Молекула — бұл берілген заттың химиялық қасиеттеріне ие болатын ең кішкене бөлшегі. Молекуланың химнялық қасиеттері оның құрамы және химиялық құрылысымен анықталады
Молекула — бұл берілген заттың химиялық қасиеттеріне ие болатын ең кішкене бөлшегі. Молекуланың химнялық қасиеттері оның құрамы және химиялық құрылысымен анықталады. Атом — бұл жай және күрделі заттардың молекулаларының кұрамына кіретін химиялық элементтің ең кішкене бөлшегі. Элементгердің химиялық қасиеттері оның атомының құрылысымен анықталады. Бұдан қазіргі көзқарасқа сәйкес атомға анықтама беріледі:
атом дегеніміз оң зарядталған атом ядросынан жэне теріс зарядталған электрондардан тұратын электробейтарап бөлшек. Қазіргі көзқарас бойынша молекулалардан газ және бу күйіндегі заттар тұрады. Кристалл торының молекулалық құрылымы болатын заттар ғана қатты күйінде молекулалардан тұрады. Мәселен, органикалық заттар, бейметалдар (кейбіреуін қоспағанда), көміртек (IV) оксиді, су. Қатты күйдегі бейорганикалық заттардың көпшілігінде молекулалық құрылым болмайды: олардың торы молекулалардан басқа бөлшектерден (иондардан, атомдардан) тұрады: олар өте ірі дене тәрізді болады (натрий хлоридінің кристалы, кварц друзасы, мыс кесегі және т. б.). Тұздардың, металл оксидтерінің, алмаз, кремний, металдардың молекулалық құрылымы болмайды. Молекулалық құрылымы бар заттардың. атомдарының арасындағы байланысқа қарағанда, молекулаларының арасындағы химиялық байланыс әлсіздеу келеді, сондықтан олардың балқу және қайнау температуралары төмен болады. Молекулалық құрылымы жоқ заттардың бөлшектерінің. арасындағы химиялық байланыс мықтылау, сондықтан олардың балқу және қайнау температуралары жоғары болады. Қазіргі химия микробөлшектер (атомдар, молекулалар, иондар және т. б.) мен макроденелердің қасиеттерін зерттейді.
Химиялық элементтер Атом-молекулалық ілім химияның негізгі түсініктері мен заңдарын түсіндіруге көмектесті. Атом-молекулалық ілімнің көзқарасы бойынша атомдардың әрбір жеке түрін химиялық элемент деп атайды.
Атомның негізгі сипаттамасы сан жағынан элементтің реттік нөміріне тең ядроның оң заряды болып табылады. Ядро зарядының мәні әртүрлі атомдар үшін айрықша белгі болады және элемент түсінігіне толығырақ анықтама бергізеді: