Тақырыбы: Абай өлеңдеріндегі түр-түс концептісі кіріспе жұмыстың өзектілігі



бет18/21
Дата06.01.2022
өлшемі160 Kb.
#12899
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Абай олендериндеги тур тус

Қоңыр көрер, кем көрер.

(Менсінбеуші ем наданды118 бет)
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,

Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.

(Дж. Байрон –М. Ю. Лермонтовтан132 бет)
Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкен,

Адалдыққа бар елдің зоры Бәкен. (Қыздарға149 бет)
Көркем шығармада түр-түс атауларын қалыптасқан дәстүрлерінде пайдалану бар да, қатып қалған шаблон жоқ. Кейбір қалам шеберлерінің туындыларындағы түр-түс атауларының соншама бай мүмкіншілігіне, оларды құбылта пайдаланғанына таң қалуға болады. Мысалы: «Қойдай қоңыр, қозыдай момын» (“Миллионер” 157 б).

Сары түсінің де қазақ және басқа тілдерде негізгі түстік мағынасынан басқа ауыс мағыналары бар.

Сөздіктерден алынған сөздерді саралау арқылы сары сөзінің нышандық белгісін және түрлі мағыналық ерекшелігін айқындауға мүмкіндік туды. Сары сөзінің алдымен мынадай мағыналық түрлері байқалды: түстік мәні, тоқшылық, бейбітшілік мәні, парасаттылық, толысқандылық, уайым-қайғы мағыналары. Бұлар сары түсінің тілдік таңбалық ұғымын да білдіреді.

Сары түс те о баста күннің, оттың, түсті (алтын, жез, қола, мыс) металдардың бейнесіне, реңкіне байланысты қалыптасқанымен, дами келе табиғаттағы, тіршіліктегі әр алуан құбылыстарға телініп, солардың сыр-сипатын аша түсуге толық мүмкіндік алған түстердің бірі. Дүние жүзі тілдерінің көпшілігінде, соның ішінде, үнді-европа тілдерінде сары түсінің символдық мағынасы – сатып кету, көзге шөп салу, тұрақсыздық тәріздес болып келсе, оның қазақ тіліндегі мағынасы – жақсы мінез-құлық, әдемі қылық, шыдамдылық сияқты ұғымдарды сипаттайды. Сары сөзінің ауыспалы мағынасы тілімізде жағымды, жағымсыз түрдегі таңбалық белгімен көрінеді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет