Т. Я. Эрназаров 2013 ж


-тақырып. Қосылған құн салығының (ҚҚС) салық есебі: ҚҚС бойынша есепке тұру және есептен алып тастау



бет19/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
7-тақырып. Қосылған құн салығының (ҚҚС) салық есебі: ҚҚС бойынша есепке тұру және есептен алып тастау
Тапсырма. 1 Келесі сұрақтарды талқылау
1) ҚҚС объектілері
2) Экспорт және импорт бойынша ҚҚС есепке алу ерекшеліктері
Әдебиеттер:1,5
8-тақырып. Қосылған құн салығы салынатын объектілердің салықтық және қаржылық есебі
Тапсырма. «Искра» ЖШС ай бойы келесі шаруашылық операциялар жүргізілген:

  • сатып алушыға 1780000 теңге (ҚҚС с.і.) сомасына дайын өнім тиелген, соманың 20% аванспен төленген;

  • 510000 теңге (ҚҚС с.і.) сомасына қолма-қол ақшаға дайын өнім өткізілген;

  • қойманы жалға бергені үшін табыс есептелінді 130000 теңге;

  • басқа ұйымнан 180000 теңгеге ақысыз негізінде автокөлік алынды.

Ұйымның жүргізілген шаруашылық операциялары бойынша шоттар корреспонденциясын құрастырыңыз, есептеу әдісін қолданып, табыстар мен шегерімдер сомасын анықтаңыз.
Әдебиеттер:1,5
10-тақырып. Заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысының салық есебі
Жоспар:
1. Корпоративті табыс салығының жалпы сипаттамасы: салық салу объектілері мен субъектілері
2. Салық салынатын табыс: оны анықтау тәртібі
3. Кәсіпкерлік әрекеттен табыстар және олардың түрлері
4. Жиынтық жылдық табысты түзету
5. Жиынтық жылдық табысты қалыптастырудың ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі
Тапсырма. Жиынтық жылдық табысты анықтаңыз, егер тауарларды өткізуден табыс 28,0 млн. теңге, ғимаратты өткізуден табыс 258,0 млн. теңге, ал ЖБТ салықтық кезең соңына 230,0 млн. теңге құрайтын болса.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындаған кезде ЖЖТ-қа құн өсімшесінен табыстың қосылатынын есте сақтау қажет.
Әдебиеттер:1
11-тақырып. Шегерімдердің түрлері және олардың есебі.
Жоспар:
1. Салық Кодексіне сәйкес шегерімге қатысты шығындар түсінігі
2. Нормалар шегінде шығындарды шегерімдерге жатқызу тәртібі
3. Жиынтық жылдық табыстан шегерімге жатпайтын шығындар
4. Жиынтық жылдық табыстан шегерімдердің ағымдағы салық есебін жүргізу тәртібі
Тапсырма 1. Шегерімдер мен шығындар арасында айырмашылық бар ма? Егер бар болса, мысал келтіріңіздер.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырма бойынша жауапта кесте түрінде көрсетіңіздер, онда шығындар мен шегерімдерді бағалау критерийлерін атаңыздар.
Тапсырма 2. Шикізаттың келесі сатып алулары мен шығарылулары 6 ай ішінде орын алды. ТМҚ ФИФО және орта өлшенген құнымен бағалау қажет.
Кесте – Тапсырманы орындау үшін мәліметтер

Мерзімі

Көрсеткіштер

Саны, бір.

Бірліктің бағасы, теңге

02.04.13

Сатып алынды

5000

11

11.05.13

Сатып алынды

900

10

15.06.13

Жіберілді

3450




28.06.13

Сатып алынды

1450

10

17.07.13

Сатып алынды

980

15

25.07.13

Жіберілді

3200




14.08.13

Жіберілді

500




08.09.13

Сатып алынды

850

11,5

23.09.13

Жіберілді

400




Тапсырма 3. Қабылданған уақыт нормаларына байланысты құрал-жабдықты қамтамасыз ету бойынша слесарь өзінің жұмыс сменасы ішінде 10 станоктың жөнге келтіруін және тексеруін жасау қажет. Жұмыс сапасына қауіпсіз өзінің біліктілігінің күшіне ол өзінің жұмыс сменасында 15 станокқа қызмет етуге алады. Слесарьдің айлық тарифтік ставкасы – 10630 теңге, мерзімді-сыйақылы төлем. Жеке еңбек шартына және бұйрыққа қатысты ұйымдастыру бойынша оған қызмет көрсету зонасын үлкейткені үшін 50 % қосымша төлем айлық тарифтік ставкасына 30 % сыйақы бекітілген. Еңбекақыны төлеу туралы ережеге қатысты еңбекақыға сыйақы қызмет көрсету зонасын үлкейту есебімен есептеледі. Қажет: қызмет көрсету зонасын үлкейту бойынша қосымша төлемнің мөлшерін, сыйақы және жұмысшыға еңбекақының дәлелді есептелуін анықтау.


Әдебиеттер: 1,3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет