Тақырыбы: Абай өлеңдеріндегі түр-түс концептісі кіріспе жұмыстың өзектілігі



бет15/21
Дата06.01.2022
өлшемі160 Kb.
#12899
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Қызыл балақ қыранның

Балапанын дерт алды.

Көп жасамай, көк орған,

Жарасы үлкен жас өлім. (Немере інісі өлгенде айтқаны,170 бет)
Қызыл балақ қыранның- деген тіркестегі қызыл сөзі мықтылық деген ұғымды үстейді. Мықты болса да балапанының өліміне араша түсе алмайды.

Қызыл түсі қайғы-қасірет, қиыншылық, өлім ұғымының орнына да қолданылады. Мысалы Абайда:


Қыс-қыстаудың – қып-қызыл ол бір пәле,

Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр.(Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,18 бет)

Ақын қыстың қысымын қызыл түс арқылы суреттеп отыр. От, соғыс, қиыншылық қызыл түс арқылы да бейнеленеді. Қорыта айтқанда қызыл түс жастықтың, әдемілік, сұлулық, өткірліктің символы болумен қатар, қатыгездіктің, ашудың белгісін беретін тұстары да бар екен.

Сондай-ақ, қазақ танымында шешек ауруымен жас бала ауырса, сол үйдің шаңырағынан қызыл жалау шығарып қою, үйдің ішіне қызыл мата ұстап, қызылдап қою әдеті болған. Бұлардың бәрі мифологиялық, діни, астрологиялық т.б. наным-сенімге байланысты болса керек. Шешек ауруын түр-түсіне байланысты «қызылша» деп атаған.

Қазақ танымында ерекше күрделі мәні бар түс – ала түс. Ала түс «әр түрлі түсті» деген ұғымынан абстракцияланып, «ынтымақ-бірлігі жоқ, пәтуасыз»деген мәнді білдіреді. Оған тіліміздегі келесі мақал-мәтелдер куә: «Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды»; «От басы ала болса, Кереге бас сайын пәле болар»; «Ала аяқ күніні алпыс аттайды»; «Жылан шаққан адам ала арқаннан аттамайды»; «Адам аласы ішінде, Мал аласы сыртында»; «Ақымақтың ала, құласы болмайды»; «Бір биеден ала да, құла да туады»; «Көздің аласынан сөздің аласы жаман».

Абайда:

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсеқызар, жалмауыз,

Сорлы қазақ сол үшін



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет