Зерттеудің нысаны. Абай Құнанбаев шығармаларындағы түр-түс ұғымының берілу сипатын талдау.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты – Абай өлеңдеріндегі түр-түстің танымдық негізде түсіндіру, олардың қолданылу мақсаты мен мазмұнын, қызметін саралау. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылады:
- Қазақ тіліндегі түр-түс ұғымдарын, олардың қазақ танымындағы мәнін, қалыптасу жолдарын айқындау арқылы халық дүниетанымындағы түр-түстердің танымдық мәнін анықтау.
- Абай өлеңдеріндегі түр-түстің қолданысын қазақ халқының мифтік түсінігіндегі түстік белгілердің қызметі арқылы дәлелдеу.
- Түр-түс концептілерінің тілдік құбылыс ретіндегі зерттелуіне тоқталып, олардың қолданылу маңызын қазақ халқының болмысымен сәйкес анықтап, ашып көрсету.
-Түр-түс лексемаларындағы когнитивтік ғылымның белгілерін, оны тілде қолдану үрдісін зерделеу.
Достарыңызбен бөлісу: |