Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет20/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)

Тұздардың атаулары.Тұздардың халықаралық атаулары көбірек таралған. Олар екі сөзден: ілік септікте берілген катионның атау септікте берілген анионның атынан тұрады, әдетте, аниондар мен катиондардың саны көрсетілмейді. Ал егер бір металл әртүрлі тотығу дәрежесін көрсететін болса, онда оны жақшаға рим цифрымен көрсетеді. Мысалы, KNO3калий нитраты, FeSO4—темір (II) сульфаты, Fe2(SO4)3— темір (III) сульфаты, NaCl— натрий хлориді.
Қышқылдық тұздардың атаулары анионға гидро қосымшасын, ал егер керек болса, онда сәйкес сандарды қосу арқылы түзіледі NaHSO4—натрий гидросульфаты, КН2РО4—калий дигидрофосфаты.
Негіздік тұздардың атаулары оған сәйкес орта түздың анионының атына “гидроксо” сөзін қосу аркылы түзіледі: A1(OH)SO4—алюминий гидроксосульфаты, А1(ОН)2С1 — алюминий дигидроксохлориді.
Алынуы. Әртүрлі кластардың қосылыстары және жай заттар химиялық әрекеттескенде тұздар алынады. Тұздарды алудың маңызды жолдарын қарастырамыз:
1. Нейтралдау реакциясы:
KOH + HNO3=KNO3+H2O
2. Қышқылдардың негіздік оксидтермен әрекеттесуі.
H2SO4+CuO = CuSO4+H2O
3. Қышқылдардың тұздармен әрекеттесуі:
H2S + CuCl2=CuS↓ + 2HCl
4. Әртүрлі екі тұздың әрекеттесуі:
Na2SO4+BaCl2 = BaSO4↓ + 2NaCl
5. Негіздердің қышқылдық оксидтермен арекеттесуі.
Са(ОН)2 + СО2=СаСО3↓ + Н2О
6. Сілтілердің тұздармен әрекеттесуі:
ЗКОН + ҒеС13=ЗКС1 + Ғе(ОН)3
7. Негіздік оксидтердің кышқылдық оксидтермен әрекеттесуі:
CaO + SiO2 = CaSiO3
8. Металдардың бейметалдармен әрекеттесуі:
2К+С12=2КС1
9. Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі:
2А1 + 6НС1 = 2А1С13+ЗН2
10. Металдардың тұздармен әрекеттесуі:
Fe+CuSO4=FeSO4+Cu
Тұздарды алудың басқа да тәсілдері бар.
Қасиеттері. Тұздар негізінен алғанда катты кристалл заттар
Суда ерігіштігі бойынша оларды ерігіш, аз ерігіш және іс жүзінде ерімейтін деп бөлуге болады.
Азот және сірке қышқылдарының барлық тұздары суда ерімтал. Тұз қышқылының AgCl, Нg2С12-ден басқа тұздары да суда ерігіш.
Тұздардың химиялық қасиеттері олардың металдарға, қышқылдарға және тұздарға қатынасы бойынша анықталады.
1. Стандартты электродтық потенциалдар қатарында әрбір бұрын тұрған металл өзінен кейінгі металдарды олардың тұздарының ерітінділерінен ығыстырады. Мысалы:
Zn + Hg(NO3)2 = Zn(NO3)2 + Hg
2. Тұздар сілтілермен әрекеттеседі:
CuSO4 + 2NaOH=Cu(OH)2↓ + Na2SO4
3. Тұздар қышқылдармен әрекеттеседі:
CuSO4+H2S = CuS↓ + H2SO4
4. Көптеген тұздар өзара әрекеттеседі:
CaCl2 + Na2CO3 = 2NaCl + CaCO3
1—4 реакцияларын жүргізгенде әдетте тұздардың ерітінділерін алады. Түзілетін өнімдердің біреуі реакция сферасынан кететін болса, яғни тұнбаға түссе, газ күйінде бөлінсе немесе аз диссоциацияланатын қосылыс түзсе ғана реакция аяғына дейін жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет