Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары


Бейорганикалық қосылыстардың кластары



бет21/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65
Бейорганикалық қосылыстардың кластары
арасындағы байланыс
Жай заттар, оксидтер, қышқылдар, негіздер және тұздар арасында генетикалық байланыс бар — олар өзара бір-біріне ауысуы мүмкін. Мәселен жай зат — кальций металы — оттегімен қосылу нәтижесінде кальций оксидіне айналады. Кальций оксиді сумен әрекеттескенде кальций гидроксидін түзеді, ал соңғы қышқылмен әрекеттескенде тұзға айналады. Бұл өзгерулерді схема бойынша көрсетуге болады:
Са→СаО→Са(ОН)2→ CaSO4
Мұндай өнімге бейметалдан, мәселен күкірт арқылы жетуге болады:
S→SO3 H2SO4 → CaSO4
Сонымен, әртүрлі жолдармен бір ғана тұз алынды.
Тұздардан бейорганикалық қосылыстардың басқа кластарына және жай заттарға кері ауысуы мүмкін. Мәселен, мыс сульфатынан оның сілтімен әрекеттесуі арқылы мыс (II) гидроксидіне өтуге болады, ал одан қыздыру арқылы — мыс (II) оксидіне, ал соңғыны қыздырып сутегімен тотықсыздандыру арқылы жай зат мысты алуға болады:
CuSO4→Сu (ОН) 2→CuO→Сu
Бір кластың заттарынан екінші кластың заттарын алуға негізделген бейорганикалық қосылыстардың арасындағы мұндай байланысты генетикалық байланыс деп атайды. Бірақ көбінесе заттарды алу тіке жолмен емес, жанама жолмен жүргізіледі. Мәселен, мыс (II) гидроксидін мыс (II) оксиді мен судың әрекеттесу реакциясынан алуға болмайды. Бұл жағдайда әрекеттесу болмайды. Онда жанама жолды қолданады: мыс (II) оксидіне қышқылмен әсер етіп тұз алады, ал тұздан сілтімен әсер етіп мыс (II) гидроксидін алады.
Бейорганикалық қосылыстардың кластары арасындағы генетикалық байланысты схемамен өрнектеуге болады:
Металл→Негіздік оксид→Негіз

Тұз

Бейметалл→Қышқылдық оксид→Қышқыл


Тақырыбы: Атом құрылысы.

Д.И.Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық жүйесі мен заңы.





  1. Атом құрылысы туралы көзқарастардың даму тарихы. Резерфордтың атомдық моделі.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет