Table of Contents тар жол, тайғАҚ кешу роман-эссе (1927) тарту



бет21/53
Дата22.09.2023
өлшемі419,1 Kb.
#109714
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53
Байланысты:
Тар жол, тайғақ кешу. Сәкен Сейфуллин

«ОРЫНБОР 27 (14) ФЕВРАЛЬ
Тоқсан тарау ерсілі-қарсылы саяси партияны қолдаушылар әмән пікір жарысында жүр. Бірі бір жолмен, екіншісі өзге жолмен ұлтты көгерту ниетінде екені газет оқушыларға мәлім. Сол түрлі саясат партиялардың бірі — большевик партиясы.
Патша түсіп, төңкеріс болғаннан кейін, большевиктер өзгелермен бірдей саясат майданына жарысқа шығып, сол уақыттағы «жаңа үкіметке» ынжық, айтқанын негізгі жұмысқа аудара алмай, құры сөзбен желбуаз қылып табаны тесілген, алақаны ойылған сорлы жұмыскерлерді есіне алмайды деп наразылығын сөзбен де, күшпен білдіріп, үкіметті өз қолдарына алу ойында еді. Октябрь жұлдызының ақырына шейін Россияда большевик алмаған атты казактары мол Орынбор мен Дон, Теке, Украинадан басқа жер жоқ еді.
Қалшиып бірнеше заман қайрат қылған, табан тіресіп атысқан Орынборға осы күнде большевиктер қанаттарын жайып, қонып алды. Қалың большевик ішінде 18 январьда Уфа отрядын бастап, Торғай уезінің жігіті, руы қыпшақ, Әліби мырза Жангелдин келіп іске кірісті. Өзіне қолғабысшы қылып Орынборда тұрып жұрт жұмысына ысылған Мұқаммедияр мырза Тұнғашынды шақырды. Мұқаммедияр мырза төрт күндей толғанып, Орынбор мұсылмандарының аға азаматтары мен мекемедегі жолдастары қолай көріп айтуымен комиссардың сөзін қабыл алды, комиссар жұртқа болып қалған оқиғаларды баяндап, жар шақырып, жақын жердегі Ақтөбе азаматтарының бірнешесін телеграмма арқылы Орынборға шақырды.
Телеграмма алып, хат алып хабарланып, тебіреніп отырған мылтықтың оғының астында жатқан Ақтөбе азаматтары ойланып, заманның түрін ойға алып, бірісі ойдан, бірісі қырдан Орынборға құйылды.
Арқада аламан әңгіменің түрін байқай алмай жан-жағына жалтақтап келген азаматтар комиссар Әліби мен Мұқаммедиярдан басқа қазақ азаматтарын Орынбордан көре алмады.
Комиссар мырза Әліби Жангелдин заманның әсерінен әңгіме айтып, көздеген мақсатын, тұтынатын жолын әшкере еткен соң, азаматтар комиссармен қол ұстасып, жұрттың басына түсіп тұрған ауыртпалыққа шара көздеу ниетімен дағдылы жұмысқа кірісетін ырзалық көңілін білдірді. Ақтөбе елі Торғай облысының шетінде Орынбормен шектес қолтығында болғандықтан, әңгіменің асқынатын түрін сезіп: Ырғыз, Торғай уездеріндегі басты адамдарымен телеграмманың кәдірсіз тілі арқылы хабарласты.
Заманаға сай деп сөйлескен азаматтары, бірнеше жұрт басшылары болып өз беттерімен комиссарға келіп дидарласпақ болды.
Осындай заманның аударылып тұрған шағында, жұрт газет хабарына аса мұқтаж екендігін ойға алып, жан-жаққа хабар беріп, жөн сілтеп, нұсқа көрсетіп тұрған «Қазақ» газетінің басында тұрған азаматтардың Орынборда жоқ екенін көріп, жауын тілеген егін қалпындағы жұрттың үмітіне қарсы бару ниетімен Орынборға февраль басында келіп, басын қосқан Ақтөбе уезінің төменде аты аталған азаматтарының өтініші бойынша «Қазақ» газетін шығаруды мен мойныма алдым.
Келген азаматтар мына аты аталғандар: ақсақалдардан — Мырзағұл Қойайдарұлы, Сәрсен Жақыпұлы, Ахметкерей Қосуақұлы. Зиялы жастардан: Есен Нұрмұқамбетұлы, Сағындық Досжанұлы, Нысанғали Бегімбетұлы, Сұлтан Арқабайұлы, Нұрғали Атантайұлы, Задакерей Нұрмұқамбетұлы, Әли Ыбрайымұлы, Ережеп Қойайдарұлы, Қасым Арынғазыұлы, Досмұқамбет Қожабайұлы. Камалиддин Арынғазыұлы, Бақыткерей Кәкенұлы, Қарасай Қойайдарұлы және басқалары.
Заман аударылып тұрған шағында дағдылы жолмен жүру бір бағытқа маңдай қою— қиядағы қиын іс. Сондықтан газет оқушылар заманының құбылуымен есептесу керек.
«Қазақтың» соңғы жүретін жолы — халыққа болып жатқан өзгерістен хабар беру, заманына қарай амал қылу, жол көрсету, сасқанда алдынан шығып жәрдем беру маңайында ғана болашақ...
Әбділхамит Жүндібайұлы»
Бұл мақаладағы комиссар Жангелдин — қазақтан шыққан ең бірінші большевик. Біз тәрізді бір түкпірде жатып совет үкіметін жасасқан емес. Қызылдар мен ақтардың майдандасқан жерінен шығып, өзі сол майданның жуан ортасында болған кісі. Қызылдар әскерінің басында болған кісі. Бұл жолдас Жангелдинді біз газет арқылы әбден қанықпыз. Оны «Алашорданың» барлық газеттері оңдырмай жамандайтын. Мұны жамандағанда «елді бұзғыш, жамандыққа азғырғыш» дейтін. Өзі қазақтан шоқынды, мойнына крес таққан дейтін және поп болып, миссионер болып мұсылманды орыс тіліне кіргізбек болған «бұзық» дейтін.
Біз тек «Қазақ» газетінің осындай сөздерін оқып, Жангелдинді сырттан білетінбіз, «Мына жамандаған сөздерінің жартысы рас болса да, Жангелдин жаман адам шығар», — деп жүретінбіз.
«Алаш» газеттерінің иттің құйрығындай шулап балағаттауына қарағанда бұл бір өте қауіпті адам ғой дейтінбіз. Ішімізден: «Әттеген-ай, әлгі поп болды дегені болмаса, бір өте қажырлы маңызды адам-ау», —дейтінбіз. «Дәл Көлбай тәрізді екен ғой... Көлбай да жылпостығы, тұрлаусыздығы болмаса, аса зерек, өткір адам тәрізді көрінеді...» —дейтінбіз.
«Қазақ» газетінің 1917 жылы 2 желтоқсанда шыққан 253-ші нөмірінде «Жұрт төресі» деген мақалада Бөкейханұлы («Қыр баласы») Жангелдинді жамандап «өзі» жазды... «Торғайға келген Жангелдиннің соңынан жұрт ерсе, олардың 3-ші нөмірлі спискесіне учредительное собрание сайлауында Торғай халқы 41-ақ дауыс берер ме еді.
«Алаш» шемендері газеттерінің беттерінде большевиктерді сөгуді, жамандауды қоймай жатты. Большевик болған аз ғана қазақтарға шашылған топырақ аз болмады. Батпақ әсіресе Жангелдинге, Көлбайға, Тұнғашынға көбірек шашылды. Батпақ шашудың қисыны жоқ тәрізді де емес. Келтірілген сөздерінің жартысы рас болса да дәлел. Бұл жерге «Қазақ» газетінен бір мақала келтірейік.
«Қазақ» газетінің 1917 жылы 2 желтоқсанда шыққан 253-ші нөмірінде «Жұрт төресі» деген мақалада бүйдеген.
Газеттен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет