Тақырыбы : «Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында» Бағыты: Қазақстан тарихы Жетекшісі



бет8/14
Дата15.04.2023
өлшемі161,87 Kb.
#82719
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
Қабетхан Баян ааааа

Әбдіровтің көзсіз ерлігі

Барлығы 17 әуе шайқасына қатысқан Әбдіров жаудың 18 танкісін, 28 жүк көлігін, оның ішінде оқ-дәрі тасыған 18 көлікті, жанармай құйған 3 цистернаны, үш зеңбіректі талқандады. Сонымен қатар бес зенит қондырғысын, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін жайратты. 1942 жылы 19 желтоқсанында соңғы 17-ші жауынгерлік тапсырманы орындауға ұшты. Бұл күні Нұркен Боков-Пономаров ауданындағы дұшпанның көптеген танкі шоғырланған және күшті бекінген шебіне "ИЛ-2" самолеттер звеносын бастап баруға бұйрық алды. Әбдіров жаудың бірнеше дзотын, зенитті артиллериясының екі ұясын, алты танкісін жойды.


Жау жағы да қарап қалмады. Атылған жау оғының бірі Әбдіровтің ұшағына тиіп, ұшақ жана бастады. Ол отқа оранған ұшағын жау әскері шоғырланған тұсқа қарай бағыттады. Осылайша құлдилай құлаған ұшақ ішіндегі Нұркен Әбдіров пен оның қандыкөйлек серігі атқыш әрі байланысшы Александр Комиссаров екеуі жаудың қаншама әскерін қырып, 1942 жылы 9 желтоқсанда ерлікпен қаза тапты.Осы ерлігі үшін Нұркен Әбдіровке 1943 жылдың 31 наурызында "Кеңес Одағының Батыры" атағы берілді.
Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды.
116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта «Қазақ» көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе «Шығыстың 11 батырының төбесі» деп аталады. Қазақстандық Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль атқарды. Сөйтіп, 1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. жерге қуылды.Сталинград шайқасы дәл осылай аяқталды.
Шайқастың маңызы:
Сталинград түбіндегі неміс-фашистік топтарды жою бойынша опе- рацияны К. К. Рокоссовский мен Н.Н. Вороновтың колбасшылығымен кенес әскерлері жүзеге асырды. Сталинградтык шайқас дүниежүзілік тарихтағы ең ірі кеңес әскерлерінің толыктай жеңісімен аякталды. Мұндай жойқын жеңілісті гитлершіл Германия әлі ешкашан басынан өткермеген еді. Сталинград өлшеусіз батырлыктын және кеңес әскерлерінің қаһармандығының символына, кеңес мемлекеті жеңімпаздығының символына айналды. Сталинград түбіндегі шайкастын нәтижесі гитлершіл Германияның әскери куатын, неміс әскерінің жауынгерлік рухын, олардың жеңіске деген сенімдерін түбегейлі жоғалтты. Неміс-фашистік әскер дағдарыстың шынайы шырмауына кірді.
Сондықтан Сталинград үшін шайқас ерекше орын алатын және Кеңес әскерінің рухын көтерген шайқас бола білді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет