Т. Я. Эрназаров 2013 ж



бет22/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
8. Өздік жұмыс тапсырмалары
Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары шегінде сабақтарды жүргізу нысандарына әдістемелік нұсқаулар. ОСӨЖ бойынша сабақтар келесі нысандардың біреуінде жүргізіле алады:
еркін – алдын ала тақырып бөлінбей, студенттердің талқылауы немесе сөз сөйлеуі түрінде;
рефераттық - студенттер арасынан алдын ала өз рефераттарын талқылауға ұсынатын баяндаушылар тағайындалады;
аралас – баяндамаларды талқылау мен баяндау тақырыптары бойынша және берілген тақырыпқа байланысты сөз сөйлеу қатар болады.
1-тақырып. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Тапсырма 1. Келесі сұрақтарға толық жауап беріңіздер:
- Қазақстан Республикасының салықтық заңдылықтарына не жатады?
- Салықтық агенттің міндеттері қандай?
- Салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін құрайтын жеке элементтерін кім жүзеге асырады?
- Салықтық міндеттемелерді орындаудың қандай нысандары бар?
- Салық төлеушінің қандай құқықтары бар?
- Мерзімінде орындалмаған міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің әдісі?
Тапсырма 2. Салықтарға толық анықтама беріңіз.
Тапсырма3. Салық қызметтерін атаңыздар және мысал келтіріңіздер
Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тақырыпты оқымас бұрын, ҚР салықтық жүйесіндегі және салықтық заңнамасындағы өзгерістерді білу қажет.
Өткізу нысаны:аралас
Әдебиеттер:1,4
2-тақырып. Салық есебі және оның есеп жүйесінде алатын орны
Тапсырма 1. Жеке (бөлек) есепті жүргізуді қалай түсінесіз?
Тапсырма 2. Салық есебіне анықтама беріңіз.
Тапсырма 3. Салық есебінің пәніне анықтама беріңіз
Әдістемелік нұсқаулар: Берілген тақырыпты оқымас бұрын, салықтық есеп міндеттерін білу қажет.
Өткізу нысаны:аралас
Әдебиеттер: 1,7
3-тақырып. Салық есебін жүргізу ережелері
Тапсырма. Ұсынылған сұрақтарды зерттеу
1) Салықтық есептік саясатының құрамы, сипаттамасы, құрастыру тәртібі.
2) Салық есебінде қолданылатын әдістер
3) Шағын бизнес субъектілері қолданылатын арнайы салық режимдер
Әдебиеттер:1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет