Көк бұлттан ашылса.(Адамның кейбір кездері,179 бет)
«Көк судың тоғы болмас» дегенде нәрі жоқ лдеген мәнде жұмсалады. Көк бұлт деген- уайым мен қайғыдан серпілсе, алаңсыз күй кешсе деген ойды ашуға жұмсалады. Ал мына жолдарда көк түсі тура мағынада.
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта. (Көк ала бұлт сөгіліп,180 бет)
Көптің бәрін көп деме, көп те бөлек,
Көп ит жеңіп, көк итті күнде жемек. (Көк тұман –алдындағы келер заман,186 бет)
Адамның мінез ерекшелігін береді. Көк лексемасы түсті білдіріп тұрған жоқ. Көк түсі топтан ерекшелендіріп, дараландырып тұр. Көк бөрі деген тілімізде ұғым бар. Көк – қасиетті, мықты деген ұғымды білдіреді.
Көк түсті киелі санаумен байланысты халық шығысты да қасиетті санап, шығысқа қарап тілек тілеген,киіз үйдің есігін шығысқа қаратып ашқан.Бұның бәрі ұлы«көк»аспан тәңіріне табынудан келіп шыққан. Демек, көк түс-адалдықтың, мәңгіліктің, тұрақтылықтың символы ретінде танылған. Бұл-халық танымының айнасы. Ол халық рухының бет-пердесін, ұлттық рухтың шырқау биікке, жоғарыға, тазалыққа, руханилыққа ұмтылысын танытады.Сонымен қатар тілімізде көк түсі – тек зиялылық, қарапайымдылық, ойлылық, іскерлік т.б. реңктерді білдіріп қоймастан, әр түрлі ойсыздық, сенімсіздік, тұрақсыздық т.б. ұғымдарының белгісін сипаттайтынын айта кетуге болады.
Қызыл түс о баста Күннің, Оттың түсіне байланысты қабылданып, күні бүгінге дейін көптеген халықтар үшін солардың символы ретінде қасиетті түс болып саналады. «Тілдік деректер қызыл сөзінің «әшекей» мағынасында қолданылғандығын көрсетеді, мысалы, «Қыздың көзі қызылда» деген мақал қыздардың – жасылды киімге, ал қызыл моншақ, жалт-жұлт еткен әшекейге құмар болатынын аңғартады. Олай болса, мұндағы қызыл сөзінің арғы негізінде қымбат түсті металл жатқанын байқау қиын емес» [90,175б]. Мысалы: «Қылымсыған қыз қызыл көйлек киеді»; «Ананың көзі қызында, қыздың көзі қызылда» т.б. Сонымен қатар, қызыл түске қатысты мақал – мәтелдер: «Ашуы қысқанның көзі қызарар, Ашуы басылса, жүзі қызарар»; «Қызыл тілден ашығанда у тамар»; «Қиядағы қызыл түлкіні, қияннан соққан бүркіт алар»; «Өнер алды – қызыл тіл»; «Қызыл гүл де қурайды»; «Қисық бұтаққа да қызыл жиде бітеді»; «Қызыл жұлдыз күндіз де, түнде де жарқырайды».
Абайда:
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Қызыл лексемасы - бұл жерде шешен сөз деген мағынада.
Сонымен бірге, қызыл сөзінің «жас,жаңа туған» деген де мәні бар екенін тіліміздегі қызыл шақа, қызыл қарын жас бала т.б мысалдармен қатар тұрмыстық салт-дәстүрлер де көрсетеді. Мысалы, қазақ әдеті бойынша жаңа туған баласы бар үйге қызыл жалау байлаған. Мұны көргендер, атпен, көлікпен қатты жүріп келмеген. Қатты келсе, бала шошып қалады деп ойлаған.
Абай өлеңдеріне келер болсақ, қызыл түсінің символдық мәнінде қолданғандығына көз жеткіземіз.
Мысалы,
Толғауы тоқсан қызыл тіл
Сөйлеймін десең, өзің біл.
Достарыңызбен бөлісу: |