Алты бақан ала ауыз.
(Сабырсыз, арсыз, еріншек,40 бет)
С Мұқановтың шығармаларында да ала түс осындай мәнге ие:
«Ал, мына баланы өз жеңешем де, өз шешесі де «бөлең» деп таныстырғаннан кейін, ішім жылушырай қоймағанмен, біздің үйде бір жұмадай жатқанда жанжалдаса қойған жоқпын. Оның, тегі, сыпайылық сақтаудан ғана болмау керек, Мүсәпірдің мінезінен де болу керек. «Бір биеден ала да, құла да туады» дегендей, жеңешем менен апасының мінездері бір-біріне қайшы екен: жеңешем-шідері үзген тентек, ал, оның апасы - «қой аузынан шөп алмайтын жуас» («Мөлдір махаббат» 127 б).
«-Ат-шапан айыбым даяр,- деді тағы бір сөйлескенде оған,-әуелде қара басып бір шырмалып қалып, енді босану қиын боп отыр. «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды». Бәріміз бір атаның баласымыз. Бөтендігіміз жоқ. «Ерден кетсе де, елден кетпейді» деген. Сенің қатын алуың менің мойнымда болсын. Ат-шапан айыбына бір қыздың қалыңын мен берейін. Сен «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал». Уызың арылмаған жас жігітсің. Саған қызын кім бермейді? Ал, мен болсам,бұрын үйленген адаммын. Маған қызын жұрт талғап барып береді» ( «Ботагөз» 426 б).
Ала сөзінің тұсау кесуде қолдануы да ерекше назар аудартады. Тұсау кесу - өмір жолының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасалатын ырым. Осы арада баланың аяғына не себепті ала жіп байланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды деген сұрақ тууы мүмкін. Бұған қатысты мәліметті
А.Ғұзыханның «Қазақтардың дүниетанымы» еңбегінен кездестіреміз: «Көпшілік жағдайда тұсау кесуде ала жіп алынады. Ала жіпті пайдаланудың өзіндік мәні бар. Лұқпан хәкімнің айтуы бойынша, өмірде он жұп болады. Солардың бірі – ақ пен қара. Есілген жіптің бір қабаты – ақ, екінші қабаты қара-болып келеді. Жіптің екі қабаты ажырамастай астасып, кезек алмасып, тығыз өріліп отырады. Бұл тоқтаусыз ауысып келіп отыратын күн мен түннің белгісі. Сонымен қоса, жалпы өмір, тіршіліктің ишара тұспалды бейнесі болып саналады. Сондықтан да қазақ халқы ала жіпке киелі деп қарап, айрықша мән берген. «Біреудің ала жібін аттамау» деген сөз көпшілікке түсінікті, кісіге қиянат жасамау мағынасында қолданылады» [11,36-37б].
«Ала жіпті қолдану» ала жіпті аттамайтын адал азамат болсын,пәле жаладан сау болсын деген тілектен туған. Сол жіппен енді-енді апыл-тапыл басуға ұмтылған баланы кәдімгідей тұсап,оны аяғын жылдам басатын адамға қидырады.Жайбасар, сүріншек адамдарға кестіртпейтіні де белгілі.Баланың тұсауы кесілген соң, қолынан ұстап тез-тез бастырады,жүгіртеді,шашу шашылып,тұсау кесер жыры айтылады.Тұсау кесу-адам өмірінің жаңа сатысы,ырым арқылы орындалатын адамның жолын ашудың символы.Тұсаудың негізгі қызметі аттың ұзаққа кетіп қалмауы үшін ат аяғына салынатын құрал екені мәлім. Яғни тұсау-жүруге кедергі болатын зат. Ырымның негізі енді – енді жүре бастаған сәбидің аяғын байлап тұрған тылсым күш бар,соны қиып жіберсе,бала жүгіріп кетеді деген магиялық ұғымнан туған.Адам өмірінде де көп кедергілер болып,жолы болмай жүрген кездері болады. Сондықтан да баланың жолында кедергі болмасын деп,тұсауды қиюы «енді жолы ашық болады,жолы болғыш болады»деп жақсылықты ырымдаудан туған.Бұл ұлт мәдениетінің өзіндік бір көрінісі ретінде бүгінгі күнге де жетіп,жалғасын тауып отыр.Біздің көңіл бөліп отырғанымыз-тұсау кесу салтында ала жіпті қолданудың символдық мәні.
Ала жіптің ендігі бір мәні әйел толғатқанда жасалатын ырым-жоралардан байқалады. Мәселен,әйелді толғақ қысқанда,үй ішіндегі түйінектер шешіледі,сандық т.б.заттардың аузы ашылады. Бұлай ету-толғақты жеңілдету ырымы.Толғақ ауыр болғанда,әйелдің аузына ала арқан салады. Осы ала арқан шылбыр деп аталады.Шылбырды салған соң, «ала жіп,ала жіп бұл кісінің бар жазығын алып біт»деген сөз айтылады.Ескі ұғым бойынша ала жіп Тәңірден жалбарынып сұрап отырған бала жанының,құттың сақталатын орны,мекені,тұратын жері болған.
Ала жіп билік айту үстінде де қолданылады.Араздасқан екі адамды билер татуластырған кезде оларға ала жіп ұстатып тұрып,ортасынан қиып жіберетін болған.Ала жіпті қиюдың мәнісі:егер уәде бұзып,бір-бірімізге жаулық жасасақ,Тәңір бізді жазалап,осы жіптей қиылып қалайық деген ұғымның символдық белгісі.Қазақта ешкімге қиянат жасаған жоқпын деудің орнына, “ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын” дейтіні де сондықтан.Яғни ала жіп-қасиетті ұғымның символы. Ит-құс тимесін,кірмесін деп,қораға ала жіп құрып қоятын салт та осыған меңзейді.
Достарыңызбен бөлісу: |