Тақырыбы: Абай өлеңдеріндегі түр-түс концептісі кіріспе жұмыстың өзектілігі



бет5/21
Дата06.01.2022
өлшемі160 Kb.
#12899
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Абай олендериндеги тур тус

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- Абай өлеңдерінде түр-түс концептілері жиі ұшырасады. Жинақталған тілдік деректер түс концептісінің мәнін айқындауға мүмкіндік береді;

- тілімізде түр-түс ұғымдарының танымдық қызметі зор. Әлемнің тілдегі көрінісі түр-түс лексемалары арқылы да жасалғандығын Абай өлеңдерінен анық байқалады.

Жұмыстың құрылымы. Ғылыми жоба екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ТҮР-ТҮС КОНЦЕПТІСІ АРҚЫЛЫ БЕРІЛУІ
Қазақ тіл біліміндегі танымдық бағыттың қалыптасуында этнолингвистикалық зертеулердің мәні ерекше. Атап айтқанда, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Ж.Манкеева, Г.Гиздатов, Б.Қасым, Г.Қосымова, Қ.Жаманбаева, Г.Зайсанбаева, С.Жапақов т.б. ғалымдардың зерттеулерінен когнитивтік бағыт бастау алады. Танымдық ғылымның нысаны болып саналатын таным, тіл мен ақыл, олардың өзара қатынасы сонау көне заманнан пікірталас тудырып келген түсініктер. Тіл мен ойлаудың өзара қатынасы – ертеде философтарды да ойландырған мәселе. Платонның «Кратилі» – тілдің танымдық жағынан ең алғаш философиялық талдауы болды. Платон пікірінше тілдің негізі – атаулардың қоршаған ортаны танып білуде абсолюттік дәлме-дәл еместігінде. Атаулар көмегімен қоршаған ортаны танып білу танымдық құрылымның төменгі сатысын ғана құрайды, ал бұл процестің ең жоғарғы сатысын байқап бағдарлап, мән мағынасын түсіне танып білу болып саналады [2,5 б]. Дүниетаным жеке адамның өмір сүруімен байланысты болумен бірге адамның қоғамдық өмірдегі орнына да қатысты.
Дүниетанымның жинақы көрінер жері – ұлттық дүниетаным. Ұлттық дүниетаным ұлттың бүкіл бітім-болмысымен, қоршаған ортасымен, шаруашылық жүйесімен, табиғат құбылыстарымен тығыз байланысты. Ұлттық дүниетаным түр-түс концептілер арқылы беріледі.

Түр-түске қатысты сөздер «сапалық сын есім» деп аталатын категорияда қамтылды. Қазақ тілінде бұған қатысты мәселелер І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, М.Балақаев, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, т.б. қазақ тілі мамандарының еңбектерінде талданды.

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің тілдік материалдары түр-түс атауларының негізгі доминант (атауыш) мағынасынан басқа да семантикалық ерекшеліктері мен олардың халық дүниетанымына, тіршілігіне қатысты әр түрлі символдық мән-мағыналары да өз алдына зерттеу нысаны бола алатынын көрсетеді. Алайда, түркологияда, қазақ тіл білімінде түр-түс проблемасын жан-жақты, түркі тілдерінің фактілері негізінде тұлғалық-мағыналық ерекшеліктерін аша отырып зерттеген еңбектер көп емес. Түр-түс атауларының семантикалық ерекшеліктеріне алғаш рет көңіл бөліп зерттеген академик А.Н.Кононов болды. Ғалымның осы мәселеге қатысты «Семантика цветообозначений в тюркских языках», «Способы и термины определения стран цвета у тюркских народов», «О семантике слов «ақ» и «қара» в тюркской географической терминологии» атты ғылыми зерттеулері жарық көрді [3]. Қазақ тіл білімінде түр-түс атауларын бұрынғы зерттеулерден мүлдем басқа тұрғыда қарастырып, олардың табиғатына тән ерекшеліктерді халқымыздың тыныс-тіршілігімен, салт-санасымен, эстетикалық талғамымен байланыстыра зерттеп, түр-түстер табиғатын басқа қырынан танытқан ғалым – академик Ә.Т.Қайдар. Ғалым өз зерттеулерінде табиғаттағы түр-түстерге, олардың жер-су атаулары құрамындағы мағыналық ерекшеліктеріне шолу жасай отырып, төрт түлік мал түстеріне байланысты атаулардың семантикалық және этнографиялық сөз орамдарына ұйытқы болуын жан-жақты баяндайды

[4,108 б].



Табиғаттағы түр-түстердің барлығы әрқашанда бір заттың, құбылыстың түрін, түсін, өң-реңкін, сыртқы сипатын ғана анықтаумен шектелмейді. Сонымен қатар, түр-түс атаулары мүлдем түр-түске қатысы жоқ, не одан бүгінде тым алыстап кеткен ұғым-түсініктерді, мән-мағыналарды, жөн-жосықтарды білдіретін де қасиеттерге ие. Солардың бірі – түстердің тілдік таңбалық қасиеті. Тіл біліміндегі символика о баста көне гректердің «символ» (symbolon - «белгілі бір қоғам мүшелері мен әлеуметтік топтар үшін ғана түсінікті шартты белгілер») сөзінен шығып, бүгінде «әр түрлі идеяны, түсінікті, ұғымды, ойды, сезімді, іс-әрекетті білдіретін шартты белгілердің жиынтығы деген мағына береді». «Символдардың» пайда болуына қандай да халықтың болмасын тұрған ортасы, өмір сүру салты, дәстүрі, мәдениеті, жалпы алғанда дүниетанымы әсер етеді. «Символдардың» негізгі қасиеті, өзге таңбалардан ерекшелігі – оның идеалды нысандық мағынасында, яғни физикалық әлемде жоқ объект мәнін құрайтын семантикалық айырмашылығында. Символдың осы қасиеті арқасында адам қажеттіліктеріне жарамды, құнды түсініктер алады. Демек, халық өзін қоршаған әр дүниеге ой көзімен, ұлттық түйсікпен қарап, көңіліне түйіп, модельдендіруге бейім келген. Ал ол тілдің эволюциялық жолмен дамып өрбіген, соның негізінде туындаған символдарда көрініс табады. «Символ» тілдік жүйеде белгілі бір когнитивтік құрылым ретінде ғаламның тілдік бейнесін танытады.

Көк сөзінің тілдік таңба ретіндегі мағынасы: «Ашық аспан тәрізді түс». Ал символ ретінде көк сөзі басқа семантикалық мәнде көрінеді. Ә.Марғұлан көк түс көкке табынудың, аспанның символы екендігін атап көрсетеді. Қазақ ұғымында көк түс – ең таза, киелі, қасиетті түс. Көк түс – аспанға берілген, оның тәңірлік сипаты болған. Түр-түстің бір тобы негізгі номинативтік мағынасына жақын, о бастағы семантикалық байланысын әлі де үзе қоймаған, логикалық қатыстығын түгел жоймаған сыбайлас мағыналар болып келсе, енді бірі – бүгінгі таңда қатыстығы алыс, тіпті мүлдем байқалмайтын, алшақ жатқан мағыналар:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет