Тақырыбы : «Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында» Бағыты: Қазақстан тарихы Жетекшісі



бет6/14
Дата15.04.2023
өлшемі161,87 Kb.
#82719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
1.2. Ленинград үшін шайқас

Ленинград үшін шайқас – Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы кезіндегі Германия мен Финляндия қарулы күштеріне қарсы Ленинградты қорғаудағы КСРО әскерлерінің әскери қимылдары. Ол 1941 жылдың 10 шілдесінен 1944 жылдың 9 тамызына дейін созылды. Ұрыстар Ленинград облысында, Эстон КСР-де, Калинин облысының батысында және Карел-Фин КСР-нің оңтүстігінде өтті. КСРО-ға қарсы Германия және Финляндия әскерлерімен бірге Испания әскерилері көгілдір дивизияның құрамында және Ладога көлінде әрекет ететін итальяндық флоттың құрамында қатысты. Неміс әскерлері негізгі соққыны Луга арқылы Красногвардейскіге қарай бағыттады. Осымен бір мезетте фин әскерлері Карель мойнағында Петрозаводскіге қарай шабуылға шықты. Жау шабуылына тосқауыл ретінде қаланы қоршай салынған қорғаныс шептерінің жалпы ұзындығы 900 км-ге жетті. Қысқа мерзімде халық жасақтарынан 10 дивизия, көптеген партизан отрядтары құрылып, майдан шебіне жөнелтілді.


1941 ж. тамыз — қырқүйек айларында Ленинград майданының әскерлері аса қиын жағдайда қалып, 10 қыркүйекте армия генералы Г.К. Жуков майдан қолбасшылығына тағайындалды. Ол Балтық флотымен бірлесе отырып, қала қорғанысын нығайтуға көп күш-жігер жұмсады. Ленинград 1941 жылы 8 қыркүйектен 1943 жылы 18 қаңтарға дейін жау қоршауында болды. Қоршаудағы Ленинград сыртқы дүниемен тек Ладога көлі және әуе жолы арқылы байланысты. Қаладағы әскерилер мен жалпы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі қиынға соқты. Қарашаның 20-сынан әр адамға тәулігіне берілетін нанның мөлш. 125 — 250 г-ға дейін төмендеді. 1941 жылы қараша — 1942 жылы қазан айлары аралығында 641803 адам аштан қырылды. Ладога көлінің мұзымен автомобиль жолы (“Өмір жолы” аталды) салынып, қажетті қару-жарақ, азық-түлік, т.б. тасымалданды.
1942 жылы 26 тамызда Жуков Жоғары Бас қолбасшының 1-орынбасары болып тағайындалып, Ленинград қорғанысына басшылық жасады. Немістер Ленинградты қаншалықты ұзақ қоршағанымен (900 күн) қалаға басып кіре алмады. Ленинград үшін шайқас үш жылдан артық уақытқа созылды. 900 күн блокадада болған қалаға Қазақстаннан мыңдаған азық-түлік, оқ-дәрі келіп тұрды. Қазақстанда жасақталған 310-я және 314-я атқыштар дивизия, олар 22 елді-мекенді азат етті. Ленинград үшін шайқасқа пулеметші Мәншүк Мәметова , ол Невель қаласы үшін 1943 жылы қазанда ерлік жасады. Снайпер Әлия Молдағұлова 78 немістің көзін жойды. Оның ішінде 10 жуық снайпер, көпшілігі офицерлер болатын.1944 жылы қаңтарда Казачиха селосы үшін болған шайқаста жекепе-жекке шыққан шайқасқа да барды. 6 рет шабуылға жауынгерлерді көтеруі нәтижесінде жеңіске жетті. . Қайсар, мерген қыз III дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды, ал 1944 жылы ол өлгеннен кейін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылы Ленинград қаласы қоршаудан шықты. Жауынгер қазақстандықтар қоршауда қалған қаланы «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге, «өмір жолын» салуға ат салысты. Қазақстанда құрылған 238 атқыштар дивизиясы Москвадан Шығыс Пруссияға дейін барды.Олар Москваны және Туланы азат етуге қатысты . 2-ші Белорус майданының жауынгерлері қазақтың батыр ұлдары, өздерінің қарулас бауырлары – Есқалиев, Мусин, Мамытов, Қауымбаев, Нұрханов және басқа да батыл қорғаушыларын мақтан тұтады».
1944 жылдың күзінде Кеңес Армиясының әскерлері мықты қорғаныс шекараларын жеңе отырып, Шығыс Пруссияға басып кірді. Атқыштар батальонында 23 жастағы майор – қазақстандық Василий Головченко бірінші болып гитлершілдердің Шығыс Пруссиядағы шекара қорғанысын бұзып өтті, сол үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылдын басындағы әскери жағдай. Ленинград және Новгород түбіндегі неміс фашистік әскерлердің жеңілісі. Кеңес халқы мен онын Карулы Күштері алдында тұрған қиындықтар әлі де зор болды. 1944 жылдың басында фашистік басқыншылардың қолында Беларусь, Литва, Латвия, Эстония, Карел-Финкенестік республикалар, Украина, Молдова және Қырымның біршама бөлігі қалған болатын. Гитлерлік Германияның басты күштері кеңес-герман майданында әлі де болса калды, өйткені Еуропадағы екінші майдан әлі ашылған жок болатын. Кеңес-герман майданында жаудың 236 бөлімшелері және 18 бригадасы болды.
Алайда, Кенес Одағы Қарулы Күштерінің шабуыл жасау әрекеттері күн сайын өсті. 1944 жылы Ленинград және Новгород түбінде ірі 116 операциялар өтті.Осы қорғанысты бұзып жарып және қоршаудан Ленинградты босатуға ұмтылған Кеңес әскерінің әрекеттері ұзақ уақыт бойы сәтсіз болды. Жауды талқандау үшін әскерлерге мұқият дайындалу керек болды. Л.А. Говоров және К.А.Мерецков басшылығындағы Ленинград және Волхов майдандарынын әскерлері Краснознаменный Балтық флотының қолдауымен алғашқы күндері Красный Село, Ропша, Новгород - жаудын қорганыс жасаудағы тірек пункттерін басып алды.1944 жылы қаңтар айының соңына қарай кеңес әскерлері Ленинград және Новгород түбіндегі жау қорғанысын бұзып кіріп, 18-ші неМіс армиясының қапталдағы топтарын талқандады, жау қоршауынан Ленинградты түбегейлі азат етті де батыска және оңтүстік-батысқа қарай шабуыл жасауларын ары қарай дамыта жалғастырды. 900 күнге созылған Ленин қаласының ерлік қорғанысы аяқталды. Ленинград түбіндегі жаудың жеңілуікарсылас жау әскерлерінен Кенес Қарулы күштерінің артықшылығын, ленинградтықтардың өлшеусіз төзімділіктері мен ерен ерліктерінің дәлелі болды.Суык пен аштыққа қарамастан, жаудың Ленинградтық тұрғын халықты үздіксіз бомбалауына қарамастан, екі жарым жыл бойы майдан қажеттіліктері үшін жанқиярлыкпен енбек етті, өздерінін туған каласы Ленинград қорғаныстары бойынша әскери вахтаны алып жүрді.Бүкіл әлем Ленинградты қорғаушылардың каһарман тендесі жок ерліктеріне таң қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет