Т. Я. Эрназаров 2013 ж


-тақырып. Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері



бет21/26
Дата24.04.2023
өлшемі410 Kb.
#85945
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
14-тақырып. Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
Жоспар:
1. Корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді анықтау тәртібі
3. Бюджетке корпоративтік табыс салығын төлеу мерзімі мен тәртібі
4. Төлем көзінен салықты ұстау ерекшеліктері
5. Әкімшілік корпоративтік табыс салығы
Тапсырма 1. Салықтық кезең — 2012 ж.
ЖШС «АВС» Қазақстанның резиденті болып табылады, салықтық кезеңде келесі ақпарат алынған:
1. ЖШС «ABC» құрылғыларды жөндеу бойынша 12000 теңгеге (ҚҚС ескеріп) қызмет көрсетті;
2. 6 ай аралығында ғимарат-қойманы жалға берді. Жал құны келісім шартқа сәйкес айына 100 мың теңге;
3. 31 желтоқсанға ұйымның балансында 120 мың теңге сомасына 2 жыл бұрын қалыптасқан кредиторлық қарыз бар;
4. ЖШС қолданысында болған станок 840 мың теңгеге өткізілді (ҚҚС-сыз). Станоктың баланстық құны – 500 мың теңге. Салықтық кезеңнің басына ІІ «Машиналар мен жабдықтар» тобының құндық балансы – 1500 мың теңге құрады;
5. Өндірістік ғимарат 100000 мың теңгеге (ҚҚС-сыз) сатылды. Ғимараттың бастапқы құны – 18000 мың теңге. Ғимараттың қалдық құны – 9000 мың теңге. Салықтық кезеңнің басына «Өндірістік ғимарат» топшасының құндық балансы – 8000 мың теңге құраған;
6. «Ғимарат-қойма» топшасының құндық балансы салықтық кезеңнің басына 6000 мың теңге құрады. Қойманың ағымдағы жөндеуі 950 мың теңге сомасына жүргізілді;
7. Еңбекақы бойынша шығындар – 5000 мың теңге.
Анықтау керек: Корпоративтік табыс салығының сомасы
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы бірнеше кезеңде орындаңыз:

  1. Жиынтық жылдық табысты анықтау керек;

  2. Салық салынатын табысты анықтау керек;

3) Корпоративтік табыс салығының сомасын анықтау керек.
Әдебиеттер:1,7
15-тақырып. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (ставкалар, салық кезені, төлеу мерзімдері)
Жоспар:
1. Салықтық есеп беру: түсінігі, құрамы және мақсаты
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация
3. Декларацияға қосымшалар және оларды толтыру тәртібі
4. Аванстық төлемдер бойынша есеп айырысу
Тапсырма 1: 11 «Корпоративті табыс салығын есептеу тәртібі және төлеу мерзімі» тақырыбындағы 1 тапсырманың мәліметтері бойынша декларация жасау керек
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырманы орындау үшін типтік нысаны 100.00 корпоративтік табыс салығы бойынша декларация болу керек.
Әдебиет:1,7




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет