Жәнібек Елеусізов ерлігі
1943 жылдың тамызында ең мықты курсанттардың қатарында болған Елеуісов майданға жіберіледі. Сөйтіп, Сумы аймағын, Шостка қаласын жау қолынан азат етуге қатысып, Деснаны, Днепрді алады, сондай-ақ Киевтің солтүстігіндегі Днепрдің оң жағалауындағы көпірді басып алу және аумақты кеңейту ұрыстарына қатысады.
1943 жылы 23 қыркүйекке қараған түні 6-гвардиялық атқыштар дивизиясының 25- гвардиялық атқыштар полкінің пулеметшісі, Қызыл армия әскері Жәнібек Елеуісов алғашқылардың бірі болып Днепрді кесіп өтіп, оң жақ жағалаудағы плацдарманы басып алуға қатысады. Пулеметін қолына алған жас жауынгер жауға қарсы шабуыл жасап, өзінің бөлімшесіне өзенді кедергісіз басып алуына мүмкіндік жасайды.
Құрамында Жәнібек Елеуісов болған полк Днепрге келгенде су шекарасынан өтіп, жаудың қорғанысын бұзып, оны қоршауға алып, жойып жіберуі керек болатын. Сонда 1943 жылы 22 қыркүйекте Жәнібек Елеуісов және тағы екі жауынгер станокты пулеметтерін алып, жиналатын қайықпен тапсырманы орындауға шығады. Бірақ, жау қолы Қызыл әскердің жауынгерлерін байқап қалып, оқ жаудыра бастайды. Сол кезде пулеметші Жәнібек Елеуісов қарсыластың пулеметінің мылтығын бұзып, бүкіл батальонға өзеннен өтуге мүмкіндік ашып береді. Осылайша, қазақ жігітінің ерлігінің арқасында Днепрдің арғы жағындағы Қызыл Армия әскері бұрын-соңды болмаған тұрақтылықты көрсетіп, күн сайын жаудың сегіз шабуылына бір айға жуық уақыт тойтарыс береді. Бірақ, бұл ауыр ұрыста Кеңес жауынгерлерінің күші әлсірей бастап, барлық топтан тек Жәнібек қана қалды. Бірақ ол немістерден жаулап алған шағын плацдармды ұстап тұрып, шімірікпей соңына дейін жазғыз өзі тойтарыс береді. Ал қараңғы түнде фашистердің шабуылы тоқтатағанда, Елеуісов түні бойы оғы таусылған қаруларын оқтап, жау әскері оның бір жерден екіншісіне көшіп жүргенін байқамас үшін әр жерге бес пулемет қойып шығады. Таң атқанда, гитлерліктер қайтадан кеңес жауынгерлері тұрған жерге шабуыл жасаған кезде, Жәнібек жаудың қолы ұрыс алаңын тұтастай бір бөлімше ұстап тұр деп ойласын деп, жауға өзі жалғыз соққы береді. Осылай ол төрт тәулік бойы не демалмай, не тамақтанбай жазғыз өзі жауға тойтарыс берді. Ол төрт күн бойы Днепрдің оң жағалауында жауға қарсы жалғыз шайқасты.
Жаудың шабуылына гранаталар лақтырып, пулеметпен оқ жаудырған Жәнібек күші тең емес бұл ұрыста жеңіске жетті. Сонда рота командирі бастаған сарбаздар қазақ жігітіне көмекке келгенде, 4 тәулік бойы тоқтамай оқ жаудырғаннан қолдары әбден ісініп кеткен Елеусіновты станокты пулеметтің сабын ұстап, әлсіреп жатқан жерінен тауып алады. Сондай-ақ, ол 1943 жылдың 29 қыркүйегінде Киев облысындағы Чернобыль ауданы Плютовище кентінің жанындағы Припять өзенінен де сәтті өтеді. Оң жақ жағалауға жеткен Жәнібек Елеуісов жаудың атыс орнына оқ жаудырып, көпшілігін басып-жаншыды.Бұл сұрапыл соғыста 25-ші атқыштар полкі Припять өзенінің шығыс жағалауына шығып, Чернобылдың оңтүстік шетіне дейін, батыс жағалауға өтуі керек болды. Сол ұрыста фашистер Кеңес әскеріне қарсы психологиялық шабуыл жасай бастады, өйткені олар Қызыл әскер жауынгерлерінің қоршауда қалғанын жақсы білді. Сонда гвардиялықтар қатты әлсіресе де, батыл әрекет ете алды. Сол күнгі қатал ұрыста рота командирі Жихарев қазақ жігітін ең қиын аумаққа жібереді. Елеуісов командир Жихаревтің сенім артқан жауынгері, ол әрдайым оған үмітпен қарайтын. Сондықтан рота командирі оған үлкен сенім артып, қауіпті аумаққа қорықпай жіберетін. Осылайша, құрамында Елеуісов болған бөлімше Яновка қорғанысын да батылдық көрсетіп, екі күн бойы Яновка ауылындағы қорғанысты жау қолына бермей ұстап тұрды. Бұл өте қиын және көп сарбаз көз жұмған ұрыс болды.
Үшінші түні рота командирі Жихарев тағы да Елеуісовты өзіне шақырып алып, оған барлаушы ретінде, бөлімшенің алдында жүруді тапсырады. Қоршауда қалған Кеңес әскері жауға төтеп беріп, аман-есен құтылып шығулары керек болды. Сол күнгі шайқаста Елеуісов роталас жауынгермен бірге орманда жасырынып жатқан қалың немісті орындарынан қозғап, жау қолы өздеріне қарай жақындағанда, пулеметпен және автоматмен оқ жаудырып, жауды қашырады. Бұл шайқаста көптеген адам қаза тауып, жараланды. Сол кезде Жәнібек Елеуісов басынан жарақат алып, терісі жырылып кетеді. Елеуісовтің басынан қан су секілді ағып, бүкіл денесін басып қалса да, ол пулеметін тастатаған жоқ. Ол халінің нашарлай бастағанына қарамай, немістер қыспаққа алмасын деп, жаралы болса да жауға төтеп берді Сөйтіп, ол бүкіл батальонның өзеннен аман-есен, сәтті өтуін қамтамасыз етті. Осылайша, жойқын ұрыстарға қатысып, ерлік көрсеткен Елеуісов батырлығымен ерекше көзге түседі.
1943 жылдың 16 қазанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Киевтің солтүстігіндегі Днепр өзенінен сәтті өтіп, Батыс жағалаудағы көпірді нығайтуға қатысқан және ұрыстарда батылдық пен ерлік көрсеткен Қызыл Армия жауынгері Жәнібек Ақатұлы Елеуісовке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені және «Алтын жұлдыз» медалімен марапатталды.
Жәнібек Ақатұлы Днепр шайқасынан кейін де көптеген ұрыстарға қатысты. Ол Ровенский атын алған және Ленин мен Суворов орденімен марапатталған бөлімшесімен бірге Прага қабырғаларына дейін жетеді.
М. Құсайынов «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты кітапшасында тек Белоруссияның партизан отрядтарында 800-ден астам қазақстандықтар, ал Украинаның территориясында 633 қазақ партизандары болғандығын жəне олардың кейбірін атап өтеді, олар: А. Айсаев, Г. Ахмедияров, Ф. Барабаш, Ж.Саин, Ə. Шəріпов, Қ.Қайсенов, С. Төлешов, Т. Жангелдин, И. Савельев, К. Еремеев, Ф. Озмитель, Н. Көшекбаев
Достарыңызбен бөлісу: |