Тақырыбы: Қазақстан тарихы бойынша ежелгі жазба деректер Жоспар



бет3/10
Дата13.10.2022
өлшемі52,39 Kb.
#42896
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Деректану

«Тарих-и джахангуша» («Әлемді бағындырушының тарихы») деген еңбегі (1260 ж). Автор Түркістанға, Ұйғырияға, Монғолияға өзі барып, монғолдардың ауызша әңгімелерін пайдаланған. Жувейни Отырарды қоршау, Сырдария бойындағы қалалардың талқандалуы туралы хабарлайды, Шағатай, Жошы, Үгедей ұлыстарының Қазақстан аумағында орналасуы, ХІІІ ғ. ортасында Шағатай ұлысында болған қырқыстар мен бүліктер туралы деректер келтіреді.
Фазлаллах Рашид ад-Диннің «Жами'ат-таварих» («Жылнамалар жинағы», 1310-1311 жж.) деген тарихи еңбегі ХІІ-ХІІІ ғғ. монғол және түрік тайпаларырының тарихы жөніндегі елеулі еңбек болып табылады. Рашид ад-Дин шығармасының негізіне ресми монғол хроникалары, монғолдар жаулап алған елдердің тарихи шығармалары, оқиғаларға қатысушылардың материалдары алынған. Әдет-ғұрыптар, діни наным-сенімдер, көшпелі тұрмыс туралы, түрік және монғол тайпаларының орналасуы туралы мәліметтер алуан түрлі. «Жылнамалар жинағының» екінші томында тайпалардың этникалық құрамы, Қазақстан монғол ұлыстарының құрамына кірген кездегі оның топонимикасы, тарихи географиясы, саяси тарихы жөніндегі деректер, Орда-Ежен ұлысының тарихы, Жошының басқа да ұрпақтарының генеалогиясы жөніндегі мәліметтер келтірілген.
Рашид ад-Диннің мәліметтері бұл тақырыпты кейінгі уақытта дамытқан көптеген авторлар үшін негіз болды. Олардың ішінде беймәлім автордың 1426-жылы Темір ұрпағы Шахрухтың тапсыруы бойынша жазылған және Жошы ұрпақтарының генеалогиялық тармағы, атап айтқанда, Ұрұс хан мен оның ұрпақтарының шежіресі келтірілген «Муиз әл-ансаб фи шаджарат салатин могул» деген еңбегін атап өткен жөн.
2. Темір әулеті мемлекетінің тарихына байланысты жазылған шығармалар. XIV-XV ғғ. Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін нарративтік тарихи еңбектер негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. Оларда Темір мен оның ұрпақтарының көрші елдер мен халықтар жөніндегі саясаты ғана көрсетіліп қоймай, сонымен қатар олардың ішкі саяси, шаруашылық, этникалық-мәдени өмірі жөніндегі материалдар да көп.
Зерттеушілер әмір Темір әулетінің уақыты туралы түпнұсқа деректерді екі топқа бөледі. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазылған деректер жатады. Низам ад-дин Шамидің, Шараф ад-дин Әли Йаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар – бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Еуропаның басқа да саяхатшылары жатады, сондай-ақ әмір Темір бағындырған елдердің өз еңбектерінде оның басқыншылық саясатын бейнелейтін авторлар (армян, грузин деректері) жазған. Темірдің саясатына теріс сипаттама берген араб авторлары Ахмед ибн Мұхаммед ибн Арабшах, әл-Айни, әл-Асади соңғы топқа жатады.
Хронологиясы жағынан әмір Темірдің іс-әрекеттері туралы хикаялардың негізін салған алғашқы еңбек Низам ад-дин Шамидің

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет