Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет65/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)

Концентрацияны анықтау әдістері
Зерттелетін компонент концентрациясын анықтау үшін аналитикалық шамаларды тура және жанама өлшеу әдістері қолданылады.
Тура өлшеу әдістері. Тура өлшеу әдістері аналитикалық шамалардың концентрацияға тура тәуелділігіне негізделген. Жалпы түрде бұл тәуелділікті төмендегіше көрсетуге болады :
І=кс
I- аналитикалық шаманың интенсивтілігі,
с - анықталатын компоненттің концентрациясы,
К- анализді жүргізетін жағдайға байланысты тұрақты шама.
Физика-химиялық анализ әдістерінің практикасында белгісіз компоненттің құрамын анықтаудың бірнеше жолдары бар.
1. Градуирленген график әдісі. Бұл әдіс бойынша аналитикалық шаманың (жұтылу, сыну коэффиценттері, электрқозғаушы күші т.б.) интенсивтілігі стандардты ерітінділер (5-7) үшін өлшенеді де нәтижелері бойынша градуирленген график І=f(с) тұрғызылады. Ол үшін аналитикалық шама (у) ордината; ал концентрациясы (х) абсцисса осіне салынады. Содан кейін осы жағдайда анализденетін заттың аналитикалық шамасы өлшенеді және градуирленген график бойынша төмендегіше белгісіз заттың концентрациясын табады.

2. Молярлық қасиет әдісі. Бұл әдісті қолданған кезде аналитикалық шаманың интенсивтілігін бірнеше стандартгы ерітінділер (3) үшін өлшейді де, аналитикалық шаманың интенсивтілігі 1 моль затқа пропорционалды болғанда константалардың орташа мәнін есептейді. Содан кейін анализденетін ерітіндінің аналитикалык шамасын өлшеп, пайдаланьп концентрациясын есептейді.
3. Қосу әдісі. Қосу әдісінде анализденетін ерітіндінің аналитикалық шамасыньң интенсивтілігі өлшенеді. Осыдан кейін анализденетін ерітіндіге құрамы белгілі стандартты ерітндіні қосып тағы да интенсивтілігін өлшейді. Алынған нәтижелер бойынша зерттелетін компоненттің концентрациясын төмендегі формула бойынша есептейді:



4. Титрлеу әдісі. Титрлеу әдісінде титранттың кезекті мөлшерін қосьш отырып аншаликалық шаманың интенсивтілігін өлшейді. Алынған нәтижелердің тәуелділігі бойынша график І=f(V) тұрғызылады. Графиктегі қисықтардың қиылысқан жерінен абсцисса осіне перпендикуляр сызықтар түсіріп эквивалент нүктесін табады. Соңынан анализденетін ерітіндінің концентрациясын есептейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет