Таңертеңгі жаттығудың мазмұны мен құрылым жоспары Таңертеңгі жаттығудың мазмұнына алдын-ала сабақтарда балаларға үйретілген жаттығулар мен ұзақ уақыт үйретуді талап етпейтін жеңіл жаттығулар енгізіледі. Таңертеңгі жаттығуда балалар қозғалыстармен жаттығады. Бірақ жаттығулар балаларға жағымды әсер ету үшін қозғалыстың анықтығына, дәлдігіне, олардың жеткілікті түрде жиілігі сақталуы керек.
Жаттығудың бәрі белгілі бір тәртіппен орналастырылады, яғни олар бұлшық еттердің әр түрлі топтарына кезекпен әсер ететендей болуы тиіс. Әдеттегідей, жаттығу шамалы жүруден және жеңіл жүруден басталады, содан кейін барып балалар жалпы жетілдіруші жаттығуларды орындау үшін сапқа тұрады.
Жалпы жетілдіруші жаттығулар мына ретпен іріктеледі: мойынға арналған, қол мен иық белдеудің бұлшықеттеріне арналған жаттығу, тұлға мен аяқтың (еңкеюлер,бұрылулар, отырып-тұрулар, аяқты ілгері,кейін, жан-жаққа сермеулер және т.б.) бұлшық еттерін қатайтатын жаттығулар. Бұл жаттығулар ертеңгілік жаттығудың алғашқы кезінде негізінен түрегеліп тұрып орындалады. Жаттығудан кейін бірқалыпты ақырын жүріс немесе бір орында секіру орындалады. Таңертеңгі жаттығу шамалы жүрумен аяқталады.Ондай кезде марштық сипаттағы әндер қойылуы мүмкін.Бір комплекс 2 апта бойы қайталануы мүмкін. Таңертеңгі жаттығу жазғы маусымда далада,таза ауада немесе жақсы желдетілген бөлмеде өткізіледі.Таңертеңгі жаттығу ұзақтығы,сипаты, мазмұны, жаттығулардың шамасы жас ерекшелігіне байланысты әр түрлі болады.
2 кіші топтағы таңертеңгі жаттығу Бұл жас ерекшелік тобында таңертеңгі жаттығу топ бөлмесінде жасалады. Таңертеңгі жаттығуға топ балалары түгел қатысуына жағдай жасалуы керек. Жаттығудың ұзақтығы 4-5 минут. Таңертеңгі жаттығу комплексі жалпы шынықтыру сипатындағы 3-4 жаттығудан құралады және 3-4 рет қайталанады. Олардың мазмұнына жүру, бір орында тұрып секіру,жүгіру міндетті түрде кірістіріледі. Бірінші жарты жылдықта көбінесе балалардың өткен жылғы үйренген жаттығулары пайдаланылады. Бұл-оларды қайталатуға, нығайта түсуге жағдай жасайды. Таңертеңгі жаттығуда әр түрлі құралдар пайдаланылады:сылдырмақтар, жалаушалар, кубиктер және т.б.