Т. Я. Эрназаров 2013 ж


-тақырып. Тіркелген активтер бойынша шегерімдердің салық есебі



бет20/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
12-тақырып. Тіркелген активтер бойынша шегерімдердің салық есебі
Жоспар:
1. Тұрақты активтер түсінігі, олардың түрлері
2. Амортизацияланбайтын тұрақты активтер
3. Тұрақты активтер бойынша топтың және шағын топтардың құндық балансын анықтау тәртібі
4. Шекті нормаларға сәйкес жиынтық жылдық табыстан шегерімге жататын амортизациялық аударымдар есебі
5. Тұрақты активтер бойынша олардың шығуы, жалға берілуі нәтижесіндегі өзге де шегерімдер
6. Тұрақты активтерді сатып алуға, сонымен қатар құрылысына алынған несиелер үшін сыйақылар
7. Жиынтық жылдық табыстан шегерілуге тиісті негізгі құралдарды жөндеуге шығындардың салық есебі
8. Тұрақты активтер бойынша амортизация мен басқа да шегерімдер бойынша ағымдағы салық есебін есептеу мен жүргізу
9. Тұрақты активтер бойынша жөндеуге шығындар мен басқа да шегерімдердің КТС бойынша декларацияға қосымшада көрсету тәртібі.
Тапсырма 1. Наурыз айында 644 мың теңгеге 5 компьютер сатып алынды (ҚҚС-пен). Қазан айында 3 компьютер жанып кетті. Олардың 2-уі жөнделді, шығындары – 20 мың теңге құрады (ҚҚС-сыз), ал 1 компьютер есептен шығарылды (бір компьютердің баланстық құны – 97 мың теңге).
Барлық компьютерлер сақтандырылмаған.
Анықтау керек:
1. Есептік кезеңнің басына топтың құндық балансын
2. Есептік кезеңнің соңына топтың құндық балансын
3. Тұрақты активтер бойынша шегерімдерді
4. Жөндеуге шығындар шегерімі
5. Келесі есептік кезеңнің басына топтың құндық балансын
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындаған кезде ІІІ топ бойынша амортизациялық аударымдардың шекті нормасын қолдану қажет.
Әдебиет:1,3
13-тақырып. Салық салытатын табысты азайту және залалдарды ауыстыру
Жоспар:
1. Салықтардың салық есебі
2. Айып-пұлдардың салық есебі
3. Қосымша ақы шығындарының салық есебі
4. Теріс бағамдық айырмашылықтың салық есебі
5. Кәсіпкерлік әрекеттен зияндардың салық есебі және оларды ауыстыру тәртібі
Тапсырма 1. «Самал» Компаниясының жабдықтаушысының бірі ресейлік «Маяк» компаниясы болып табылады. Олар 2009 жылдың 1 желтоқсанына тауарға 5 000 АҚШ доллары көлемінде алдын ала төлем жасады (1 АҚШ долларының бағамы = 132 теңге). Жыл соңына дейін жабдықтаушыдан тауар келмеді. Есеп айырысу кезеңінің соңына қарай нарықтық бағам 1 АҚШ долларына 125 теңгені құрады. Бағамдық айырмашылықтар бойынша шегерімдерді анықтау керек.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындағанда есеп объектісіне: дебиторлық қарызға айрықша көңіл бөлген жөн.
Негізгі әдебиет:1,7


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет