Т. Я. Эрназаров 2013 ж


-тақырып. Заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысының салық есебі



бет24/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
10-тақырып. Заңды тұлғаның жиынтық жылдық табысының салық есебі
Тапсырма 1. Есептік кезеңде «Самал» өндірістік кәсіпорнында келесідей көрсеткіштер бар:
- Өнімді өткізуден түсім - 1 9 780 мың теңге;
- Қоймалық бөлмелерді жалдауға бергеннен табыс - 2900 мың теңге;
- Делдалдық қызметтерді өткізуден түсім - 1 760 мың теңге;
- 20 желтоқсан 2008 жылғы сот шешімі бойынша АҚ «Айбат» жабдықтаушысымен мерзімінде жабдықтамағаны үшін төленген айып-пұлдар мен тұрақсыздар - 1000 мың теңге.
- АҚ «Вымпелге» қатысқаны үшін дивидендтер - 1340 мың теңге;
- ЖШС «Далельге» жіберілген тауарлар үшін қарызгерге айып-пұлдар - 780 мың теңге;
- Мәдениет үйінің қызмет етуінен түскен кіріс - 890 мың теңге;.
- Ағымдағы кезеңде 3700 мың теңге мен 1200 мың теңгеге сатып алынған жер телімдерін сәйкесінше 4300 мың теңге және 1890 мың теңге сомасына өткізді.
- 2006 жылы сатып алынған өнім үшін АҚ «Ақсайға» кредиторлық қарыз 6500 мың теңгені құрады (ҚҚС-пен).
- Қайтарымсыз негізде ЖШС «Веста» бухгалтерия үшін 1750 мың теңге сомасына компьюрлік бағдарлама жасады;
- 2008 жылы күмәнді қарыз ретінде шегерімге жатқызылған, 3000 мың теңге сомасына өнімді өткізуден түсім келіп түсті.
- «АССА» фирмасы 2005 жылы алған 25000 АҚШ доллары (доллардың нарықтық бағамы – 123 теңге) мөлшеріндегі қарыздың 1/2 бөлігін есептен шығарды;
- Жүк көтерімділігі 40 т.-дан асатын карьерлік автосамосвал өткізілді -200 мың теңге
«Самал» өндірістік кәсіпорнының жиынтық жылдық табысын анықтау керек.
Әдістемелік нұсқаулар: Жиынтық жылдық табысқа барлық табыс түрлері тек Салықтық Кодекстің 85 бабына сәйкес қосылады.
Өткізу нысаны:аралас
Әдебиеттер:1,5
11-тақырып. Шегерімдердің түрлері және олардың есебі.
Есептік кезеңде «Самал» өндірістік кәсіпорнында келесідей көрсеткіштер бар:
1.Шикізат, материалдар, қорлардың қалдығы: жыл басына - 2000 мың теңге
жыл соңына - 3 110 мың теңге;
2. Қарасытырлып отырған кезеңде кәсіпорын сатып алды:
-шикізат пен материалдар - 6110 мың теңге;
-компьютерлер мен оргтехника - 1 120 мың теңге;
- екі жеңіл автокөлік - 5500 мың теңге
- Жабдыққа арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандар - 1140мың теңге
- көліктік қызметтер - 670 мың теңге
- кеңселік жиһаз - 330 мың теңге
- ксерокс - 100 мың теңге
3. Ағымдағы кезеңде келесідей шығындар болған:
- кеңсені жөндеуге материалдар жұмсалды - 340 мың теңге
- еңбекақыға шығындар - 3990 мың теңге
- норма шегіндегі іс-сапарлық шығындар - 995 мың теңге
- уақытша еңбекке жарамсыздық пен басқа да әлеуметтік төлемдер бойынша шығындар - 54 мың теңге.
- 10000 мың теңге сомасына, 21 % жылдықпен қайта қаржыландырудың 12 % мөлшерінде алынған несиеге пайыздар төленді;
- меншікке салықтар есептелді - 900 мың теңге, ал төленгені - 850,0 мың теңге
-тәжірибелік-құрастырушылық жұмыстарды орындаумен байланысты шығындар жұмсалды - 560 мың теңге
-Мәдениет үйін ұстаумен байланысты нақты шығындар – 1200 мың теңге;
- кеңсені жөндеуге нақты шығындар -1230 мың теңге
Салықтық кезеңге шегерімдерді анықтау керек.
Әдістемелік нұсқаулар: Шегерімдер әрдайым нақты шығындарға тең бола бермейтінін есте сақтау керек.
Өткізу нысаны:аралас
Әдебиеттер:1,5


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет