Таңертеңгі жаттығудың маңызы мен міндеттері



бет18/18
Дата02.11.2022
өлшемі116,62 Kb.
#47006
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Таңертеңгі жаттығудың маңызы мен міндеттері

«Шеңберді қуып жет»
Балалар шеңберді домалатуды тез үйрену үшін, тәрбиеші шеңберді өзі домалатып бір балаға қуып жетуді ұсынады. Шапшаң жүгіріп, ептілігін көрсетіп домалаған шеңберді тез ұстап алуы керек.
«Өзеннен секір»
Алаңға екі сызық сызылады. Арақашықтығы 1,5-2 метр.Бұл өзен. Алты ,сегіз бала сызылған өзеннің бойында тұрады. Олар өзеннен өту үшін сызылған дөнгелек үстінен аттап өтуі керек. Дөнгелектердін арасы балалардың жеңіл секіруіне ыңғайлы орналастыру қажет, 25-30см. Бір уақытта дөнгелек үстінен бір неше бала өтуге болады. Дөнгелектен түсіп кеткен балалар, аяқтарын кептіруге отырады. Ойын қайта жалғасқанда, ойынға қайта қатысады.
«Бақшадаға тауықтар»
Бала тауықтар дөнбек үстінде отырады. Залдын келесі бетінде, баубақша орналасқан. Тәрбиеші күзетші баубақшаны аралап, орындыққа барып отырады. Бала тауықтар тез арада дөнбектен секіріп түсіп, баубақшаға қарай жүгіріп, көкөністерді шұқи бастайды. Күзетші байқап қалып , қолын шапалақтап, тауықтарды «кіш, кіш» деп қуа бастайды. Ойын бір неше рет қайталанған соң, күзетші болып бала сайланады.
«Кегли»
Ойынға кегли қолданылады. Олардын арасын 10-15см дей етіп орналастырады. Балалар 1-1,5 метрден шарды домалатып, кеглиді құлатуға тырысады.
«Допты домалат»
Балаларға түрлі түсті доптарды таратып, 1,5 -2 метр жердегі жалауға дейін допты домалатуды ұсынады. Тапсырманы жақсы орындаған баланы тәрбиеші атап өтеді. Допты екі, үш рет домалатып, себетке жинап салады.
«Шарды көршіне жеткіз»
Балалар шеңбер құрып орындықта немесе кілем үстінде отырады. Тәрбиеші жанында отыраған екі балаға шарды беріп біреуі оңға қарай, екіншісі – солға қарай, бір біріне беріп, кездесіп қалғанда «соғысып қалды» деп орындарынан тұрып «жүгірейік» деп жан –жаққа жүгіреді. Орнына оралған соң « кездестік» деп шарды тәрбиешіге береді. Шарды келесі ойыншыға береді, ойын қайталанады.
«Тауық пен балапандар»
Балалар – балапандар, тәрбиеші – тауық болады. Залдын бір шетінде,50 см биіктікте жіп тартылады, бұл балапандардын үйі. Үйден тауық шығып, балапандарына жем іздейді, «қыт-қыт-қыт» деп балапандарын шақырады. Балапандар жіптің астынан өтіп тауыққа келіп жем шоқып енесімен қыдырады. Тәрбиеші «қара құс» деп айтқанда, балапандар үйіне қарай жүгіреді. Ойын 3-4 рет қайталанады.
«Қоймадағы тышқанадар»
Бала тышқандар орындықта отырады. Қарсы бетте, 40-50см биіктікте жіп тартылады, бұл – қойма. Келесі бетте мысық – тәрбиеші отырады. Мысық ұйықтағанда, тышқандар қоймаға қарай жүгіреді, жіп астынан өтеді, кепкен нан, ірімшік жейді. Мысық оянып тышқандарды қуа бастайды. Тышқандар ініне қарай жүгіреді(мысық тышқандарды ұстамайды, ұстауға жай әрекет жасайды). 2-3 рет ойнағаннан кейін басқа мысық сайланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет