Тақырыбы: Абай өлеңдеріндегі түр-түс концептісі кіріспе жұмыстың өзектілігі



бет9/21
Дата06.01.2022
өлшемі160 Kb.
#12899
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Ақ тісің кір шалмас.
Ақ етің үлбіреп,

Өзгеше біткен гүл.

(Көзімнің қарасы,115 бет)

Ақ түстің «киелілік», «қасиеттілік» мәнін әулие - әнбиелерді сипаттауынан да көруге болады. Мысалы, халық ұғымында Қыдыр бабамызды ақ сақалды, ақ сәлделі, ақ шапанды қария ретінде сипаттайды.

Ақ түсті жақсы ниет, ырым, жақсылық деп есептеген қазақтар ырымын да ақ қой сойып бата алу да кездеседі.

Отқа май салынып, келінің беті ашылғаннан кейін сол жақтағы келінді енесі шақырып оң жаққа отырғызады. Сонан соң ортаға ақ бұл тастайды. Оны отырғандар бөліп алады. Мұнадағы мән: бірінші, келінді өзінің қызындай көретіндігін, оның өз қызы отырған қадірлі орынға лайық екенін білдіреді; екінші, ортаға ақ бұл тастау – түтін басынан молшылық, жақсылық үзілмесін дегені.

Ақ түстің «таза» деген тура мағынасымен сабақтас ауыспалы, «басқа нәрсе араласпаған» мағынасының тектілікті, яғни хан, бек, төре тұқымына тәндікті аңғартатын да мәні бар. Мысалы: ақсүйек, ақ орда, ақ үй т.б. ертеректе хан сайлағанда, оны ақ киізге отырғызып, топ алдынан көтеріп өтетін болған. Ақтың бұл-санды мағыналарымен «сұлулық», «келбеттілік», «әдемілік» ұғымдары астасып жатады. Оған тіліміздегі ақ құба, ақ тамақ, ақ мандай, ақ дидар, ақша бет, ақ білек т.б. тұрақты сөз тіркестері дәлел. Осыған қатысты Ш.Уәлиханов: «Киіз үйдің ең сәулетті әсемін ақ боз түсті киізбен жабады, бұл түсті қазақтар басқа түстерден артық бағалайды»,- дейді [8,100].

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет