Ортанғы топтарға арналған қимылды ойындар. «Құстар» Балалар гим. қабырғаға мініп тұрады. «Құстар ұшты» деп белгі бергенде, залды айнала ұшады. «Дауыл соқты» дегенде, баспалдаққа өрмелеп шығады. «Дауыл басылды, күн шықты» дегенде, баспалдақтан түсіп, залды айналып ұшады.
«Түлкі мен құстар» Балалар –құстар биікке шығып отырады. Бұл құстардың ұясы. Залдын бір шетінде түлкінің іні. Құстар биіктен жерге келіп қонады, қанаттарын қағып бір жерден екінші жерге секіріп ұшып тамақ іздейді. Нұсқаушы «түлкі» деп дабыл соққанда, құстар өз ұяларына қайта ұшады. Түлкі інінен шығып құстарды ұстауға тырысады. Балалар шапшаң ұшып биікке көтерілуі тиіс.
«Сыйлық» Балалар қол ұстасып үлкен шеңбер құрады, бір бала ортада тұрады. Шеңбердегі балалар мына сөздерді қайталайды:
«Бәріне біз сыйлық алдық,
Кім қаласа, сол алады
Әдемі қуыршақ, сүйкімді құлыншақ
Зырылдауық және ұшақ»
Ортадағы бала аталған ойыншықтардың біреуін атап алғысы келеді, егер ол құлыншақты атаса, балалар шеңбер бойымен атша шауып жүреді, қуыршақты атаса- билейді, зырылдауықты атаса- шыр айналады.
Балалар мына сөздермен қимыл жасайды:
«Құлыншақ шауып келеді,
Тұяқтары тарсылдап
Чок, чок, чок.
Биле, биле қуыршақ
Шолпыларын сылдырап.
Зыр зыр етіп зырылдақ,
Айналады, айналады
Ызылдап тоқтайды.
Аспанда ұшақ ұшады,
Батыл ұшқыш басқарады»
Ортадағы бала жаңа ойыншыны сайлайды, ойын қайталанады.
«Қияр, қияр» Ойын басқарушы бала залдың шетінде тұрады. Ойыншылар жерге жеңіл отырып ,мына сөздерді айтады:
«Қияр, қияр анау жаққа барма
Ол жақта тышқан бар,
Көріп қойса, жеп қояр», сөз аяқталғанда, балалар залды айнала жүгіріп қашады, ойын бастаушы оларды қуалайды белгіленген жерге дейін.
«Көбелекті ұста» Таяқшаның шетіне көбелек, немесе басқа зат байланады. Балалар шеңбер құрып тұрады, нұсқаушы таяқшаны көтеріп шеңбер ортасында тұрады, таяқшаны көтеріп ,түсіріп шеңбер бойымен айналдырады. Балалар биікке секіріп, көбелекке қолын жеткізе ұстауға әрекеттенеді. Бала басын артқа тастамау үшін, көбелекті балалардың алдына қарай көтере айналдыру керек.
«Қояндар» Қоян – балалар үш төрттен шеңбер ішінде тұрады – бұл тор. Тор жерден орындық үстіне көтеріліп қойылады. Нұсқаушы тордың жанына келіп қояндарды шығарады. Тордан шыққан қояндар жүгіріп, секіріп ойнайды. «Торға кіріндер» деп дабыл соғылғанда, шеңбер астынан торға кіреді.
«Ормандағы аю» Залдың бір шетінде аюдың үйі орналасады. Екінші шетінде балалардың үйі орналасқан. Нұсқаушы : «Балалар, келіндер, орманға барайық, жеміс,жидек жинайық.» Балалар шашырап , көбелек қуып, жидек тереді де, мына өлең шумағын айтады:
«Ормандағы аюдың, құлпынайы көп екен
Теріп алып бір бірден, себетке біз салайық.
Аю ұйықтап жатқан жоқ
Сақ болындар, аю тұрды қашындар»
Аю балаларды қуып ,ұстайды. Қолы тиген баланы өзімен алып кетеді.