Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары


Бор бойынша атомның электрон қабаттарының құрылысы



бет24/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)

Бор бойынша атомның электрон қабаттарының құрылысы.
Жарықтың кванттық теориясы негізінде Бор келесідей қорытынды жасады: атомдағы электрондар энергиясы үздіксіз өзгермейді, секіріс арқылы яғни дискретті өзгереді. Сондықтан атомдағы электрондардың кез келген энергетикалық жағдайлары емес, олардың тек бекітілген жағдайлары болады. Басқаша айтқанда, атомдағы электрондардың энергетикалық жағдайлары квантталған. Бір бекітілген жағдайдан екішісіне өту кезінде электромагниттік сәуле бөлінеді не сіңіріледі.
Бор теориясының негізгі қағидаларын постулаттар (постулат – дәлелсіз қабылданатын тұжырымдар) түрінде берді:

  1. Электрон ядроны айналу кезінде тек белгілі орбиталар бойымен қозғалады. Бұл орбиталар стационарлы деп аталады.

  2. Стационарлы орбиталармен қозғалғанда электрон электромагниттік сәулелену бөлмейді.

  3. Электрон бір стационар орбитадан екіншісіне ауысқанда сәулелену байқалады. Сол кезде электромагниттік сәуле бөлінеді немесе сіңіріледі, оның энергиясы атомның соңғы және бастапқы күйінің айырмасына тең.

Соңғы тұжырымдама біршама түсініктемені қажет етеді. Ядро айнала қозғалатын электрон энергиясы орбита ядросына тәуелді. Ядроға жақын орналасқан орбитада электрон энергиясы аз болады. Электронды ядродан алыс орбитаға ауыстыру үшін, электронның оң зарядталған ядромен тартылыс күшін үзу керек, бұл энергияның жұмсалуын қажет етеді. Аталған үрдісте жарық кванты сіңіріледі. Осыған сәйкес айтылған жағдайда атом энергиясы артады да, қозған күйге ауысады. Электронның кері бағытқа ауысуы (алыс орбитадан жақын орбитаға) атом энергиясының азаюына әкеледі, энергия электромагниттік сәуле кванты түрінде бөлінеді. Электронның ауысу энергиясы келесі теңдеумен өрнектеледі:
Е = Еб – Ес ,
мұндағы Еб – бастапқы (ядродан алыс орналасқан) орбитадағы электрон энергиясы, Ес – соңғы (ядроға жақын орналасқан) орбитадағы электрон энергиясы. Планк теңдеуін ескерсек Е=hv, онда hv=Ебс, бұдан v=(Еб –Ес)/h.
Соңғы теңдеу бойынша сәулелердің жиіліктерін немесе толқын ұзындықтарын есептеуге болады, яғни атом спектрін есептеп табуға мүмкіндік бар.
Бор постулаттары классикалық физика ережелеріне қарама –қайшы келді. Классикалық механика тұрғысынан электрон кез келген орбитада қозғала алады, ал классикалық электродинамика зарядталған бөлшектің шеңбер бойымен орбитада сәулеленбей қозғалуын мойындамайды. Алайда бұл постулаттардың дұрыстығын сутегі атомы спектрін есептеу кезінде алынған нәтижелер анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет