


175
Максимал жоғары пайда нормасын қамтамасыз ету моделі
ұйым капиталды жинақтауды ең өзекті мәселе деп санаған жағ-
дайда қолданылады. Қарастырылып отырған моделді, капитал-
дың сақталуын ғана емес оның өсу қарқынын максималдауға 
тырысатын ұйымдар қолданады. Басқару қызметінде осындай 
моделді қолданатын менеджер өзінің тәуекелге бел бууға дай-
ын екендігін көрсетеді, сондықтан қандай бір жобамен жұмыс 
істеу кезінде қойылатын негізгі талап – болуы мүмкін тәуекелдің 
деңгейін анықтай білу. Менеджердің бар жігері негізінен сыртқы 
ортаға шоғырландырылады. Бұл жағдайда менеджерді ағымдағы 
пайда нормасынан гөрі болашақта алынатын пайданың нормасы 
қызықтырады.
Нарықтағы үлесін кеңейтуді қамтамасыз ету моделін 
қолданатын менеджер өзінің басқарушылық белсенділігін өз 
ұйымына және тауар нарығына шоғырландырады. Оның мұндағы 
міндеті ағымдағы табысты өндіріске қайта инвестициялау бо-
лып табылады. Осыдан келіп өндірілетін тауарлар көлемі өседі. 
Сондықтан, менеджер өндірілген тауарлардың көлемін сату 
мүмкіндігін ұлғайтуды қамтамасыз етуі керек.
Дағдарыс жағдайдан шығарып алу моделі 
зияндық ұйымды 
пайдасыз ұйымға не болмаса шығынсыз ұйымға айналдыруға 
бағыттайды. Бұл модель:
– ұйымның дағдарыс жағдайға тап болуының себебін анық-
тауға бағытталған талдау;
– санациялар, яғни ұйымды сауықтыру жағдайында жүзеге 
асырылатын шаралар жүйесі;
– санация процедураларының және осы процедураның 
негізінде жатқан шаралардың тиімділігін бақылау сияқты ме-
неджердің әрекетінің үш түрінен құрылады.
Менеджер, ұйым дағдарыс жағдай алдында тұрғандығын 
сезген кезде, осы модельді қолданылады. Бұл модельді тағы 
кәсіпорындарды алып-сатуға мамандандырылған ұйымдарда
қолданады: дағдарыс жағдай алдында тұрған кәсіпорындарды са-
тып алып, сауықтыру шаралары жүргізіледі, содан соң жеткілікті 
деңгейде табыс әкелетіндей бағада сатылады. 
Пайдасыз жағдайдан алып шығу моделі
алдыңғы келтірген 


176
модельдің элементтерін қайталауы мүмкін. Пайданың бол-
мауы менеджменттің дұрыс жүргізілмеуін, ұйымның дүрыс 
басқарылмауын немесе басқарушылық қателіктердің жіберілуімен 
түсіндіріледі. Егер талдау нәтижесі ұйымның пішіні дұрыс 
таңдалғанын көрсетсе, онда пайдасыздық бағалық саясаттың 
дұрыс еместігімен немесе артық шығындардың жоғары болуы-
мен түсіндіріледі. Бұл тұрғыдан менеджер әрекеттері:
– ұйымның ағымдағы тауарлық саясатының перспективтілігіне 
көз жеткізу;
– басқарушылық қатені табуға;
– ұйымның басқару сызбасын тиісті жолмен өзгертуге;
– осы өзгерістердің нәтижесін бақылауға салды.
Менеджер ұйымды басқару кезінде бәсекелестік позицияны 
сақтап қалу үшін барлық кәсіби әрекеттерін қолдануы мүмкін. 
Осы тұрғыдан: 
– фирма-лидер;
– «ізіне түсу»;
– теңқұқылық бәсекелік қатарда болу сияқты 
басқарушылық 
модельдер
тәжірибеде қолданылуы мүмкін.
Фирма-лидер моделі 
менеджерді өзі басқарып отырған ұйымды 
басқа бәсекелесті ұйымдарға тән емес қасиеттермен қамтамасыз 
етуге мақсат қояды. Ұйымға бұндай қасиеттерді беру тек қана 
түрлі инновацияларды енгізу арқылы жүзеге асыруға болады. 
Ұйымға енгізілетін инновациялар тауарға, көрсететін қызметіне, 
ұйым мен тұтынушының арақатынасына, басқару жүйесіне 
немесе өндірістік үдеріске қатысты болуы мүмкін. Нақты бәсеке-
лестік артықшылықтарды қамтамасыз ету үшін инновациялар-
ды енгізу керек, ал ол ҒЗСКЖ ұйымдары аясында үлкен шығын-
дарды талап етеді. Мұндай талаптар және оларды іске асыру 
өндіріс пайдалылығы жеткілікті кезінде ғана мүмкін бола алады. 
Ізге түсу 
моделі менеджерден ең алдымен, ол басқарып 
отырған ұйымды қызмет ету және сыртқы ортамен өзара 
әрекеттесу нәтижесін белгілі деңгейге көтеруді талап етеді.
Теңқұқылық бәсекелік қатарда болу
моделі ұйым өзінің 
теңқұқылық позициясын бекітіп, сақтап қалуын көздейді.
Мұндай жағдайдағы басқарушылық әрекеттер, бір бәсекелестік 


177
қатарда орналасқан бәсекелестердің «өзін-өзі жетілдіруді жыл-
дамдату» қарқынынан қалмауға бағытталу керек. Бұл жағдайда 
осы қатардан бір ұйым «жұлынып алға шығуы мүмкін», бірақ ол 
қысқа мерзімді, уақытша ғана болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет